ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет2/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2015

  2. «Қазақстан Республикасындағы біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа үлгісі: тенденциялар және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. АО НЦПК «Өрлеу» 2013

  3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

  4. Жалмуханова Б.Х. Ж22 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер:әдістемелік құрал/ Б.Х.Жалмуханова – Атырау,2018.- 67 б


Лекция 2
Жаңартылған білім мазмұнының тиімділігі мен ерекшеліктері.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Пән мазмұнының спиральді берілуі. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқу мақсатарына жету, ортақ тақырыптардың берілуі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы «қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінен уақыт талабына сай болу үшін үлкен ізденістер мен жауапкершілікті талап етеді. Жаңартылған білім берудің педагогикалық біліктілік арттыру курсына келген мұғалімдер бағдарлама мазмұнындағы ерекшеліктерді меңгеру үшін белсенді іс-әрекетке кірісіп те кетті. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес. Бағдарлама «Шиыршық» қағидаты негізінде, оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде әзірленген. Сонымен қатар бағдарламада оқу мақсаттары таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне, Блум таксономиясы иерерахиясына негізделген. Білімді тиімді меңгертуде, табысты оқытуда қол жеткізуде оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің үйлесімділігінің маңыздылығына баса назар аударуда.


Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат-міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғы шарты мектептенбасталады. ХХІ ғасырмектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі, оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыруына әсерін тигізеді.
Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу бізүшінмаңызды ісболыпотыр. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде оқушылардыжан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің, яғнибіздіңөз кәсіби шеберлігімізді шыңдауымызды, жаңартуымызды талап етіпотыр. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ. Елбасының алға қойған «Елу елдің қатарынан көріну керекпіз» деген үлкен үмітін ақтауымыз үшін біз ойын анық айта алатын, ойлау қабілеттері жоғары тұлға қалыптастыруымыз керек. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуіұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б. таным әрекетерін жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет