Қосымшалардың жалғануы



бет3/5
Дата26.11.2023
өлшемі250,71 Kb.
#193516
1   2   3   4   5
Байланысты:
8-9-10-лекция

Есімше


Бірде есім, бірде етістік қызметінде жүретін етістіктің ерекше формасы. Есімшенің сөйлемдегі негізгі қимылды білдірмей, жанама қимылды білдіріп, (атрибутивтік) анықтауыш қызметінде қолданылуы оның заттың белгісін білдіретін сөз табына, қызметі жағынан сын есімге ұқсастығын туғызған.
Есімше жұрнақтарының қызметі – өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау. Есімше жіктелгенде, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады, бірақ етістіктер сияқты емес, есімдер сияқты жіктеледі.

Есімшенің есімдерге тән белгілері


Есімшелер есімдер сияқты көптеледі, септеледі, тәуелденеді.
Сын есімдер сияқты есімшенің де сөйлемдегі негізгі қызметінің бірі –анықтауыш.
Есімше де сын есім сияқты анықталушы сөзінің алдында тұрады. Ерекшелігі: сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше заттың іс-әрекетке байланысты көшпелі, динамикалық белгісін білдіреді.
Есімшелер де есімдер сияқты болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы білдіре алады (барған жоқ, барған емес).
-ма, -ме жұрнағы арқылы да білдіреді (бармаған)

Есімшенің етістікке тән белгілері


Етістікке тән барлық категориялардың формаларын қабылдап, түрлене алады (көрген –шақ категорясы; көрінген – етіс категориясы; көрмеген – болымсыздық категориясы; көргенмін – жақ категориясы).
Етістіктер сияқты заттың іс-әрекетін, жай-күйін білдіреді, яғни заттың динамикалық белгісін білдіреді.
Етістік сияқты шақ категориясымен ерекшеленеді, салт, сабақты болып бөлінеді.
Есімшелер жеке тұрғанда үшінші жақтық мағынаны білдіреді.
Есімшенің жасалу жолдары
Болжалды келер шақ
-ар,-ер,-р,-с,
Мақсатты келер шақ
-мақ,-мек,-бақ -бек,-пақ,-пек
Ауыспалы келер шақ
-атын,-етін,-итін
Өткен шақ
-ған,-ген, -қан,-кен
Есімше жұрнақтары негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғанады.
Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет