Табиғат аясындағы –Құстарға ұя салу
Темір күрек –ересек топтағылар үшін – 75 см, мектепке даярлық тобындағылар үшін – 80 см, күректің темір басы – 15-13 см; ағаш немесе темір тырмалар –ересек топтағы балалар үшін – 100 см, мектепке даярлық тобындағылар үшін 110 см; тырманың тарағы – 20-22 см, оның тісінің саны 7-9, ұзындығы – 5-7 см; кішкене қалақтар – саптысының ұзындығы – 16-20 см, басы – 8-10 см; шелектер мен су сепкіштер – сәбилер тобының балалары үшін ойыншықтарды пайдалануға болады; естиярлар тобы үшін оның биіктігі 14 см, түбінің диаметрі 10 және 14 см, суымен бірге алғандағы салмағы олардың көлемінің 2/3 бөлімі – 1000 г; ересек және мектепке даярлық топтарының балалары үшін биіктігі 16 см, диаметрі – 10 және 16 см, суымен бірге алғандағы салмағы 2/3 бөлімі, көлемі – 2000 г; зембілдер – платформасының сабымен бірге ұзындығы 100-110 см, платформасы 20х30 немесе 25-35 см, жиегінің биіктігі – 3-4 см.
Ересек топтың балалары көтеретін салмақ – 3 кг, мектепке даярлық тобындағы балалар үшін – 4 кг; қол арба (тачка – ұстайтын сабымен бірге ұзындығы – 100-110 см, екі сабының ара қашықтығы – 35 см, бүйір қабырғаларының (қанаттары) ұзындығы – 30-40 см, доңғалағының диаметрі – 12 см; этикеткалары – дақылдардың суреті салынған фанер тақтайшалар, аумағы – 20-30 см; масақ гүлі – 30-50 см; өлшейтін таяқшалардың ұындығы – 25 см, 5 см-ден бөлінеді, әр түрлі болып боялады.
Балалар тобына арналған құрал-саймандар санының шамасы
Күрек – 12, тырма – 12, имек темір мен қалақтар – 15-20, сыпырғыш – 8-10, шелек – 12, су сепкіш – 12, зембіл – 4-6, қол арба – 4-5, дақылдар санына қарай этикеткалар, масақ гүлі – 20-30, метрлік сызғыш –2, жіп немесе бау –40 м
Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске – балабақшадағы оқу-тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база болып табылады.
Қорытынды
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды табиғатпен таныстыра отырып,оларды бақшадағы еңбек пен бақылауға баулу" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында ұйымдастырылған оқу қызметі өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме жанында орналасқан бақша әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Қорыта келе, бақшада және гүлзарда бақылау мен еңбекті ұйымдастыру балаға табиғаттың күрделі екенін, өлі және тірі бөліктен тұратынын, тірі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі деп бөлінетінін, адам сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұғындыруымыз үшін ең тиімді әдіс болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы білім беру еңбек пен бақылаулармен ұштастыра жүргізілсе ғана нәтижелі болмақ.
Балабақшадан бастап қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, табиғаттағы еңбекке араласып тәрбиеленген бала келешекте табиғат қамқоршысы болатыны сөзсіз.
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |