1 тапсырма. Карта бойынша осы аталған өзендерді контурға түсіру. 2 тапсырма.Олардың қоректену режимін анықтау.
З тапсырма. Өзен торы жиілігінің себебі мен су мөлшерінің климатқа тәуелділігін дәлелдеу.
Қоңыржай Атлант мұхитынан келетін теңіздік ауа республикаға
жауын - шашын әкеледі. Қыста температураны жоғарылатып,
жазда төмендетеді
Жел. Қазақстан жерін шығыстан батысқа қарай шамамен 500 с.е бойымен жоғары қысым ( Воеков белдеуі) кесіп өтеді. Жел жылдамдығы м/сек – пен өлшенеді. Тауларда тау аңғарлық жел соғады. Жоңғар қақпасы арқылы сайқанжәнеебіжелдері, Іле аңғарымен шілікжелі,Қаратауда - Арыстанды – Қарабасжелі, Жамбылдағы – Қордай желі, Мұғалжар тауындағы – Мұғалжар желі соғады. Ебі желі Ж. Алатауынан оңт –шығысқа Алакөл көліне соғатын – жылы жел.
Сайқан – Ебіге қарама – қарсы Солт – батыстан оңт. - шығысқа қарай соғатын салқын жел.
ҚАЗАҚСТАНХАЛҚЫ Жер бетіндегі халық саны – 6 млрд – қа жуық (1999 ж есеп бойынша). Жер бетінің әр оныншы адамы Қытайлық. Ал Қазақстандағы халық саны (1999 ж есеп бойынша) 14 млн 953 мың 126 адам болса 2005ж 1 қаңтарындағы санақ бойынша 15 074,2 мың адамға жетті.
Жердегі адамдардың ата – тегі шамамен 5 млн жыл бұрын пайда болса, Саналы адам (Хомо сапенс) шамамен 50 - 100 мыңдай жыл бұрын пайда болған деген болжам бар.
1000 адамға шаққандағы адамның өсу көрсекішін промиллемен ( ‰) өлшейді
Халық санын реттеуге арналған саясат – демографиялықсаясатдеп атайды. Демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттікжәне салыстырмалыдемографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қаматамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтыңұдайыөсуі - деп атайды.
Әдетте ұдайы өсудің үш типін ажыратады;