ОҚУ-Әдістемелік кешен 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына



бет7/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#12557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2 Толықфункционалды ГАЖ.


3 Арнай жасалған ГАЖ.

4 ГАЖ картаны шығару және оны мен интернетте жұмыс істеу.

5 Жерді дистанциондық зондтау мәліметтерді өңдеуге арналған бюағдарламалық қамтамасыз ету.



12-13

Тақырып: ГАЖ мәліметтерді талдау және шешім қабылдау құрал ретінде қарастырайық. Мәліметтер базасы полясы мен жұмыс істеу (2 сағ)

Дәріс жоспары

1 ГАЖ қолдану.

2 Электрондық карталар.

3 Қалалық шаруашылыққа арналған ГАЖ.

4 Спутникалық жүйенің көмегімен кеңістік мәліметтерді жинау.


1 ГАЖ қолдану

Қолдану сферасы бойынша ГАЖ теңдесі жоқ. Ол көліктерде, навигацияларда, геологияда, географияда, әскери істеріне, топографияда және т.б. жерлеріде қолданылады. ГАЖ көмегі мен картаны құру автоматтандырылған әдіске көшуі келесі артықшылықтары бар:

• картографиялық ақпараттардың дәлдігі көбейеді;

• өнімді дайындауға еңбексіңімділігін азайту;

• бөлек операцияларды автоматтандыру немесе алып тастаудың арқасында еңбек өнімділігін көбейту.

ГАЖ ақпараттық өңдеу үдірістің әдістемелік негізі бастапқы ақпаратты жинау үдірісін біріктіретін жергілік жерді моделдеу және жаңарту, құжаттарды өңдеу мен формалау болып табылады.

Қазіргі замандағы техникалық құралдарын қолдану барысында далалық және камералдық жұмыстарды автоматтандыруы іске асырылып келеді.

ГАЖ қолдану әртүрлі деңгейде жүргіліп келеді. Бұл геоақпараттық технологияның көптеген түрлер болуы мен байланысты.

Ресейде ГАЖ қолдану келесі аймақтық деңгейлері бар:

• ғаламдық деңгей – Ресей ғаламдық және евроазиялық деңгейде, масштаб 1:4 500 000 – 100 000 000;

• барлық ресейлік деңгей – барлық елдің акваторлар мен шегаралық аймақтары, масштаб 1:2 500 000 – 1:20 000 000;

• регионалды деңгей – ірі табиғи және экономиялық региондар, Федерация субьектілер, масштаб 1:500 000-1:4 000 000;

• жергілікті деңгей – область, район, халық паркілер, масштаб 1: 50 000 – 1:1 000 000;

• муниципальды деңгей – қалалар, қалалық райондар, қала шетіндегі аумақтар, масштаб 1: 50 000 және одан үлкен.


2 Электронные карты

Құру мақсаты. Сандық картография әдістерінің дамуы электрондық карталардың (ЭК) пайда болуына тура келтірді. Олар видеомонитор және сәйкес бағдарламалық интерфейс көмегі мен сандық карталардың динамикалық визуалі болып табылады.

ЭК құру және жаңарту негізі ауалық көлік құралдар бортына орналастырылған аспатармен жергілікті жерді арнай түсіру кезінде көріністерді алуы болып табылады.

ЭК қолдануы әртүрлі аймақтағы ақпараттарды қолдануы қажеттілігі мен шыққан.

Құрылым принциптер. ЭК қасиеті. Электрондық карталар үшін келесі құрылым принциптер мен қасиеттер бар:

• қазіргі кездегі геоақпараттық объектілердің кеңістік уақыттық көріністер;

• басты элементтердің генезисті қосқандағы жүйелі көрінісі, оның құрылымы мен объектілер;

• сайлаушылығы, жеке немесе бірге пайда болатын сипаттамалары мен танысу немесе шын мәніндегі мінездемесінің ерекшелігі;

• карталарды құру және көрсету дәлдігімен, сондай-ақ математикалық құрылым заңдары мен қамтамасыз етілетін метрлер;

• көрнектілігі – кеңістік формалар, өлшемдер, байланыстарды адам көзі қабылдау мүмкіншілігі;

• шолулығы – негізгі элементтерді көрсетуі мен кен кеңістікті алу мүмкіншілігі;

• тақырыптық бағыттың мүмкіншілігі.

Электрондық карталарға келесі талаптары қойылады:

• құрылымдық анықтамашылығы және пайдаға асырылуы;

• көп мақсаттық қолдану мүмкіншілігі;

• графикалық ақпараттарды ұсыну түрлер;

• динамикаолық моделдер құру мүикіншілігі және анимациялық қасиеттер болу;

• картографиялық көріністерді интерактивтік және автоматтандырылған режимдерде көрсету;

•дистанциондық зондтаудың мәліметтер мен геоақпараттарды интеграциялау мүмкіншілігі.

Электрондық карта автоматтандырылған жүйе ретінде кеңістік ақпараттарды өңдеу кезінде сапалы жаңа қасиеттер мен сипатталады:

• әртүрлі уақыттық режимдерінде ақпараттық алаңдарын автоматтық ұстау;

• априорлық және оперативтік мәліметтерді бірге өңдейтін кешендік көріністер. Мысалы, навигациялық жүйесінде координаталанған және радиолокациялық жағдайлар мәліметтер карта негізіне көрсетіле алады;

• көріністі құруға оперативтік селекция мәліметтерді қолдану;

• қолданушыға оригинальды дизайн құру мүмкіншілігі. Ол ақпаратты экраннан алу немесе қоса алады, масштабы мен проекцияны өзгерту мүмкіншіліг;

• автоматтандырылған картометрия: координатаны, бағытты, ұзыңдықпен қашықтықты, аудан мен көлемді анықтау; деңгейлік және беттегі сызықты құру.

ЭК жүйесін картографиялық мәліметтерді визуализацияға бағытталған арнайы ақпараттық жүйесі ретінде қарастыруға болады. Осындай жүйелер арнайы ГАЖ тәуелсіз жұмыс істей алады.



ЭК құру әдістер. ЭК құру негізгі әдісі – мазмұны мен шартты белгілерін алынатын көріністен визуалды бағалауды қолданып, математикалық картографиялық моделдеу болып табылады.

ЭК құру технологиясы олардың түрлерден, олардың дәлдігіне қойылатын талаптардан, мазмұны мен шартты белгілеріне, бастапқы картографиялық мәліметтерден, кіру/шығу ақпараттық массивтардың құрылымына байланысты.

ЭК коммерциялық өнім ретінде ESRI Digital Chart of the World (DCW) фирмасының өңдеген картасы қызмет ете алады, ол Arclnfo форматында АҚШ қорғаныс Министрлігінің тактикалық навигациялық карта негізінде құрылған. Бастапқы масштабы 1:1 000 000, мәліметтер көлемі 1,7 Гбайт. Карта 5х5 2094 параққа бөлінген.

Электрондық сандық карталарды құру негізгі технология үдірістері: бастапқы картографиялық мәліметтерді дайындау, картографиялық мәліметтерді сандық редакциялау және өңдеу, электрондық, сандық карталарды мұрағатқа сақтау және олардың сұраныс бойынша беру болып табылады.



Мәліметтерді ауыстыру. Көптеген форматтағы векторлық ЭК бар. Осы форматтарды және оларды қолдану әдістерін қарастыра отырып, мәліметтерді ауыстыру шартты екі жолды алуға болады.

Бірінші жолы объектілерді кодтау және классифмкациялау жүйелерді қолдаңбай, графикалық примитивтердің көмегі мен әр түрдегі объектілерді көрсету. Мысалы, DXF формат қолданайық. Оның құрылымы қарапайым және басқалай көптеген қолдаңбалы жүйелермен ара байланысы бар.

Екінші жолы мәліметтерді ауыстыруға және сақтауға арналған объекті түріндегі файлдарды алып тастай алатын жіктеу және кодтау жүйелерді қолдану.

Осындай форматтарды DXF форматына ауыстыру кезінде ақпараттарды қолданушының талабы бойынша әртүрлі графикалық примитивтерді беруге болады.


3 Қалалық шаруашылыққа арналған ГАЖ

Жалпы мәліметтер. Қалалық шаруашылық ГАЖ астыңғы деңгей жүйесіне кіреді. Сонымен қатар ол кенінен таралған ГАЖ, ол үшін ең аз ақпараттық және техникалық ресурстар талап етіледі.

Қалалық ГАЖ кеңістік мәліметтер және анықтама ақпараттар, атрибуттық мәліметтер арасындағы ара қатынастарын қамтамасыз етуге қажет. Осындай ГАЖ негізгі анықтама материалдары жердік жазулар болып табылады.

Қалалық ГАЖ-де атрибуттық және картографиялық мәліметтерді бірге өңдей алатын ортасы бар. Осындай кезде ақпараттарды еңгізуге және еңгізілетіндерді бақылау, мәліметтерді ұсынуды талдау түрлерін жеңілдетеді.

ГАЖ барлық координаталық мәліметтер бір координата жүйесіне кіру керек. Осы координаталық жүйесінде объектілерді позициялау үшін барлық юрисдикция бойынша картаның сипаттамасын беретін жергілікті жердің идентификациясы анықталуы қажет, мысалы объектілердің кодтар, тұрғындардың санақ актылары, үйдің нөмірлер және т.с.с.

Қалалық ГАЖ топографиялық ақпараты басқару және талдау есептерін шешуге қолданылатын сілтеу (ссылка) болып табылады. Тақырыптық бағдарлауына байланысты, оны шешу үшін кварталдық бөлу картасы, жерді қолдану картасы, зоналдық картасы және т.б. түрдегі арнайы тақырыптық карталарды құруға болады.

Тақырыптық карталар қалалық шаруашылықтың негізгі моделін құрайды. Сонымен қатар ол өзінің қабаттарға бөлінеді. Сондай-ақ, қалалық ГАЖ интегрирленген графикалық негізін тақырыптық карта-қабаттардың жиынтығы және олар мен байланысты кестелікпен мәтіндік түрдегі атрибуттық мәліметтер құрайды.

Қалалық ГАЖ құру схемасы. Қалалық ГАЖ құру іріленген схемасы жеті негізгі этаптардан тұрады:

1. Қалалық әкімшіліктің мақсатын анықтау.

2. ГАЖ шешімді қабылдауға қатысты жергілікті өкімет биліктердің функциясын анықтау.

3. Қалалық шаруашылықты басқару ақпараттық моделін құру.

3.1. Бастапқы, аралықпен көмекші, директивтік немесе шығу мәліметтерді қолдану негізгі әдістер бойынша оларды бөлу және жіктеу.

3.2. ГАЖ арналған мәліметтер моделін құру. Объектілерді анықтау. Атрибуттарды анықтау.

4. ГАЖ жұмыс істеу қабілеттілігін анықтау және технологиялық шешімдерді таңдау.

5. Ұйымдастыру жәрдем алу.

6. Пилот-жобасын құру.

7. ГАЖ толық өңдеу және іске асыру.

Осы этаптарды толық қарастырайық.

1 этап. Қалалық әкімшіліктің негізгі және көмекші мақсаттар ретінде жерді қолдануды бақылау, жылжымайтын мүліктерді есепке алу, тұрғын және тұрғын емес фондыны қолдану мен есепке алу, көлік есептерді оптимизациялау, экологиялық мониторинг жасау, қылмыскерлікті азайту, жұмыс орындарды сақтап қалу және т.б. кіреді. Әрине осы мақсаттар ГАЖ кіру ақпараттарын алу мақсатын анықтау және ГАЖ тағайындауға қажет.

2 этап. Қалалық әкімшіліктің шешімін жергілікті органдар іске асырады. Олар жоғарғы директивтік ақпараттарды басқару, бақылау бойынша тәжірибелік әрекетке көшіретін функционалдық звеносы болып табылады.

Сондықтан, осыған байланысты жергілікті өкімет ұйымдардың барлық функциялары қарастырылған және ГАЖ қолдану нәтижесінде жергілікті өкімет ұйымдардың жұмысын жақсарту әдістерін іздестіру үшін талдау жүргізілуі қажет.

Бастапқы екі этаптарды орындауы ГАЖ өңдеу техникалық есептерді құру негізін береді. Осы этаптарында қалалық әкімшілікпен жұмыстың алғашқы келісімдер іске асырылады.

9 этап. Этаптың мазмұны – белгіленген жоғарғы мақсатқа жету және белгілі функцияларды іске асыру үшін ГАЖ қолданылатын ақпараттық мәліметтер моделін құру. ГАЖ өңдеу осы этабы екі этапқа бөлінеді. Бірінші этабы келесі әрекеттерді қамытиды:

• ГАЖ арналған бастапқы мәліметтерді бөлу және директивті көрсететін немесе директивтік шешімдерді қабылдауға әсерін тигізетін шығу мәліметтерді бөлу мақсатында қызметтік құжаттарын талдау;

• мұрағатта сақталу үшін дайындалатын мәліметтер немесе сипаттамасын беретін көмекші ақпараттарды еңгізе алатын аралық мәліметтер тобын анықтау;

• мақсаттық немесе функционалды белгісі бойынша олардың құрылымын зерттеусіз құжаттарды талдау;

• техникалық есептерді талдап тексеру, қалалық әкімшілікпен келісу және мәліметтерді ауыстыру.

Екінші этабында ақпараттық моделдер элементтер арасындағы байланысын анықтау үшін топталған құжаттар құрылымдық талдаудан өтеді. Алдымен маңыз және объект деп аталатын бас элементтерін айқындайды, содан кейін олардың шешім қабылдау үшін қажет болатын қасиеттерін талдау. Осы кезде әкімшіліктің келісім керек емес, және жұмыстың сапасы орындаушының іскерлік қабілеттігіне байланысты.

4 этап. Жергілікті жердің ерекшеліктерін минималды шығынмен ақпараттарды алу мен беру кезінде максималды тиімділігіне жетуге, сондай-ақ есептің баға катергориясына талдау жасау жүргізіледі.

Төртінші этап жұмысы ГАЖ құру және таңдау туралы орындаушының ұсынылатын ұсыныстан тапсырыс берушінің шешім қабылдау негізі болып қызмет етеді.

5 этап. Тапсырыс берушіні шешім қабылдауы жұмысты іске асыруға әкімшіліктің қолдауын алуды, сондай-ақ пилот-жобаны құруды анықтайды.

6 этап. Пилот-жобаны құруы – қысқартылған жүйе вариантын іске асыруы тапсырыс берушіден қаржы бөлу ең аз қауіп-қатерін талап етеді. Ол әкімшілік (тапсырыс беруші) жағынан шығынсыз немесе шектелген қаржы көлемінде орындалады. Пилот-жобасы шектелген функция мен іске асырылады және біріншіден ГАЖ толық көрсету, екіншіден ГАЖ мүмкіншіліктерін тәжірибелік іске асыруға қызмет етеді.

7 этап. Пилот-жобаны іске асырғанынан кейін оның функциясына талдау жүргізіледі. ГАЖ функциясын кеңейту немесе толықтыру, техникалық есептерді дәлелдеу және толық көлемеінде ГАЖ өңдеу іске асырылады. Осы этабында ГАЖ технологиясын және жүйесін толық құруды әкімлікпен келісуі іске асырылады.



Мемлекеттік жер кадастрасындағы ГАЖ технологиясы. Шетел елдер тәжірибесі, экономиканы тиімді басқару негізі қазіргі замандағы әдістер және меншікті жерді бақылау мен есепке алу технологиясын қолдану болып табылатынын көрсетеді. Осы проблеманы шешу үшін жер, жердің кадастра туралы мобильді ақпараттық базасы болу қажет. Кадастр –деп жер меншігіне құқығы бар барлық адамдардың сәйкестендіруі мен карталар және басқалай жер участкелерді көрсету.

Кадастралық карталарды жер участкелерін заңды көрсету графикалық көрініс ретінде анықтауға болады. Сол сияқты, жерді тиімді пайдалану негізін ГАЖ технологиялық кешеніне кіретін кадастрлық карталар құрайды.



Кадастралық картографияның автоматтандырылған жүйесі (ККАЖ). ККАЖ – карталарды құру сандық әдістеріне негізделген картографиялық интегрирленген автоматтандырылған жүйе. Жүйесі толық болып табылады. Ол өзіне жинау, моделдеу және сақтау, ақпараттарды ұсыну, барлық үш жүйелік деңгейлерді еңгізеді.

Жүйе құрамына келесі жүйелер кіреді:

• фотограмметриялықмәліметтерді жинау жүйесі;

• дала мәліметтерді жинау жүйесі;

• ортофототрансформирлау жүйесі;

• карталарды цифрлеу жүйесі;

• картографиялық сандық ақпараттарды өңдеу жүйесі;

• карталарды шығару жүйесі.

ККАЖ аэрофототүсіріс материалдарды фотограмметриялық өңдеу, карталарды цифрлеу, әр түрлі әдістермен жиналған сандық картографиялық ақпараттарын өңдеу және автоматтандырылған технология негізінде кадастрлық карталарды алу, жергілік жердің сандық моделдерін формалаумен байланысты кешенді жұмыстарды қолдану жолмен сандық кадастралық карталарды алуға аранлған.

Жүйенің кіру мәліметтері келесідей:

• аэрофототүсіріс материалдар: 1:8000 және 1:40000 масштабы мен 23 х 23 см форматтағы қара-ақ аэрофототүсірістер. Аэрофототүсірісі ушу кезінде навигацияны және жобалау орта координаталарын анықтауды қамтамасыз ететін GPS құралы мен қамтамасыз етілген аэрофотоаппараттының көмегі мен орындалу қажет;

• результаты полевых тахеометрических съемок или досъемок от­дельных объектов, которые по тем или иным причинам невозможно снять фотограмметрическими методами. Эти данные представляют­ся в виде файлов векторных моделей контуров снятых объектов в какой-либо из распространенных графических форматов (DXF, DGN и др.)

• картографические материалы, представленные в графической форме;

• каталоги координат и высотных отметок опорных точек, которые могут быть представлены в виде файлов на машинном носителе и в виде бумажного документа.

В результате функционирования АСКК создаются следующие карты:

• карты масштаба 1:2000, получаемые по материалам аэрофотосъемки масштаба 1:8000 с площадью охвата 1 км2;

• карты масштаба 1:10000, получаемые по материалам аэрофотосъ­емки масштаба 1:40000 с площадью охвата около 20 км2;

Плановая точность этих карт, характеризуемая средней ошибкой положения контуров с четкими очертаниями относительно ближайших точек съемочного обоснования, должна быть не хуже 0,5 мм в масштабе карты.



Мәліметтерді жинау фотограмметриялық жүйесі. Жүйенің бастапқы ретінде келесі мәліметтерді қолданады:

- 23х23 см және 18х18 см пішімді ақ-қара аэрофотосурет 50-қа дейін

көлбеу бұрыш жасаған пленкада, 27-40% көлденең, содай-ақ жанасқан

және үлкейтілген (қажет жағдайда) дақтар;

- тірек және бақылау нүктелерінің координаталар каталогтары, сондай-ақ

аэрофотосуреттердің жобалау центрлерінің координаталары;

- аэрофотоаппараттардың көрсеткіштері;

- аэротүсірістің параметрлері.

Функциалаудың қорытындысында жүйенің ішіне келесі көрсеткіш түрлері қалыптасады:

- құрамында кем дегенде DXF, DGN болатын стандартты айырбасталатын пішімдерде аймақтардың нұсқалары түсірілген векторлы үлгі;

- ашық пішімдегі (ASCII кодтары) фотограмметриялық тор нүктелерінің координаталарының каталогтары;

- ашық пішімдегі аэрофотосуреттерді сыртына қарай бағдарлаудың элементтерінің каталогтары (тізбесі);

- жергілікті жердің сандық үлгіс;

- аймақ нұсқасының жинақталған бақылау абрисі.



Жүйенің негізгі қызметтері болып табылады:

  • аспата (қажет жағдайда орындалады) немесе фотограмметриялық бекетте мәліметтерді жинау алдында аэросуреттерді жобамен камеральды шифрін оқу;

  • блоктың немесе маршруттардың шегіндегі фототриангуляция торы нүктелерін жасанды таңбалау және стереоскопиялық тану, содан кейін суреттерді ортофотоөзгерту үшін қолданылатын нүктелерді таңбалау, егер сандық стереофотограмметриялық бекет қолданылса, онда нүктелерді сандық таңбалау маршруттар мен үлгілер арасын байланыстыратын нүктелерді бере алатын кез келген әдіспен қамтамасыз етулуі керек;

  • фототриангуляция торының нүктелерінің координаталарын өлшеу;

  • аэрофотосуреттерді жобалаудың центрлерінің координаталарын қолдану арқылы фототриангуляция торларын теңестіру;

  • жалғасқан ортофотоөзгерту үшін рельефтің сандық үлгісін алу;

  • картаграфиялаудың аймақтарын стерекопиялық түсіру;

  • аймақтардың нұсқалары түсірілген бақылау абристерін (автоматты түрде сызылуымен) алу;

Фотограмметриялық қоюланудағы нүктелер координаталарын өлшеу кезінде келесі мүмкіндіктер қарастырылған:

  • стереопар, маршруттар нүктелер нөмірлерін енгізу;

  • Х, Y, P, Q нүктелерінің нөмірлері немесе сол жақ суреттің X, Y нүктелерінің нөмірлері, оң жақ суреттің X, Y нүктелерінің нөмірлері, сонымен бірге егер үлгі нүктелерінің координаталары өлшенсе, X, Y, Z нүктелерінің нөмірлері жиынтығынан тұратын ASCII – файл түріндегі нәтижесімен көрсетілетін нүктелер координаталарын өлшеу;

  • өлшеулерді түзету;

  • қайталап өлшеу;

  • нүктелер орналасқан зонаға тез ауысу;

  • өлшеу қорытындысын шұғыл бақылау.

Ортофотоөзгерту жүйесі. Ол келесі қызметтерді атқарады:

  • аэрофотосуреттерді сканерлеу;

  • аэрофотосуреттерді сандық пішімге келтіру;

  • сыртты көру элементтерін, тірек нүктелерінің координаталар тізбесін, суреттердің ішкі көрінісін көру элементтерін, рельефтің сандық үлгісін енгізу;

  • аэрофотосуреттерді ортофотоөзгерту;

  • рельефті ескере отырып, сандық аэрофотосуреттерді өзгерту (трансформировать);

  • суреттердің түйіскен шекарасы бойынша гистограммаларды түзету және фотопланға монтаж жасау;

  • ортофотопланда аймақтың нұсқаларына түсіріс жасау;

  • ортофотокарталарды хаттау және қатты тасығышқа қорытындылау;

  • аймақ нұсқалары жиналған бақылау абрисін алу.

Аталған қызметтерді жүзеге асыру кезінде мәліметтер және енгізілген материалдар қабылданады. Фотограмметриялық мәліметтер жиналған жүйеден алынған мәліметтерді өңдеу нәтижесін жүйеге шығарғанда келесі материалдарды алады:

  • қатты тасығышқа жеткізілген, талап етілетін жүктеме мен рамкалы хатталған координаттық торлы фотокарта немесе фотопланды;

  • сандық фотоплан немесе ТІҒҒ және Binary пішімдегі фотокартаны;

  • өзгертудің дәлдігін бақылаудың нәтижесімен бірге тексті құжаттар;

  • фотопланда аймақты түсіру нәтижесін көрсететін, векторлы (бағытты) пішімдегі (минимум DXF, DGN сияқты) сандық картографиялық ақпарат;

  • фотограмметриялық мәліметтер жиналған жүйеде тасымалдау және архивте сақтау мүмкіндігі үшін стандартты пішімде машиналық файлдар түріндегі аэрофотосуреттердің сандық көрінісі (егер ол сандық фотограмметриялық бекетте қолдануға негізделген болса);

  • нұсқалардан жиналған бақылау абристері.

Жүйенің жұмысы өзгертудің келесі дәлдіктерімен қамтамасыз етілуі керек:

  • тізбеден координаталары анықталған, орналасу жерімен байланысты өзгертілген көріністегі таңбаланған тірек нүктелерінің орналасуының максимальды таралуы жасалынып жатқан фотокартаның масштабында 0,4 мм-ден аспауы керек.

Картаны сандау жүйесі (дигитализация). Ол планшетті дигитайзер және сканерлерді қолданатын автоматты режимдер және картографиялық мәліметтерді қолмен жинау үшін арналған.

Жүйеге енетін материалдар мен мәліметтер:



  • қағаздағы әр түрлі масштабтағы картаның оттистінің түсті тиражды беттері;

  • пластиктағы картаның көшірілген беттері және түп нұсқасы;

  • диэлектрлі арқалағыштағы қалыңдығы 2мм-ге дейі картаның түп нұсқасы (қағаз, пленка, картон);

  • металды арқалағыштағы қалыңдығы 2мм-ге дейін картаның түп нұсқасы.

Векторлы файлдар және бақылау абристері шығатын мәліметтерге жатады.

Сандық картографиялық ақпараттарды өңдеу жүйесі.

Бұл жүйе кадастрлы картография автоматты жүйесінің негізгі компоненті. Ол жүйенің соңғы өнімінің бір түрі сандық картаны алу үшін далалық түсіріс жұмыстары, картаны сандау, фотограмметриялық мәліметтерді жинаудан кейін қажетті барлық өндірістік процестерді орындайды.

Шығатын мәліметтер жүйеде келесі қызметтерді атқарады:


  • фотограмметриялық мәліметтер жинағы пішімінен алынған жүйедегі жергілікті жердің сандық үлгісі;

  • векторлы мәліметті файлдар түріндегі сандық карта жүйесінен түсетін картаны сандаудың нәтижелері;

  • тахеометрлердің (DXF пішімді) қолдану арқылы далалық түсіріс нәтижесіндегі алынған кадастрлы картографиялық ақпарат;

  • машиналық файлдар түрінде және құжаттық (тексттік) пішінде картографияланатын аймақтардың атрибутивті мәліметтері;

  • картаның беттерін жасайтын мәліметтер (аты, номенклатура, бұрыштардың координаталары, координаталар жүйесі, проекция және т.б.).

Жүйенің жұмыс жолында жүзеге асады:

  • сандық картографиялық мәліметтерді енгізу және оларды жүйенің картографиялық мәліметтер базасында көрсетілетін ақпарат түріне келтіру (ауыстыру);

  • барлық келтірілген мәліметтерді кеңістіктік сопряжение ;

  • карта беттері, шектескен территориялардың диалогты және пакетті (сшивку) мәліметтер жиынтығы;

  • тақырыптық жігі бойынша картографиялық аймақтарды құрамдау;

  • топологиялық пішінді векторлы сандық үлгілердіқалыптастыру (толық топологиялық үлгілер);

  • атрибутивті мәліметтерді енгізу және оларды графикалық мәліметтерімен біріктіру;

  • сандық карталар архивін басқару;

  • санкционирленген рұқсатты қорғауды сақтаумен қамтамасыз ету, автоматтандырылған кадастрлы картографиялау жүйелерін қалыптастыру үшін, талап етілген барлық сандық мәліметтердің барлық типтерін басқару және үлестіру;

  • барлық жүйенің ақпараттарын өңдеудің технологиялық процестерін басқару, ақпаратты өңдеу кезіндегі ақпараттың жағдайы және қозғалысты диспетчерлеу;

  • мәліметтерді желілік үлестірумен және мәліметтер базасына таза желілік рұқсат алумен қамтамасыз ету;

  • технологияның барлық комплексінің желісін басқару.

Жүйе жұмысының қорытындысында, графикалық және онымен байланысты атрибутивті мәліметтерімен қоса, сандық картографияның ақпараттарының мәліметтер базасының мазмұны қалыптасады.

Картаны бастырып шығару жүйесі. Бұл жүйеге 1:2000 және 1:10000 масштабтарда сызылған карталардың тиражын сапалы шығару үшін, сандық картографиялық ақпараттарды қалыптастырғаннан кейінгі қажетті барлық өндірістік процестер кіреді.

Жүйе үлкен тиражды басып шығаруды қарастырмайды.

Қағазға сызылған, рамкамен хатталған және аңызды, қол таңбалы,координаттық торлы, фондық және штрихты элементті, түрлі-түсті карталар 5 – 10 даналы тиражбен басып шығарылады.

Мұндай жүйелердің жүзеге асырылуы кез-келген мемлекеттің жериеленушілерінің қызығушылығын қамтамасыз етеді:



  • заңды құжатпен расталған жер планын ұсыну, жерге құқық және басқа да жылжымайтын мүлік;

  • жерді ұзақ мерзімді иелену қауіпсіздігі, жер меншігіне деген құқығын қорғауға мемлекеттің кепілдігі, жерге деген үміткерлер арасындағы келіспеушіліктердің төмендігі;

  • жер туралы келісімдерді жеңілдету;

  • меншікті жерлерін экологиялық қауіпсіз пайдалану және бақылауды жоғарылату.

Мемлекет үшін жоғары дәрежелі ГАЖ/ЖАЖ қолайлы. Олар қамтамасыз етеді:

  • жер салығын және жер мүлкімен тығыз байланысты салығын жинау;

  • жжжер туралы келісім және жылжымайтын мүлікпен операциялардан жиналған баж салығына үлкен бақылау жасаудың ақасында бюджеттің ұлғаюы;

  • жер нарығын және басқа да жылжымайтын мүліктерін функциялау;

  • жер банктері, заңның және қоғамның құқылы мүшелері, сот органдарының басқармаларының жерге деген құқығы туралы расталған мәліметтер және заң негіздерін жеткізу;

  • территориялық жетілдірілуін қолайлы жоспарлау;

  • мемлекеттік статистикаларды және үлкен танымды тіркеуді енгізу.

Осы жүйелерді жасау және ашудың негізгі этаптарын ерекшелеуге болады: жобалау, жүзеге асыру, мәліметтерді жинау, мәліметтерді жаңарту және олардың қызмет етуі, модернизация (жаңарту).

Қорыта келгенде, ГАЖ/ЖАЖ жалпы ГАЖ сәйкес екендігін атап өтеміз. Технологиялық планда олардың айырмашылығы мәліметтер координаталарының дәлдігіне талаптың жоғары болуында және сұранысты жасау мен байланысты болады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии.–М.:СИНТЕГ.Интерфейс ПРЕСС, 1996. – 226 с.

2. Королев Ю.К. Общая геоақпарат. Часть 1.Теоретическая геоақпарат. – М.: СП ООО Дага +, 1998. - 118 с.

3. Тикунов В.С., Капралов Е.Г., Заварзин А.В. и др. Сборник задач и упражнений по геоинформатике - М.: Издательский центр «Академия», 2005.-560 с.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (7-тақырып) [1,3]

1 ГАЖ мәліметтерді талдау және шешім қабылдауға арналған құрал.

2 Мәліметтер базасының полясы мен жұмыс істеу.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет