ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет3/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана, 2015


2.«Қазақстан Республикасындағы біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа үлгісі: тенденциялар және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. АО НЦПК «Өрлеу» 2013
3.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

  1. Жалмуханова Б.Х. Ж22 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-

тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер: әдістемелік құрал/ Б.Х.Жалмуханова – Атырау,2018.- 67 б

Лекция 3


Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың тиімді жолдары


Қарастырылатын мәселелер;
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқушылардың тілдік төрт дағдыларын қалыптастыру жолдары
«Жан дүниесінде тілді үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, жазсын, оқысын, тілге үйренсін». Ж.Аймауытов
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол - қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналды», деген сөзі қоғамда қазақ тілінің дамуына зор үлес қосып, өз септігін тигізуде. Білім беру жүйесі- әр елдің даму болашағын айқындайтын жүйе. Әлемде болып жатқан толағай өзгерістер білім беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті, кез келген жағдайда өзіндік шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптастыруды мақсат қойып отырғаны белгілі. Келешек ұрпақты ұлттық болмысымызбен сусындата тәрбиелеуді, еліміздің болашақ азаматтарына сапалы білім беруді алдына міндет етіп қоя білген, ұстаздар қауымы, әрине үнемі ізденіс үстінде, деп ойлаймын. Әрине, жас ұрпаққа қазақ тілін үйрету- еліміздің күрделі мәселелерінің бірі, себебі ол қоғам санасымен, оның әлеуметтік, экономикалық жағдайымен тығыз байланысты. Бірақ, еліміздің ешқандай саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларына, қолдауларына қарамастан, мектептегі қазақ тілі мұғалімітілді үйретудің басты тұлғасы болып қала бермек. Бұл- шындық.
Әлемдік тәжірибе бойынша тілді тиімді меңгерту төрт дағды арқылы жүзеге асырылады екен. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары оқушының коммуникативтік дағдылары болып табылады. Коммуникативті дағдыларды басшылыққа алып оқыту функционалды сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Грамматикалық білім тілдік төрт дағдыны қалыптастыру барысында жүзеге асып отырады. Оқушының әдеби тіл нормаларын дұрыс және орынды қолдана білуіне мән беріледі. Ал лексикалық тақырыптар белгілі бір тақырыптар аясында оқушылардың сөздік қорын байта отырып, сөздердің мағынасын түсінуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет