ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет11/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.


2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.
3. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы , нұсқаулық. 2016 ж.
4. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012 ж.
Лекция 8
Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі»


Қарастырылатын мәселелер:
1.Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары.
2.Көркем шығарманы талдау және мәнерлеп оқу түрлері.
3.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін танытудың тиімді жолдары
Қазіргі кезеңде егемен еліміздің жас жеткіншектерін алдыңғы қатарлы озық көзқарас негізінде жан-жақты, жарасымды дамыған, қоғамдық - саяси белсенділігі жоғары интеллектуалды адамдар етіп тәрбиелеу басты талаптардың біріне айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев: «Мұғалімдер − қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындарымен салыстырғанда, анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кешіре отырып, жастарға өзінің бойындағы бар білімін беріп қана қоймай, оларды адалдық, адамдық, тазалық, гуманизм, Отанды сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тәрбиелеуінен де танылады. Патриотизмнің биік бір белгісі, міне, осы емес пе?» − деп орынды атады.[ 1
Мектеп- үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол
таба білуі. Бүгінгі күні біз жаңа дәуір - жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербиелеп, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызды міндет. Еліміздің қоғамдық - экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару - мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі - баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу. Қазіргі заманға сай жеке тұлға қалыптастыру үшін оған ықпал ететін басты адам ол -жаңашыл, шығармашыл ұстаз. Ұстаздың шығармашылығы мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығының арқасында ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, тәрбиелеу мен жетілдіру барысында жеке тұлға бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік ашылады.
Бұл жауапты жұмысты жүзеге асыруда орта мектепте өтілетін пәндер
арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
1.Жан-жақты әдістемелік шеберлік тұрғысынан ізденіс жасай отырып, бағдарламада көрсетілген сағат аясында тақырып бойынша мүмкіндігінше мағлұмат қарастыру;
2.Сабақ барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
3.Қазақ тілі мен әдебиет сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлендіру;
4.Әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт-сананы біліп өсуге тәрбиелеу, ықпал ету;
5.Оқушыларды адамгершілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру;
6.Оқушының бойына жақсылық пен ізгілік негізін сіңдіру;
7.Шәкірт санасына асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық қасиеттерін ұялату.
Әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, құзіретті тұлға ретінде қалыптасуына қазақ тілі мен әдебиет пәнінің үлкен ықпалы бар. Пәннің тағылымдық мәні, рухани әсер күші, эстетикалық талғамы ұрпақ тәрбиесі үшін айрықша мол. Әдебиет пәнінің тұтас ұлт, жалпы адамзат үшін осындай ерекше ортақ қажеттілігі тұрғысынан келгенде, оған басқа ешбір пән тең келмейтіні аян. Сондықтан ақындардың шығармашылығы бойынша мүмкіндігіне қарай мағлұмат беріп, олардың шығармаларының тарихи мәнін, дәуір тынысын көрсету сипатын аңғарту, сонымен қатар өнерлерімен өзектес болып жатқан өмірлеріндегі өнегелік үлгілерді шәкірт санасына сіңіре білу, құзіреттілікті қалыптастырудағы жұмыс бастауы.
Сабақ қажетті оқу- әдістемелік құралсыз шешілмейді. Халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пәнге сай болуы керек»,- деп аталған екі факторды ерекше атап көрсетеді.[5] Сабақ барысында ақынның жанды тұлғасын шынайы және айқын көрсеткен өмір эпизодтары мен деректерді, өмірбаянына қатысты шығармаларды, замандастарының естелігін, түрлі сурет - картиналарды ұтымды пайдалануда ақпараттық технологияның мүмкіндігі зор, әрі дамыта оқытуда көмегі көп. Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі ұстаздар қауымын ойландырып жүрген жайт. Қазақ тілі мен әдебиет пәнін дамыта оқытуда дамытушылық жаттығулармен жұмыс сөз байлығымен қатар танымдық қасиеттерді дамытып, өзіндік ізденіске жетелейді. Оқушылардың әуезді, ырғақты мәнерлі сөйлеуі мен оқығанын, көргенін, тыңдағанын, ойлағанын, жүйелі, түсінікті етіп баяндауы және адамдармен әдепті әңгімелесуіне сабақтан тыс шаралардың көп көмегі бары баршамызға аян. Пән үйірмелерінде «Өлең сөздің патшасы» көркем оқу сайысы, «Ән көңілдің ажары» ақындар өлеңіне жазылған әндер жарысы, «XXI ғасыр әдебиетшісі» интеллектуалдық ойыны, «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс, «Сахна сәні» әдеби қойылымдар мен көріністер, «Өнерге әркімнің – ақ бар таласы» көңілді тапқырлар сайысы және т.б. іс-шаралар ұйымдастыра отырып, оқушылардың теориялық білімді меңгеруде ізденімпаздықпен бірге жеке тұлғалық қадір – қасиетін дамыту да көзделеді. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыра білген жағдайда ғана шығармашыл оқушы басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» — деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуге міндеттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет