Қостанай облысы Рудный қаласы «№5 гимназия» мемлекеттік мекемесі Қазақстан спортшылары зияткерлік ойын сайыс



бет2/8
Дата20.06.2018
өлшемі2,24 Mb.
#43847
1   2   3   4   5   6   7   8

Чемпиондарды білу керек: Суреттерге қарап, Лондон Олимпиада ойындарының чемпиондарын атап, спорт түрлерін айту. Дұрыс жауап - 3 ұпай. І – топ Александр Винокуров (велоспорт) - алтын медаль Майя Манеза (ауыр атлетика) - алтын медаль Гузель Манюрова (еркін күрес) қола медаль Әділбек Ниязымбетов (бокс) - күміс медаль ІІ – топ Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) - алтын медаль Илья Ильин (ауыр атлетика) - алтын медаль Даниял Гаджиев (грек-рим күрес) - қола медаль Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика) - алтын медаль Суреттері берілмеген Лондон Олимпиада ойындарының чемпиондарын атаңдар. Қосымша ұпай беріледі. Жауаптары: Светлана Подобедова (ауыр атлетика) Серік Сапиев (бокс) Иван Дычко(бокс) Ақжүрек Танатаров (күрес) Марина Вольнова (бокс)

ҮІІ. Біздің жерлесіміз: ( 12 -13 слайд )

Сүйікті спортшым

Иван Дычко – спортшы. Ол – боксшы. Бокспен жасынан шұғылданды. Бокс жарыстарына жиі қатысты. Ол – күшті, мықты боксшы. Спортшы – біздің жерлесіміз. 2012 жылы Лондон қаласындағы олимпиадаға қатысты. Бұл 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ойнап келе жатқан Иван Дычконың Лондон Олимпиадасында қол жеткізген жетістігі. Финалға жолдама алып беретін жекпе-жекте Иван Ұлыбритания боксшысына небәрі 2 ұпай түрінде есесін жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Ол қола жүлдегері. Иван Дычко - қаламыздың мақтанышы. Мен бокстың жанкүйерімін.

Әр топ 3 минут ішінде біздің жерлесіміз Иван Дычко туралы әңгіме құрастырып айту.

ҮІІІ. Сандар сөйлейді: ( 14- слайд )

Әр топқа кезек-кезекпен сандар көрсетіледі, бұл санды спортпен байланыстыру:



1980 169 11

2011 12 69

2000 1996 100-110

16 2012 42

ІХ. Капитандар жарысы:

Капитандарға жеке тапсырма беріледі - сөйлемдерді толықтыру, осы кезде жанкүйерлер жарысады.



Сөйлемдерді толықтыру:

  • Спорт денсаулыққа ... .

  • Екі адамның жекпе жегі түріндегі спорт түрі ... .

  • Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі - ... .

  • Қысқы спорт түрі ... .

  • Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі ... .

  • Штанғаны жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы - ... .

  • Қазақстан – ежелден спорттық дәстүрі ... .

  • Футбол ойынының Отаны - ... .

  • 1996 жылы Атлантада палуан Ю. Мельченко, боксы В.Жиров ... .

  • Жүгіру денсаулық үшін ... .

Х. Жанкүйерлер жарысы:

1- топ жанкүйерлері екінші топтың жанкүйерлеріне спорт туралы 5 сұрақ қояды. 2 - топ жанкүйерлері бірінші топтың жанкүйерлеріне 5 сұрақ қояды. Дұрыс жауп -2 ұпай.



ХІ. Викторина: ( 17 -18 слайд )

Дұрыс жауап берген топқа 2 ұпайдан қосылады:



  • Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы?

  • 7-Қысқы Азиадада спорттың неше түрі болды?

  • Сидней Олимпиаданың чемпиондары?

  • Тейквондо штаб пәтері қайда орналасқан?

  • “Против силы найдется еще большая сила” мақалын қазақшаға аудару

  • Атланта Олимпиаданың чемпиондары?

  • Футбол сөзі қандай сөздерден шыққан?

  • Лондон Олимпиадасының жеңімпаздарын ата.

  • Атақты қазақ палуандарын ата.

  • Спорт алғаш қай елде пайда болды?

  • Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына неше медаль салды?

ХІІ. Марапаттау:

Сөз әділқазыларға беріледі, ойын нәтижесін айту, марапаттау.



ОЙЫН – САЙЫСТА ЖАРЫСАМЫЗ

«МИРАС» тобы

«ҚАЙРАТ» тобы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет