«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С. МӘуленов атындағы гимназия»ММ



бет3/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,66 Mb.
#15053
1   2   3   4

Баяндама № 5

Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. 


Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. 

Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. 

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата - аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми - техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады. 
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік , тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.


  Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым - қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық , тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге,өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз - жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегенмен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, оларды шешу қоғамның құзырында. 
  Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы - шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
  Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздық салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс - жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады. 

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.


Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет - әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әр түрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

Жиналыстының тақырыбы: «Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері»

Міндеті:

1.  Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;

2.  Ата-аналардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.

3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту. 

В.А.Сухомлинский: «Өз балаларыңызды  сүйе отырып,  оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз – қартайған шағыңызда көз жасыңызды  төгесіз»  

«Отбасы тәрбиесінің  ерекшеліктері»

Мақсаты: ата-аналарды  бала тұлғасының  қалыптасуындағы  психологиялық - педагогикалық  құзыреттіліктерді  дамыту бойынша  мәліметтендіру.

Міндеті:


1.   Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;

2.   Ата-аналардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.

3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту.

Бала – ол мәңгілік жол. Адамзат тұқымының  құтқарылуы  дәл

балаға байланысты. Неліктен?

Себебі  бала  келешекте өмір сүру қажет.

Бала  жаны – сарқылмас мол қазына.

Сіз өз балаңызды  болашақта қалай көресіз? (мінез-құлықтың 

қандай ерекшеліктерді меңгеруі керек? Сіз қандай  сапаларды қалайсыз?). (Желімқағазының   көмегімен  ата-аналар  жүректерді  үлкен ыдысқа салады).

- мейірімді,  ақылды,  күшті,  әділ, салауатты, қамқоршыл.....

- байқап қараңыздаршы,  бала жаны қандай  әдемі,  ашық!

- Біздің  үлкен ыдысымыз  сынып, жарылып қалмай,  одан әрі қарай  дамыту үшін  сіздің балаңыз  өмір сүретін  отбасыңызда бала өзін тұлға  ретінде  сезіне алатын,  өзінің  маңыздылығын  растай алатын орны болу керек. Отбасы  алғашқы сүйіспеншілік,  түсінушілік,  сенім сабақтарын  қалыптастырады.

  Отбасы мәселесі  барлық уақытта да адамзатты толғандырған.  Әрбір отбасы өз баласын  қалай тәрбиелеуді өзі шешеді.  Бұл мәселе бойынша  бірыңғай  ой жоқ.   Әрбір ересек адам бала өмірінде  маңызды рөл атқарады.  Балалық шақ -  педагогикалық әсер етулерге  бағынатын  кезең. Балалық шақта  тұлға гармониясының  бағыттары, негіздері қалыптасады.

Ата-аналар  үшін міндеттердің  бірі олардың   бала тәрбиесі бойынша міндеттері.  Дәл осы ата-аналарға  баланың  болашақта  қандай     болатыны тәуелді;  мейірімді  немесе жауыз,  бейімделгіш немесе төзімді, шыдамды. Отбасында   осы айтылған  қасиеттер қалыптасады,  бұл қасиеттер  балаға  өмір бойы  Тұлға  болуына ықпал етеді 

-  Сіздер ата-аналар  балаға  махаббат,  жылулық,  қолдау,  түсінушілік,  қамқорлық,  мақтау, мейірім мен  күлкі сыйлай аласыздар.

Бізден бала күтетінді қалай дұрыс беру керек?  Теріс тәрбиені   дұрыс  тәрбиеден қалай ажырату  керек?  Біз тәрбиелейміз,  балаға  пайдалы  іс жасаймыз.  Дегенмен ............. 

Бала тәрбиесінде   біз сіздермен жиі қолданатын  тәрбие стильдерін еске түсіріп  өтейін:  

1. Авторитарлық

2. Демократиялық.

3. Бетімен кетушілік.

4. Қамқоршылық.

5. Хаотикалық. Тәрбие стилінен  басқа да  тәрбие   типтері  мол, осы жерде мен  бала психикасына    кері жағымсыз  әсер ететін    типтерге тоқталғым келеді: Бас тартуға  қажет тәрбие  типтері: 1. « Отбасы кумирі»; 2. «Гиперопека», 3. «Гипоопёка» 4) «Ежовые рукавицы», 5) «Адамгершілік  жауаптылықтың  мөлшерден тыс  болуы», 6) «В культе болезни.».



1. «Отбасы кумирі».

Ø Баланы сүйеміз.

Ø Баланың  кез-келген  тілегі – заң.

Ø Балаға  таң қалады,  әрбір минут сайын   бала бойынан  талант көреді.

Ø Барлық міндеттерден  босатылған.

2. «Гиперопека».

Ø Бала өз ойын  білдіре алмайды,  ересектердің  кеңесіне құлақ асады.

Ø Ата-аналар  балалардың  әрбір қадамын   айтып отырады  және барлық жерде  бақылау жасайды.

Ø Баланың төбесін көкке шығарып,  вундеркинд дайындайды.

Ø Бала  шектен тыс жұмыс басты,  ата-аналарының  үмітін ақтағысы келеді.

Ø Еркінсіз өседі,  қарым-қатынас  жасауда қиыншылықтар пайда болады.

3. «Гипоопека».

Ø Бала өз бетімен.

Ø Өзін керексіз,  артық сезінеді.

Ø Уақыт өте  келе баланың  бар екенін естеріне түсіріп,  көңіл аудара бастайды.

Ø Өзі туралы  өз ойлауға мәжбүр болады,  қызғаншақ болады.



4. «Ежовые рукавицы».

Ø Балаға  бұйрықпен   сөйлейді.

Ø тек қана   бағынушылық  болады

Ø Бала  мейірімділік пен жылулықты  білмейді.

Ø Эмоциональды  тұрғыда    ашушаң,   қарсы  шығады.

5. «Адамгершілік жауаптылық  жоғары»

Ø Баланың  мойнына  көп жүк артылады, оның жасына  сай келмейтін.

Ø Балаға  отбасындағы   кіші балалар мен  қарт адамдарға қамқорлық  көрсету тапсырылады.

- Сіздер ойланып көріңіздер,  осы  тәрбие әдістерінің  қайсысын іздеп қолданасыздар?  Ойланып   тез уақыт ішінде  баламен қарым-қатынас жасау стиліңізге  түзетулер  енгізуге тырысыңыз.  Қазір бала  ылғалдылық пен  жылуды қажет ететін  кішкентай ғана  тұқым болса, ертең ол Сізге оларды құртатын  құрттары бар  жемістер  әкелуі мүмкін.

Құрметті ата-аналар!    Балаңыз сізден нені қалайды?

Ø  Орындалмайтын  уәде бермеңіздер.

Ø Ол үшін оған дос таңдамаңыздар.

Ø Нотация  оқымаңыздар.

Ø Көп ұрыспаңыздар.

Ø Сіздерден тек мені жақсы көрулеріңізді  қалаймын!

  Осы бала жаны  өмір сүретін  ересектер ортасы қандай болу керек?

Осы кезде  Л.Н.Толстойдың « Ата-аналардың  басты қателігі -   олардың  ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге  тырысатындығына» деген қанатты сөздері  еске түседі.

-   Дегенмен  біз барлығымыз  қателесіп жатамыз. Әрбір жанның бойында  бізге  жақсы болу үшін  кедергі жасайтын  жағымсыз  қасиеттер  бар.

- Сондықтан  өзімізді сыртымыздан байқап көрелік.

Қорыта келгенде, «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». « Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,  «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік».

Сынып жетекшілерге ұсынылатын тәрбие сағаттар үлгісі

Тақырыбы : «Баланың бас ұстазы - ата-ана»

Түрі: тренинг

Мақсаты:Алдымызда отырған оқушының ата-анасымен жақын танысу.
Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схемалар, слайдтар, кестелер, т. б.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар мен ата-аналардың назарын тренингке аудару.


ІІ. Негізгі кезең.

Мұғалім түсіндірмесі:

Ата-анамен жаңаша жұмыс түрлері.

Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.

Сондықтан мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі – психологиялық - педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.
Осы міндетті шешу ата-аналар жиналысы, конференциялар, тренингтер, пікірталастар (дөңгелек үстел), сайыстар, үйлестіру кеңесінің шешімдері т. б. шаралар арқылы жүзеге асады.

Ең алдымен ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлексиялар жүргізіледі.


Әрине кез-келген ата-ана өзі туралы да, баласы туралы да жоғары пікірде болады. Сондықтан бұл жұмыстар бастапқы кезде түсінік - танымын кеңейту ретінде жүргізілгенімен кейіннен тереңдей бастайды.

Сонымен қатар, жаңа үлгіде өткізілген ата-аналар жиналысының да маңызы айтарлықтай. «Баланың бас ұстазы ата-ана» атты ата-аналар жиналыстарын өткізу жоспары төмендегідей үлгіде ұйымдастырылды.

Жүрісі:
І. Топқа бөліну. (3 топқа).

ІІ. «Ассоциация» жазу.

Әр топтың бір мүшесі қорғайды.

ІІІ. Педагогикалық ойын.



Мақтау мен ұрсу

(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлану).

ІҮ. Педагогикалық ойын.

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен) сіз не айтасыз?Қалай қолдайсыз?


(Балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жету).
(Тамаша! Тіпті ертегідей ғой! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанышым менің! Мен де осындай нәтиже күтіп едім!Қандай қуанышты!)
Ү. Педагогикалық ситуациялардан шығу.

(әр топ мүшелері өз шешімін қорғайды).

ҮІ. Сөйлемді аяқтау.

І топ.


  1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).

  2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).

  3. Баланы қолдап отырса...(өз қадірі үшін оқиды).

ІІ топ.

  1. Баланы қолдап отырса...(ол өз бағасы үшін оқиды).

  2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).

  3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).

ІІІ топ.

  1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).

  2. Бала адалдықта өссе...(адал болып жетіледі).

  3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

ҮІІ. «Сіз қандай ата-анасыз?».

(өз - өздерін тест арқылы тексеру).

ҮІІІ. Маржан сөздер сайысы.

(Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздер айту.


Әр топтан өз пікірін қорғау)

ІІІ. Қорытынды.

Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудырады.
Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі »
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.

Түрі: дөңгелек үстел

Әдісі: ой қозғау, пікірталас

Сабақтың барысы:


  1. Кіріспе бөлім

  2. «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі»

  3. (әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)

  4. Көрініс көрсету.

  5. Ашық пікір тыңдау.

  6. Сергіту сәті.

  7. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

  8. Қызықты сұрақтар.

  9. Қорытынды.


I. Кіріспе бөлім

Психолог: «Ана – сая болар бағың болса,

Әке - асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып,
сіздерге арналған: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
II. Көрініс көрсету.


  1. Көрініс.

Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.

- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.

Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)

1. Әке баласына неге ренжіді?

2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

Психолог: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі көріністі тамашалайық.

2. Көрініс.

Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?

Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?


Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Келесі көріністі тамашалайық.

3. Көрініс.

Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке – шешесі:
- Балам, не істеп отырсың? – деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,- депті баласы.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды,- деген бар емес пе? Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Бірнеше сауалнама қойып, жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.

III. Ашық пікір тыңдау.

IV. Сергіту сәті.

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.

- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.



V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

Психолог: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізде отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.



  1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
    2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескерткенін қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
    3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
    4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
9. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
10. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
11. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Мектеп психологі: «Көпір»тренингі

VI. Қызықты сұрақтар.


  1. Балаңыздың туған күні?

  2. Сынып жетекшісінің толық аты – жөні

  3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?

  9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

  10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

  11. Отырған әкелерге парақшалар тарату;

  12. - өзі қандай әке?

  13. - баласы қандай?

  14. - әке баласы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет