ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет10/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Пайдаланылған әдебиеттер:
 

  1. «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығы.

  2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша оқу-әдістемелік құрал. «НЗМ» ДББҰ ПШО, Астана, 2016.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «НЗМ» ДББҰ ПШО, 2015.

  4. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынын бекіту


Лекция 7


Жаңартылған білім беру жүйесінде критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалаудың құрылымы.
1.Қалыртастырушы бағалау
2.Жиынтық бағалау үдерісі. Бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, білім беру деңгейлері бойынша қорытынды жиынтық бағалау.

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.


Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологиялар да баршылық. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсатта күрделене түседі.
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Соның бірі – критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау – бұл  білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен қатар оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп аламыз және құрастырамыз. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін білдіреді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткіздім, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:
- тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
- тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:
- жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;
- бағалау құрылымы;
- тапсырмалар саны;
- тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:
- тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;
- тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
- тапсырмалардың балл қою кестелері.
Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Қорыта айтқанда жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтау;
4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (өздік жұмысы, күнделікті баға т.б)
5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет