Бақшада күзгі табиғатқа бақылау жасау
Күзде:
Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады
Бақылау алдында балалармен әңгімелесу керек. Балалармен бірге олар жазда бақшада барғанда не көргендерін еске түсіру қажет.
Бақшаға барарда жолда ауа райы жағдайы (ашық, қара бұлтты, тымық, желді) туралы әңгіме өткізуден бастау керек.Бақшада жапырақтардың алтындай реңінің қарағайдың, шыршаның жасыл қылқанымен және көгілдір аспанмен әдемі үйлесуіне балалардың назарын аударумен жалғастырамыз. Әр түрлі ағаштардың жапырақтарының түсі түрліше болатынын атап көрсету керек. Балаларды қайың, үйеңкі, терек маңына әкелу. Бұтақтардағы жапырақтардың сирей бастағанын көрсету. Бұл ағаштардың жапырақтарын қарап көру және оларды түсі, пішіні бойынша салыстыру. Балаларға бұтақтардан қандай жапырақтардың үзіліп түсіп жатқанын және олардың жерге қалай қалықтап түсетінін, жапырақтардың қалай сыбдырлайтынын тыңдап көруді бақылауды ұсыну керек.
Күзгі табиғатты бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |