Сұрақ және тапсырма:
Әрқайсысының тегінің алғашқы екі буыны бірдей болып(ұқсас болып) келетін ғарышкерлер кімдер?
Басқы буыны жіңішке, соңғы буыны жуан болып айтылып, жазылатын екі буынды сөздерді кім тауып жаза алады? Керісінше, басқы буыны жуан, соңғы буыны жіңішке екі буынды сөз ойландар. Соңғы екі буыны жіңішке үш буынды сөз ойлап көріңдер.
Буынның айтылудағы өлшемі мен жазылу түрі үнемі бірдей болып дәл келе бере ме? Метр, литр, клуб деген сөздердің айтылуы мен жазылуындағы буын саны бірдей ме?
Дзот, кооператив, координат, неологизм сөздері айтылуда неше буын, жазылуда неше буын? Қалай тасымалданады?
КІМ ЖАРЫСҚЫСЫ КЕЛЕДІ?
Буындары бір түрлі дауысты дыбыс арқылы ғана жасалған сөздерді кім көп тауып жазса, сол озады. Тапсырма:
Буынды тек –е- дыбысы арқылы ғана жасалған сөздер.
Ы дыбысы арқылы ғана.
І дыбысы арқылы ғана.
ЛЕКСИКА
ЕСТЕРІҢЕ ТҮСІРЕ ҒОЙ
Мына сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің қайсылары қандай мағынада қолданылған? Тура мағынада ма, ауыспалы мағынада ма?
Ыстық күн. Ыстық сезім бойын биледі. Терең көл. Оқушылар терең білім алды. Қуаныш күлкісі мөлдірейді. Екі көзі қарақаттай мөлдірейді.Бақытқа батып белшеден, ырысқа қандым, кенелдім. Жер мен аспан қосыла билейді. Оспанқұл – тілді жігіт. Ала көлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты жас аңшыны да таң қалдырды. Ауыр жүк. Мінезі ауыр адам.
СИНОНИМДЕР МЕН АНТОНИМДЕР
(жарыс ойыны)
Бастауышы бірнеше сөздерді тақтаға бір қатар етіп жазып, тиісті синонимдерін атау керектігін айтады. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, дұрыс айтып шыққан балалар жеңеді.
Тапсырма: «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса, ас көп», - деген мақал бойынша:
ағайын, абысын сөздерінің мағыналарын табу;
тату сөзінің антонимін табу;
ат, ас сөздерді қолданылуына қарай басқа қандай мағыналар беретінін мысалмен сипаттау;
көп сөзінің антонимін табу;
тату, көп сөздерінің орнына антонимдерін қойып, сөйлемдерді қайта айту.
МҰНДАЙ СӨЗДЕРДІ НЕ ДЕП АЙТАДЫ?
Зергер, арма?(армысың?), құты, саптыаяқ, нөкер, талыс, қобди, ергенек, жұқаяқ, абдыра, кебеже, аяққап, ашамай, елубасы, талқы, иткірмес.
ОЙЛАП КӨРІҢДЕР
Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің қайсысына қарама-қарсы мағынада қолданылатынын ойлап көріңдер.
1-сыңары
|
2-сыңары
|
1.Жақсы көру
2.Жаны ашу
3.Қолы босау
4.Бетінен алу
5.Бетінен оты шығу.
6.Жүрегі мұздау.
7.Құлақ аспау.
8.Серттен таю.
9.Көңілі тасу.
10.Ат ізін құрғатпау
11.Бойын алдыру
12.Қолға алу
13.Көңілін қалдыру
14.Екі алып биге шығу
|
Іші жылу
Бетімен жіберу
Жек көру
Көңілін табу
Бүйрегі бүлк етпеу
Көңілі басылу
Қарамай қабу
Ат ізін салмау
Қолы тимеу
Беті шімірікпеу
Алдынан көлденең өтпеу
Құлақ құю
Сертте тұру
Бойын жию
|
ӨЗДЕРІҢ ОЙЛАП ТАБЫҢДАР
Төмендегі кестеден бос бағандарға тиісті жауаптарды ойлап табыңдар.
Тұрақты сөз тіркестері
|
Мағынасы
|
Сұраулары
|
Арасынан қыл өтпейтін
Жұлдызы қарсы
Ит арқасы қиянда
Бетке шіркеу келтіру
Екі езуі екі құлағында
Үлгі: Тілі шығу
|
Сөйлеу
|
Не істеу?
|
КІМ ТАУЫП ЖАЗА АЛАДЫ?
Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар.
Қолы қимылдағанның...
Көп жасаған білмейді, ...
Кәріге құрмет, ...
Біреуге ор қазба, ...
Жақсы қыз ..., жақсы жігіт ... .
КІМ ТЕЗ ТАУЫП АЙТА АЛАДЫ?
Мынадай сөздердің қайталауымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім көп тауып айта алады? Олардың мағынасы қалай?
Шығады – шығады, бала – бала,
Ортақ – ортақ, бал – бал,
Жеткізер – жеткізер, дейді – дейді.
Төмендегідей мақал-мәтелдерді кім тауып айта алады?
а) сын есім сөзі аралас келген мақалдар:
ә) сан есім сөзі аралас келген мақалдар:
б) есімдік сөз аралас мақалдар:
Мысалы: «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек.
в) есімше аралас мақалдар: Барар жер, басар тау ... .
г) көсемшемен айтылған мақал-мәтелдер: Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
ғ) шартты райлы етістікпен келген мақал-мәтелдер: Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді.
д) болымсыз етістіктен баяндауышы бар мақал-мәтелдер: Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.
е) қарсы мәнді сөздермен аяқталған мақал-мәтелдер: Бас болмақ оңай, - Бастамақ қиын.
ЖҰМБАҚ – МАҚАЛДАР
а) Мына мақалдардың баламасын тауып шешеіңдер; Мұнда халық нені жек көріп, нені мақұлдайды?
Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты. (аңқаушылық, сенгіштік)
Көрмес – түйені де көрмес. (аңғармаушылық)
Кімнің тарысы піссе, соның тауығы. (жағымпаз, қу)
Сыныққа сылтау.
Асықпаған артта қалады.
Бес саусақ бірдей емес.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.
Темірді қызған кезде соқ.
ә) Төмендегі іс-әрекет, құбылыстар, ұғымдар қандай мақал-мәтелдермен бейнеленген?
Қырағылық, сақтық. (Жау жоқ деме, жар астында).
Кіші пейілдік,
Ұрлық - өтіріктің зияны.
Өнердің пайдасы.
Ананың балаға деген мейірімі.
Өзімшілдік.
Отанды сүю.
Еңбектің пайдасы.
Халықтың қырағылығы.
Оқудың оңайлықпен табылмайтындығы.
Сөздің күші.
Тілдің құдіреттілігі.
Баланың жақсы ісі мен жаман ісі.
НЕНІҢ ТҮБІ НЕ?
Еңбек түбі не? Тірлік түбі не?
Көптің түбі не? Ұрлық түбі не?
Бейнет түбі не? Тәуекел түбі не?
Ынтымақ түбі не? Уайым түбі не?
КІМ БӘРІН БІЛЕДІ?
Бастауышы төмендегі заттардың суреті салынған қағазды тақтаға іледі де, осы заттарға байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?
Арба. Шана. Біз. Тау. ОТ. Ауыз. Түйе. Сиыр. Ит. Тышқан. Қой.
БЕ
|
ҒАН
|
ЛІ
|
ӨЛ
|
КЕ
|
АШ
|
РЕ
|
БАС,
|
ДЕН
|
КЕҢЕС
|
ХА
|
ТАН
|
КЕ
|
ПІШ
|
РЕ
|
ЕЛ
|
ПАЙ
|
МЕС+
|
ЖЕР
|
ТОЗ
|
ПЕС+
|
КЕҢІ
|
ЛЫҚ
|
ҚЫЛ
|
МЕ
|
БЕК
|
АЙТ
|
КЕҢ
|
ҚАЛТ
|
АЗ
|
КЕТ
|
ЕЛ
|
ХА
|
БАС+
|
ДЫ+
|
НЕН
|
ЛЫҚ
|
ТЫН
|
СА,
|
ӨЗ
|
ЕЛ
|
ТОН
|
ДЫ
|
БАР
|
ПАЙ
|
ІШІ
|
АДАС+
|
ӨЗ
|
АЙТ
|
ДЕ
|
САҢ
|
БЕСІК+
|
ДЕ
|
АҒАМ+
|
АЙТ
|
НЫС
|
МЕН
|
ЖЕР
|
ТҮЛ
|
АЛ
|
АДАС
|
БАР+
|
ЕЛ
|
ҚО
|
КІ
|
ОРЫС
|
ЖАСЫРЫНҒАН МАҚАЛ
Төмендегі екі қатар етіліп жазылған сөздерді бастаушы тақтаға көшіріп жазады да, әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тапқызады.
Мысалы: кім – өкім (жаңа сөз жасап тұрған әріп – ө). Сол әріптерді жалғастырып жазғанда, жасырынған мақал шығады. Ол не деген мақал?
кім – өкім ана – дана баға – балға
ақ – ақы аяқ – таяқ мүше – мүшел
кен – кене ара – арқа кит – киіт
елік – ерлік су – ысу жеке – желке
АФОРИЗМДЕР
1.Соғыста мылтық қандай керек болса, өмірде білім сондай керек.
2.Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас.
3.Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес.
«ЛОТО» ОЙЫНЫ
Бастаушы ойынға қатысушыларға төмендегідей үлестірме жұмыстарды үлестіріп беріп, торкөздегі нөмірлерді атайды.
1
Бала, көңілдің гүлі, көздің нұры.
|
2
Тәні саудың, жаны сау.
|
3
Нөсер алдында нажағай ойнар.
|
4
Жері байдың елі бай.
|
5
Қотыр қолдан жұғады.
|
6
Сәуір болмай, тәуір болмас.
|
7
Ананың сүті – бал.
|
8
Жер тоймай, ел тоймайды.
|
9
Шегірткеден қорыққан егін екпес.
|
10
Ерлі-зайыпты тату болса, шырағы жанар.
|
11
Қыстың қамын жаз ойла.
|
12
Балық жеген ет сұрамайды.
|
Ас-тамақ денсаулық
Егіншілік
Табиғат құбылысы
Отбасы
ШЫРШАЛАР
Ойнаушылар атанған номірдегі торкөздегі сондағы мақалдардың тақырыбына сәйкес шыршаларымен жауып отырады (әр бала 12 шыршаны өздері дайындап алады). Ойын аяқталған соң, басқарушы тексеріп шығып, жеңушілерді атап береді.
КІМ КІДІРМЕЙ ТАБАДЫ?
Бір құрмалас сөйлемнен құралған мақал шығу үшін берілген шеңберге 4 хорда сызып, сөздерді сол хордалар бойынша оқып шығу керек. Сонда қай сөзден бастап оқуға болады? Не деген мақал?
Жерде
тар кең
отырасың, отырсаң
ІІ БӨЛІМ. МОРФОЛОГИЯ
СӨЗ ҚҰРАМЫ
ЕКІНШІ СЫҢАРЫН ТАУЫП АЙТЫҢДАР.
Бастаушы тақтаға қос сөздердің бірінші сыңарларын қатарлап жазады. Екінші сыңарларын оқушы өздері тауып айтады. Жылдам әрі дұрыс орындар шыққан балалар женді деп есептейді.
дос - 2) жігіт - 3) әмпей –
сана - қыз - тым –
ат - шал - егжей –
аит - шапан - бытықы –
қару - ақсақ - далдың –
сән - қора - алапай –
қант - әуре - сан –
Керекті сөздер:шабыр, желең, сарсаң, кере, тырақай, тон, келбет, шатыс, су, жаран.
КІМ ТАБАДЫ?
Бастаушы төмендегідей біріккен сөздердің алғашқысын не соңғысын айтады. Біріккен сөзді тауып айтқан бала тақтаға жазады.
Бастаушының сөзі: Балалардың жауабы:
халық халықаралық
кәсіп кәсіпорын
кәсіп өнеркәсіп
ара арасалмақ
түстік ...
шет ...
еңбек ...
шек ...
ӘЗІЛ-ШЫНЫ АРАЛАС СҰРАҚТАР
Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады?
Өнерге не қосылса өнер иесі болады.
Қалжынға бас қосылса, әуеске қой қосылса, қандай түбір болады?
Құлыншақ пен ұрыншақтың жұрнақтары ұқсас, мағыналары қандай?
Әзілге оспақ тіркесе, қалай жазылады?
Күнбағардың түбірі нешеу?
Сыбай мен сығайдың сыңарларын тауып жаз.
Бозбала мен бой жеткеннің жазылуда айырмашылығы бар ма?
Жұрнақсызда жұрнақ бола ма?
ЖАУАП ТАУЫП ЖАЗЫҢДАР
Нанды неден пісіреді?
Айранды неден жасайды?
Оқушылар ненің моделін жасайды?
Жазуды немен жаздың?
Машина қайда жасалады?
Қандай бас неге тыным бермейді?
ТҮБІРЛЕС ДЕУГЕ БОЛА МА?
Төмендегі қос сөздерді бір түрлі түбірдің қосарлануынан жасалған түбірлес деуге бола ма?
ой-өріс ой-сезім
ой-пікір ой-шұңқыр
ой-қыр ой-сана
ҰҚСАС БУЫНДЫ ҚЫЗЫҚ СӨЗДЕР
Тілімізде ұқсас буындардың қайталануы арқылы жасалған сөздер де бар, бірақ олар қос сөздер емес. Мысалы: баба (ата-баба), шеш, бұлбұл, дүлдүл, сең-сең, шымшым (бір шымшым тұз), тартар (жапырақ).
Сөз таптары
ЗАТ ЕСІМ
«ТІЗБЕК» ОЙЫНЫ
Ойнаушылар дөңгелене отырады. Берілген зат есімнің соңғы дыбысынан басталатын жаңа бір зат есім тауып айту тапсырылады. Бастаушы нұсқадан 1-бала: кітап десе, 2-бала: парта, 3-бала: ат –т.т дет, бөгелмей тез-тез айтулары керек. Бөгеліп қалған баланы келесі бала жалғастырып кетеді. Бөгеліп, үш рет қатарынан айта алмай қалған бала ойыннан шығарылады да, тиісті тапсырма алады. Тақта алдына шығып, бірнеше зат есім сөздер айтып беретін болады, немесе жолдастары қойған сұрақтарға жауап береді.
Мақсат: зат есімдерді тез тауп айтуға жаттықтыру.
ЕСЕП. 10 СӨЗ
Әр сөзі и әрпімен басталатын 10 сөз – зат есім – тауып жазыңдар. Оның біріншісі бір әріптен, екіншісі екі әріптен, үшіншісі 3 әріптен т.т. Сондай, оныншысы он әріптен құралған сөздер болсын. Сөздерді бірінін астына бірін қатарлап жазыңдар.
Көлденең шақпақтарға төмендегі ұғымдардың аттарын жазыңдар.
1)дерексіз бір ұғымның аты
2)адамның туыстық атауы
3)заттық ұғымды білдіретін қимыл аты.
4)Абайдың әйелінің аты.
5)аңның аты.
6)табиғат құбылысының аты.
7)металл аты.
Осыларды дұрыс тауып жазылғанда, қарамен жазылған тік жолда солардың жалпы атын білдіретін грамматикаляқ термин шығады.
БІЗДІҢ ОЙЫН ОСЫНДАЙ
К әрпімен басталып, сол к әрпіне аяқталатын зат есімдер тауып, берілген шақпақты кім тез толтыра алады?
1)1,2,3,4 және 5 буыннан құралған бес зат есім.
2)Құрамында 3 а дыбысы келетін бірнеше сөз тауып жазыңдар.
3)Сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған. Берілген сөздің барлығына ортақ сол іріпті шеңбер ішіне тауып қойыңдар.
КІМ КІДІРМЕЙ АЙТА АЛАДЫ?
Бастаушы берілген сөздерді тақтаға қатарлап жазады да, олардың тұсына әйел жынысы мағына білдіретін сөздерді кідірмей тауып, жазып беруді тапсырады. Кідірмей айтып, бөгелмей жазып берген және олар қай сөз табы екенін айтып берген балалар мақтау алады.
Еркек құда
Ата күйеу
Әке бозбала
Аға ісек
Ұл серкеш
Ағайын бажа
КІМ ТЕЗ ТАБАР ЕКЕН?
Түйе малының бір төлінің аты басқа екі малдың төлінің атынан құралған. Ол қандай төлдер?
Шақпа құрайдың атын білдіретін сөздің соңғы буынының алып тастаса, халық көп тұратын мекен аты шығады. Ол не?
Мына әріптерді әр сөз ішінде бір-ақ қолданып, қанша зат есім құрап жазуға болады?
А
|
Ы
|
Ы
|
І
|
У
|
Л
|
О
|
Б
|
Ғ
|
М
|
З
|
Қ
|
І
| Бұл әріптерді қолданып, оқу жөнінде айтылған бір мақалды құрап жазуға болады.
Септіктің екі түрі жалғауынан құралған сөздер ненің аты?
Қай малдың аты барыс септік пен шығыс септіктің жалғауларынан құралған?
Тәтті тағамға барыс септікті жалғанса, не болады?
Жазу аспабы мен етістіктен құралған аң аты.
Қарсы мәнді сөздерін табыңдар.
өмір - күн –
дос - бейбітшілік –
жақсылық - ой –
Барыс септіктің екі жалғауынан құралған сөздер тауып айтыңдар. Олар қай сөз табы болады?
Бір дыбыспен ғана айтылатын қай септіктің жалғаулары? Олар қандай сөздерге ғана жалғанады?
Қандай сөздерге тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы екі дыбыс болып жалғанады?
Бір дыбыстан ғана тұратын зат есімдерді атап, оларды тәуелдеп жазыңдар.
Үй құстарының бірінің аты зат есім және есімдіктерден етістік тудыратын бір жұрнақтан құралған. Ол қай құс?
Қарамен жазылған сөздің қайсысы зат есім, қайсысы басқа сөз табы?
Біреуге ор қазба. (мақал)
Жоңқай айтады ақыл Сайлаубекке:
-Ор, баула, айда, тасы, талда, епте. (І.Жансүгіров)
Сайларының бәрі сарқыраған мөлдір көк бұлақ. Қар кетіп, көк шықты.
(Ғ.Орманов)
Достарыңызбен бөлісу: |