ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет7/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Эссе жазудың мақсаты:

  • Өз ойын жазбаша жазуға үйрету;

  • Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;

  • Дұрыс сөз саптауға жаттықтыру;

  • Өзіндік субъективті пікірін айту қабілетін жетілдіру;

  • Әртүрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашуға үйрету;

  • Талдау жасауға, ойын аргументтеуге дағдыландыру;

  • Болжамдар жасауға, көзқарасын білдіруге үйрету;

  • Өзінің ойы мен пікірін дәлелдеуде фактілерді дұрыс қолдана алуға үйрету;

  • Өз ойын қорытындылауға, ой түйіндеуге дағдыландыру;

  • Сөз өрнектерін көркемдікпен құрауға баулу;

  • Ғылыми тілде тұжырымдар жасауға жаттықтыру;

  • Стильдік қолтаңбасын қалыптастыру т.б.

Эссе жазу оқушы үшін пайдалы. Эссе жазуда алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірнеше міндеттерді орындау жүктеледі:

  • Көркем әдеби шығармаларды жиі оқу;

  • Теориялық білімді шыңдау;

  • Фактілерді, ақпараттарды, статистикалық мәліметтерді нақты дереккөздерден іздеп табу т.б.

Эссе – бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе – бұл автордың жеке пікірінің көркем көрінісі.
Эссе – қиын жанр. Шағын ғана шығарма өз бойына философиялық тереңдікті, көркем әдебиетке тән лиризмді, нақты фактілерге сүйенген тарихи шындықты, ақпараттарды сыйғыза алады. Эсседе автор өзінің субъективті ойы, өмірге деген көзқарасы, танымы мен дүниетанымы арқылы жаңа идеялар ұсынып жатады. Сондықтан да, эссе жазу оңай шаруа емес. Ол үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Шығармашылық қабілет, жазушылық қиял, теориялық білім, терең толғаныс әдемі үйлесім мен өзара сабақтастық тапқанда ғана жақсы эсселер туындайды.
Жазбаша емтихан кезінде оқушы тақырып бойынша оқыған, зерттеу жүргізген материалдарын жүйелі түрде қолдануға қол жеткізеді. Фактілер, ақпараттар мен мысалдарды өз мақсатында пайдалануға мүмкіндік алады. Жалпы алғанда жазбаша емтихан, соның ішінде эссе жазу бала бойында үлкен ізденісті тудырады, зерттеушілік қабілетті дамытады. Өйткені эссе жазу үшін оқушы көптеген кітаптарды ақтарып шығуы тиіс. Эпиграф, цитаталар іздеу, фактілер мен ақпараттарды табу үлкен еңбекті қажет етеді. Сондықтан да эссені жақсы жазып шығу үшін, оған алдын-ала дайындық жасау керек.
Эсседе автордың өз тәжірбиесіне негізделген жеке көзқарасы еркін мазмұндалады. Тақырыпты ашады, мәселені талқылайды және ой толғай отырып шындықты табуға тырысады. Эссе арқылы автор өзінің көңіл-күйін білдіреді, ішкі сезімінен хабардар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет