Әр жас топтарында жер учаскесінде бақылау жұмыстары
Бақшада балалар тәрбиешінің басқаруымен өсімдіктердің ерекшелігін, жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір байланыстарды анықтай алады. Осының бәрі мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы білімін кеңейтеді, білуге құмарлығының артуына ықпал етеді, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуіне негіз болады. Бақшада бақыланатын заттар мен құбылыстардың саны көп болмауға тиіс (сәбилер тобы үшін – 1-2, естиярлар үшін – 2-3, ересектер үшін –3-4). Бақшада балаларды бақылауға ұйымдастыру әрқашанда оңай емес
Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен сәбилер топтарындағы балаларды ауа райын, үй жануарларын, құстарды бақылауға тартуға болады. Бұл бақылаулар аз уақыт алады, бірақ жиі қайталанады. Естияр топтарда аз уақыттық бақылаулардан басқа, ұзағырақ бақылауларды да ұйымдастырады, мысалы, бақшада егілген немесе отырғызылған өсімдіктердің өсуі мен дамып жетілуін бақылау. Ересек және мектепке даярлық топтарында ұзак бақылаулар көбірек орын алады: балалар өсімдіктің тұқымынан өсуін, жәндіктердің пайда болуын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді т.б. қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |