ОҚУ-Әдістемелік әзірлемелер. «Тілдің талай, талай қызығы бар»



бет6/7
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#28898
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма.

  • Үзіндідегі жіктік жалғауының қысқа түрі жалғанған етістіктерді тауып, толық түрін жалғап көріндер.

  • Балалық сенен артық күнім бар ма?

  • Бала күнде бойымда мінім бар ма?

  • Бәріне жетем деймін, алам деймін,

  • Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма? (С.Торайғыров.)





  • КІМ ДҰРЫС ТАЛДАЙ АЛАДЫ?

  • Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңіндегі етістіктерді теріп жазып, төмендегі үлгі бойынша талдаңдар. Бір формадағы етістіктердің біреуін ғана алыңдар. Өлеңде барлығы қанша етістік бар?

    1. Етістік

    1. Негізгі

    1. Туынды

    1. Негізгі түбір

    1. Салт не сабақты

    1. Болымды не бол-з

    1. Көсемше

    1. Есімше

    1. Тұйық

    1. Дара не күрделі

    1. рай

    1. шақ

    1. жақ

    1. негізгі

    1. Көмекші етістік







    1. Үлгі: түспеді



    1. т

    1. түс

    1. салт

    1. болымсыз







    1. дара

    1. а.

    1. ө.ш

    1. ІІІ

    1. н.





  • ӘЗІЛ АРАЛАС СҰРАҚТАР

  • 1.Ойна десе, ойынның несі түсіп қалады?

  • 2.Сын есім өсіп көбейе ме? Немесе созылып, үзіле ме? Мысал ойлап айтыңдар.

  • 3.Мұны қалай түсінуге болады?

  • а) Ұзын сары келеді, ә) Жуастан жуан шығады.

  • 4.Жас қыз деген тіркес бөлек жазылатыны белгілі. Ал жастың орнына кәрі сөз қолданылса, қалай жазылады? Неліктен?

  • 5.Ауылдың, ақсақал, қарасақалды түгел жиналды дегенде, тек сақалдар ғана жиналған ба? Қалай?

  • 6.Жатады да қуады, жатады да қашады дегенде, жатып алып қуған, жатып алып қашқан ба? Мұндай тіркесті қалай түсінеміз?

  • ЖАЗЫП КӨРСЕТ, АЙТЫП ТҮСІНДІР

    1. Екі у әрпі қатарынан қандай сөздерде жазылады? Жазып көрсетіңдер. Ол қай сөз табы?

    2. Жап етістігінен тұйық етістік, ауыспалы осы шақ жасап, жазылуын түсіндіріңдер.

    3. Сеп етістігінен өткен шақтық көсемше жасап жазыңдар.

    1. ҮСТЕУ

    2. ЖҰМБАҚТАҒЫ ҮСТЕУ

    3. Мынадай үстеулер қай жұмбақтарда кездесетін еді? Мағынасына қарай бұлар қандай үстеу болады?

    4. а) Таңертен, түсте, кешке;

    5. ә) Таң атқанша, таң атқан соң.

    6. БӨГЕЛМЕЙ АЙТЫҢДАР

    7. Үстеудің бес түрін келтіріп, бес сөйлем айтыңдар да сұрауларын атаңдар.

    8. Сұрақ және тапсырма.

    1. Бұйрық етістік тұлғасында айтылатын қандай үстеулер бар? Олар үстеудің қай түрі?

    2. Сын есім сұрауларына жауап болатын үстеулерді кім айта алады?

    3. Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып, кім жаза алады?

    4. Мына үстеулерге қарсы мәнді үстеулер тауып жазыңдар.

    1. Ілгері. Жоғары. Бұрын. Әрі. Мұнда.

    1. Көп деген ұғымды білдіретін үстеуді қолданып, қайсың сөйлем құрай аласыңдар?

    1. ЖЕТІ МЫСАЛ

    2. Қалыптасып жасалуы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жеті үстеу ойлап жазу керек.

    3. КЕЙІН, СОНДА

    4. Кейін, сонда үстеулерін бірде мекендік, бірде мезгілдік мағынада қолданып, әрқайсысына екіден төрт сөйлем ойлап жазу тапсырылады.

    5. ҚАЛАЙ ДЕП ОЙЛАЙСЫҢДАР?

    6. С.Сейфуллиннің төмендегі өлең жолдарында бір үстеу 3 рет қайталанған. Ақын оларды қандай мақсатпен қолданған?

    7. «Алдың енді ақын жол,

    8. Енді берік табаның.

    9. Сұм заман қалды артында,

    10. Бақытты енді заманың».

    11. КІМ ТАПСА, СОЛ АЙТАДЫ

    1. Үстеудің екі-үш тобына ортақ болып келе беретін сөздерді (үстеулерді) тауып айтып, сөйлем ішінде келтіріңдер.

    2. Бұлақ, бал, айдың, тоты, сұңқар сөздеріне тиісті жұрнақтар жалғап, үстеу жасаңдар, мысал айтыңдар. Олар қай жұрнақ болуы мүмкін?

    3. Бірде сын есім, бірде өткен шақтық етістік тұлғасында қолданылатын үстеуді сөйлем ішінде келтіріп айтыңдар.

    4. Дара және күрделі түрде қолданылатын қай үстеулер?

    5. Мына төмендегі тіркестер қандай мағынада қолданылады?

    1. Көз байлана, ел орынға отыра; кісі аяғы басылғанда; бие сауым; тобылғы гүлдей; көз көрім; ет асым; сүт пісірім; шай қанатым.

    2. ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР

    3. КІМ ТЕЗ ТАБАДЫ?

    4. Төмендегі үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, оның қай түрі екенін айтыңдар.

    1. Баяғы жартас – бір жартас,

    1. Қаңқ етер, түкті байқамас.

    1. Мақтауға өсіріп,

    1. Барынша көсіліп.

    2. Ырғалы қарқ етті,

    3. Ірімшік жерге салт етті.

    1. Құржан-құржан етеді,

    1. Жер ұшық берген кісідей,

    2. Тоңқандай ма не етеді. (Абай.)

    1. Жал-жұлт нық бас,

    1. Жарт-жұрт от шаш! (С.Сейфуллин)

    1. Күлмендеп келер көздері,

    1. Қалжыңбас келер өздері,

    2. Кекетеп секек етем деп,

    3. Шошқа туар сөздері. (Абай.)

    4. СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЙ МҮШЕСІ БОЛЫП ТҰР?

    5. Төмендегі еліктеу сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр. Қайсысы жеке, қайсылары қандай сөздермен тіркесіп келген?

    6. Шошаң қағып, бет алды тасырлағаныңа үрейім ұшпайды! ... Сәлменді қақ бастан үш-төрт рет тарс-тарс періп-періп жіберді.

    7. -Ойбай! Бақтығұл! – деп саңқ етіп қалған даусын естіді... Ашқарақ азулары сақ-сақ етті... Екеуінің бетіне шыдай алмай, жалт бере қашқан ала төбет құрығы шошаңдап, барбаңдап бетке қарсы ұзай алмады. Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады. Ашулы тістер сытыр-сытыр, қарш-қарш шайнасады... (М.Әуезов.)

    8. «ҚАРАП ОТЫРҒАНША, ҚАТЫҚҚА НАН БАТЫРЫП

    9. ЖЕЙ ОТЫРАЙҚ, БАЛАЛАР!» (ойын)

    1. Су буынының екі рет қайталануынан құралған сөз қай сөз табы болады? Оны сол сөз табының барлық түрінде түрлендіріп айтыңдар.

    2. Екі етістік, бір шылаудан тіркесіп барып жасалған сын есімді жазып көрсетіңдер. Ол қай затқа тән сын есім?

    3. Нанға қай жалғау жалғанса екі нан болады?

    4. Ұқсас екі буыннан тұратын мнадай етістіктер ойлап жазыңдар, олар етістіктің:

    1. а) бұйрық рай түрі, ә) келер түрі, б)өткен шақ түрі, в) тұйық түрі

    2. 5. Неге екі түрлі етіп жазамыз?

    3. Ерт, еріт. Жылт, жылыт. Қарқ, қарық. Бүлк, бүлік.

    1. Төмендегі сөздер түбірлес пе, жоқ па?

    1. Еріндік және еріншек. Тілік және тілдік?

    2. БҰЛ ҚАЙ СӨЗ ТАБЫ?

    3. Заттың атын да, қимылын да білдірмейді. Қимыл мен құбылыстың бейнесін ғана білдіреді. Бұл қай сөз табы екені?







    4. ШЫЛАУ

    5. ҮСТЕУ МЕ ШЫЛАУ МА?

    6. Бастаушы төмендегі сөйлемдерді оқиды. Сөйлемдердегі бұрын, кейін, соң, бірге, әрі, бері сөздерді үстеу ме, шылау ма?- деп, сұрайды.

    7. Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң, айтпа сөз. Судан кейін шыққан жолдастар бұрын шыққандарды әр түрлі асығыстық істеді. Сабақтан кейін оқушылар жиналысы болады. Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын. Міне, одан бері де жыл жарымға таянып қалды. Бере бер, балам, бер шылбырыңды. Олар таудан әрі асып кетті. Бірге келіп, бірге сабақ дайындаймыз. Кәрі аңшының өзі үлкен бөлмесінде баяғы айнымас досы александрмен бірге отыр.

    8. ЖҰМБАҚ СҰРАҚ

    1. Басқа сөз табының жетегінде жүреді, жетекші сөздің соңынан жүреді.

    2. Толық мағыналы сөзден бұрын тұрса – сын есім, кейін тұрса – шылау.

    3. Бір шылау өзінің байланысты сөзінен бұрын тұрады; секілді, сияқты сөздерімен синоним құрады.

    4. Екі сөзден құралған шектік демеуліктің бірі – одағай, бірі – үндескен демеулік. ол қай сөз?

    5. Бір жалғаулық екі сөзден бірікке, біріншісі – есімше түріндегі көмекші етістік, екінші сөзі – жіктеу есімдігі.

    6. Сан есім мен сын есімнен құралған шылау.

    7. Сөйлем ішінде тұрып: Сөйлемді қолдайды,

    1. Бірақ өзі бар ғой,

    2. Сөйлем мүшесі болмайды.

    3. СИНОНИМДЕС ШЫЛАУЛАР

    4. Бастаушы тақтаға таман, тарта, сияқты, жөнінде, және шылауларын жазып, оған мағыналас шылаулар тауып, сөйлем құрауды оқушылардын талап етеді. Белгіленген мөлшерде ылайықты мысал тауып айтқан балалар мысалдарын тақтаға шығып жазып көрсетеді.



    5. ШЫЛАУДЫ ЖАЗА БІЛЕМІЗ

    1. Аз ғана сөзі неге бөлек, азғантай сөзі неге жазылады?

    2. Үндестік заңына бағына жазылатын қандай шылаулар бар? Асты сызлған сөздер неге осылай жазылады?

    1. Бір-ақ секіріп шығам деп,

    2. Бір-ақ қарғып түсем деп, мертігеді, жатады. (Абай.)

    1. Екі сөзден бірігіп барып жазылатын шылауды кім жазып бере алады?

    2. Дефис арқылы жазылатын шылаулардың көбінесе қай түрі?

    3. Қай шылау қандай жағдайда түбірмен бірге жазылады? Мысал жазып көрсетіңдер.

    4. Оқыған деген сөзге табыс септігін және соған ұқсас демеулік шылауын тіркеп екі сөйлем жазыңдар, жазылуын түсіндіріңдер.

    5. Өздерің білетін –ақ, -ай, -мыс, - -ды, -дан басқа тағы қай шылаулар дефис арқылы жазылады?

    1. ШЫЛАУЛАРДЫ ТАУЫП, ЖАЗЫЛУЫН ТҮСІНДІРІҢДЕР

    2. Болсақ-тағы жаңа таныс,

    3. Жүзсек те алғаш қайықта ... («Қайықта» әнінен.)

    4. Шашы күміс, басы алтын,

    5. Болса-дағы алмаспын ...

    6. О-дағы өз елінде батыр еді. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан.)

    7. Қобыланды сынды жас бала

    8. Істі орнына келтіріп,

    9. Құртқаға келіп сөйледі. (Батырлар жырынан.)

    10. Кейбір жұлдыз әуеде ай секілді,

    11. Кей жаман бас білмеген тай секілді. (Айтыс.)

    12. Ит аяғын ит екеш ит те қорғайды. (Мақал.)

    13. Қанды көз, май жеп алғыш ақ иықпын,

    14. Сен түгіл, қасқыр көрсем бір-ақ шайқар. (Айтыс.)





    15. ОДАҒАЙ

    16. Сұрақ және тапсырма.

    1. Одағай сөздер қандай жағдайда қолданылады?

    2. Одағай сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма?

    3. Одағай көмекші сөздерге жата ма?

    4. Одағайлардан басқа сөз таптары жасала ма?

    5. Қуанғанда, сүйсінгенде, қорыққанда қолданылатын одағайларды үш қатар етіп жазыңдар да, оқып беріңдер.

    6. Төмендегі мысалдарда одағайлар қай мүшесі болып тұр?

    1. «Әй, әй» ... деп Күлпаш бір-екі рет сөйлесе де, Мақтым жауап бермеді... Айдарбектің басында отырып қалың ойға кіргендігін, оқта-санда қиналып уһлегенін ол сезіп жатыр. (Б.Майлин.)

    1. Одағайлар қалай жазылады? Қосарланып келсе ше?

    2. Одағайлар қандай тыныс белгілерін керек етеді?

    3. Зат есім тұлғалас қандай одағайлар бар? Олар одағайдың қай түріне жатады?

    4. Құрамында 3 а келетін қандай одағай?

    5. Қолданылуына қарай бірде зат есім, бірде шылау, енді бірде одағай мағынасын білдіретін сөзді кім табады?

    1. ОДАҒАЙЛАРДЫ ТАБЫНДАР

    1. ... келгенін жақсы болды ғой!

    2. ... Аңғарбай, бері қарашы!

    3. ... сен не істеп қойғансың?

    4. ... Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз!

    5. ... ондай сөзді айтпа.

    6. ... осынша кешіккендерің-ай!

    7. ... қайда зытып барасың?

    8. ... Беріктің бет-аузын қара!

    9. Сазайыңды тарттың ба?...

    10. .. аспанға ұшар ма едік!

    1. СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

    2. ОҚЫ, ІЗДЕҢ, ОЙЛАН, ТАП

    3. Әрбір сөз таптары сөйлемде қандай жағдайда қай мүше болып қызмет атқаратынын оқулықтан тауып, төмендегі кестені толтырыңдар.

      1. Сөз таптары

      1. Сөйлемнің қай мүшесі бола алады?

      1. көбінесе, әдетте

      1. кейде

      1. қайтіп, қандай, жағдайда

      1. Зат есім

      2. Сын есім

      3. Сан есім

      4. .....

      5. .....









    4. КЕЛ, БАЛАЛАР, ОЙНАЛЫҚ! (қайталау ретінде)

    5. 1.Сызбада берілген сөздердің сыңарлары бойынша біріккен сөздерді табалық. Қай сөз қай сөздің сыңары? Ненің аты?

    6. 2.Екі сөзден біріккен жұлдыз аттарын тауып жазалық. Ондай сөз қанша екен? Қалай жазылады ?

    7. 3.Сан есімнен етістіктің есімше, көсемше түрін жасаңдар.

    8. 4.Төмендегі сөздердің қай сөз табына жататынын, мағына жағынан қайсысы күштірек, әсерлірек екенін ойлаңдар?

    9. Аусар, әумесер, есерсоқ, есуар, есалаң, жарымес, нақұрыс.

    10. 5.Жасырынған сөздерді тауып жазыңдар.Сызықшаның орнына тиісті әріптер қойып, берілген әріптерді орындарында қалдыру керек. барлығы да зат есім болсын.

      1. Қ









      1. Қ



      1. Қ





      1. Қ





      1. Қ

      1. Қ









      1. Қ





    11. ІІІ БӨЛІМ. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ

    12. КІРІСПЕ СҰРАҚТАР

    13. Синтаксис бізге нені танытады? Төмендегі сызбаларды оқып, синтакси бізге нені танытаныны айтыңдар.

      1. Сөйлем мүшесі


    14. Құрамына қарай

      Мағынасынақарай

      Тұлғасына қарай












    15. ХАБАРЛЫ, СҰРАУЛЫ, ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР


    16. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет