ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІК!
Жер учаскесіндегі көгалдандыру жұмысы
Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе-күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының алаңында гүлдік, декоративтік (әсемдік), жемістік, жидектік және көкөністік өсімдіктер, сондай-ақ балалар ойнай алатындай шөп те болуы керек. Балабақшаның топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады.
Күрделердің (беседка), көлеңке түсіргіштердің және басқа құрылыстардың маңына шырмауық секілді өсімдік тұқымын себеді. Бақша дақылдары үшін ашық, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе бұталармен қоршалған орынды таңдап алған жақсы. Жеміс ағаштары мен жидек түптерін қалқалы ылдиға немесе жазық орынға, су жиналмайтын жерге отырғызады. Учаскедегі жол балалар өсімдіктерді басып жаныштамайтындай кең (1-2 м) болуы тиіс. Гүлбақшадағы клумбалардың және бақшадағы жидектердің ара қашықтығын 50-60 см етіп жасайды. Жер учаскесінде ұсақ жануарларын (үй қояндары, тауықтар) асырайтын орындар және ұшып келетін құстарды бақылау үшін жем салынған ыдыстар бар құстардың үйшіктері мен алаңшалары болуы тиіс.
Еңбек құралдары
Жер учаскесінде жұмыс істеу үшін балалардың шамасы келетіндей көлемде ауыл шаруашылық құралдары болуы керек. Күректер мен қалақтарды қалыңдығы 1-2 мм темірден немесе қалыңдығы 1 мм жақсы болат қаңылтырдан дайындайды; шелектер мен су сепкіштерді (түбі көтеріңкі) іші мен сырты майлы бояумен боялған жұқа мырышпен қапталған темірден немесе жезден жасайды. Зембілдер мен кішкене қол арбаларды жұқа тақтайдан жасайды. Түзу, тегістеле жонылып, кептірілген қатты ағаш күректерге, тырмалар мен қалақтарға жақсы сап бола алады. Жұмыстан кейін, ауыл шаруашылық құралдарын топырақтан әбден тазалап, құрғақ жерге (сарайға, қораға) апарып қояды. Су сепкіштер мен шелектерді де осы жерге, шегереге іледі. Күректерді арнайы доңғалақты тіреуіштерге орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |