ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет13/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.


2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.
3. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы , нұсқаулық. 2016 ж.
Лекция 10


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялыр мен жаңа әдіс-тәсілдер.
1.Инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі.
2.Интербелсенді әдіс, сыни тұрғыдан ойлау әдісі т.б. жаңа әдіс-тәсілдерді қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы маңыздылығы.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор. XXI көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдері мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сынтұрғысынан ойлау», М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Қ.Бітібаеваның «Логикалық модельмен оқыту технологиясы», Н.Оразханова «Сатылай кешенді талдау», Ақпараттық технология сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.
Сонымен қатар оқушылар қызметін белсендіру негізінде педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, коммуникативтік байланыс технологиясыныі да маңызы өте күрделі.
Коммуникативтік байланыс технологиясы- сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

  1. Қызығушылығын коммуникативтік арттыру, коммуникативтік мотивация;

  2. Дұрыс бағытта сөйлеу;

  3. Өзара қатынастың қалыптасуы;

  4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді.

  • Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады

  • Білім сапасын арттыра алады

  • Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

  • Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

  • Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі

  • Уақытты үнемдейді

  • Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді

  • Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасуға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасуға машықтандыру. Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет