ОҚУ-Әдістемелік кешен 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына



бет6/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#12557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2 Геометриялық талдау


3 Буферлік зоналарын құру

4 Тораптарды талдау

5 Рельефті цифрлік моделдеу.

10-11



Тақырыбы ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету қысқаша сипаттамасы (2 сағат)

Дәрістер жоспары

1 Бағдарламалық қамтамасыз ету негізгі жіктеуі

2 Геоақпараттық бағдарламалық қамтамасыз ету

3 ГАЖ-қосымшаларын өңдеуге арналған тілдер мен кітапханасы

4 Жерді аралық зондау мәліметтерін өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету


1 Бағдарламалық қамтамасыз ету негізгі жіктеуі

Компьютерлік бағдарламалар қандай бір мақсатты іске асыратын, мысалы картографиялық бейнелеуді құру үшін процессор мен орындалатын камандалар болып табылады. Барлық бағдарламаларды жүйелік, бағдарламалау аспаптық және қолдаңбалыға бөледі.

Компьютермен жұмысты басқару үшін операциондық жүйе деп аталатын жүйелік бағдарламаның ерекше түрі қолданылады.

Операциондық жүйе компьютердің барлық компоненттерінің жұмыс істеу және ара байланысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қолдануышыға оның аппараттарына кіру мүмкіншілігі береді.

Операциондық жүйенің құрылымына келесі модульдері кіреді:

• файлдық жүйені басқаратын базалық модуль;

• командаларды орындайтын командалық процессор;

• перифейлік құрылымның драйверлер;

• графикалық интерфейсті қамтамасыз ететін модульдер.

Дербес компьютерлердің бастапқы даму этабында негізгі операциондық жүйесі MS-DOS (Microsoft Disk Operation System) болды. Ол 80 жылдардың Intel фирмасының 8086 процессордың базасында құрылған, IBM PC/XT компьютерде жұмыс істеу үшін өңделген.

Ресейде ХХІ ғасырдан бастап дербес компьютер мен жұмыс істеу кезде Microsoft Windows (Windows 3.1, Windows 3.11, Windows 95, 98, 2000, NT, XP) операциондық жүйелерді қолданылады.
2 Геоақпараттық бағдарламалық қамтамасыз ету

Географиялық ақпараттық жүйесінің бағдарламалық құралдардың функциональды ерекшелігі кеңістік және атрибуттік ақпараттарын өңдеу мен талдауды анықтайды. Осы бағдарламалар жинау, машиналық ортаға еңгізу, өңдеу және кеңістік координаталанған мәліметтерді әр түрлі шығу құжаттар түрінде ұсынуға арналған.

ГАЖ бағдарламалық құралдар (БҚ) құрылымына аталған есептердің барлық жиынтығын шешеуді қамтамасыз ететін базалық БҚ, қосымша модульдер және көмекші құралдарды еңгізеді.

Осылар мен қатар картографиялық түрде ақпараттарды көруге және қарапайым геоақпараттық есептерді шешуге арналған жеңілдеткен бағдарламалық өнімдер бар.



Базалық бағдарламалық құралдар кеңістік және атрибуттық ақпараттардың ара байланысын, кеңістік және атрибуттық ақпараттарды көрсету, қажетті кеңістік объектілерін таңдауға немесе іздеуге сұранысты ұйымдастыру, атрибуттық ақпараттарды редакциялауды іске асыруға мүмкіншілік береді. Базалық бағдарламалық құралдар универсальды және арнайы болу мүмкін.

Қосымша модульдер базалық құралдар мен бірге жұмыс істейді және арнай есептерді шешу мүмкіншілік береді. ArcGIS Spatial Analyst модулі ArcGIS база негізінде жұмыс істейді және растрлық беттегі келесі есептерді шешуді қамтамасыз етеді:



Әр түрлі метрикадағы картографиялық арақашықтық. Осы класқа қатысты функциялар – евклидов қашықтықты есептейтін және атрибуттық сипаттамасы функция ретінде берілетін басқа метрикадағы қашықтықты есептейтін екі топқа бөлінеді.

Тығыздық алаңын картографиялау. Тығыздықты үлестіруін есептеуі нүктелік немесе сызықтық объектіледің концентрациясын көрсету қажеттілігі болған кезде пайдалы. Мысалы, қандай бір регионның қалалық тұрғындар бойынша мәліметтер болса, онда сіз осы регион бойынша тұрғындарды үлестіруін есептей аласыз.

Растраны интерполяциялау. Интерполяциясы растраның барлық ячкйкадағы бастапқы нүктелерді шектелген саны мен мәні бойынша есептеу мүмкіншілік береді. Түсіріс нүктелердің шектелген саны бойынша кезкелген алаңдағы мәнді қайта қалпына келтіруге қолданылу мүмкін.

Статистика функциясы максимум, минимум, орташа, медиан, диапазон, орташа кватраттық ауытқуы, қосынды және басқалай сипаттамаларды есептейді. Статистика функциясы бір қабаттағы, сондай-ақ бір неше қабаттағы заңдылық статистиканы бағалауға мүмкіншілік береді.

Қайта жіктеу. Осы функциясы ячейкадағы мәнді басқа мәні мен ауыстыруын орындайды.

Растрдың калькулятор. Бұл нәтижесі растр болып табылатын көптеген аргументтер, функциялар және операторлар көмектесіп туратын есептеуге арналған куатты аспап.

Конвертация. Осы функцияның көмегі мен Spatial Analyst векторлық мәліметтерді растрға конвертация жасауға мүмкіншілік береді.

Көмекші құралдар қымбатты базалық құралдарды қолдаңбай қажетті операцияларды орындау үшін қолданылады. Кейбір кезде көмекші бағдарламалық құралдар олардың аз универсалдығына байланысты өнімділікті болып келеді.
3 ГАЖ-қосымшасын өңдеуге арналған тілдер мен кітапханалар

ГАЖ мүмкіншілігін кеңейту үшін қолданушыға қолданыс қосымшаны құру мүмкіншілік беру қажет. Осы үшін бір неше варианттары бар. ГАЖ өңдеу бастапқы этаптарында өңдеу негізгі аспабы жүйеге кірістірілген бағдарлау тілдері болды. Көбінесе осы тілдері Basic, С (MapBasic, IDL) және т.б. стандарттық бағдарламалардың тілдері болып келеді, бірақ кейде тәуелсіз өңдеулердің де (SML) тілдері кездеседі. Кейінгі жылдар DLL,COM және ActivX технологиялардың дамуына байланысты өңдеушілер олардың тілдерін (МарХ, Zulu 5.0 ActiveX Control Module, ГеоКонструктор) қолдана бастады.



Қара-ақ растрларды филтрациялау (кездейсоқ шуды жою). Кездейсоқ шуды жою үшін – математикалық процедуралар қолданылады. Easy Trace верторизаторға қолданылған фильтрлеу алгоритмі шуды ғана жоя қоймайды, ол сынық сызықтарды қайта орнына келтіреді.

Фильтрді дұрыс таңдамаса жіңішке сызықтары және т.с.с. ақпараттарды жоғалтып алу мүмкін.



Автоматтандырылған векторлау. Сапалы векторлау үшін сызық түрлер, растрдағы сызықтың орташа қалыңдық, ескерілмеген дақтар мен тесіктердің мөлшер және ескерілмеген шу вектордың кесіндінің ұзындық, сондай-ақ векторлау дәлдік шамашарттары бар векторизатор күйін орындай алатын мүмкіншілік болу қажет.

Полисызықтардың шеттерін тігу. Автоматтандырылған векторлаудың нәтижесінде алынған полисызықтары растрдың локальды дефекттері және алыс тораптарды үзілістер болады. Автоматтандырылған векторизаторларда үзілген полисызықтардың шетін тігетін құралдары болу қажет. Бұл қолданушының берілген мәнінен бір-біріне жақын орналасқан полисызықтардың шеттерін біріктіретін функциясы.

Векторлық “мусорды” жою. Осы процедурасы растрдағы автоматтандырылған векторлау кезінде пайда болған қысқа полисызықтарды жою болып табылады.

Кейбір векторизаторларда әр түрлі критериялар бойынша, сондай-ақ биіктік саны бойынша жоюға арналған полисызықтарды таңдау бойынша сұраныстарды құруға мүмкіншіліктері бар. Таңдаудан кейін таңдаған объектіні жоюы іске асырылады.



Сызықтар формасын оптимизациялау және биіктік санын азайту. Алыңған полисызықтардың көп биіктіктері болу мүмкін, оның көбісін сызықтардың формасын өзгертпей жоюға болады. Ең маңыздысы осы кезде дәлдікті жоғалтып алмай және сызықтың формасын дұрыс беру.

Easy Trace векторизаторында оптимизациялау кезде формалау сызық және оның дәлдігін беру мүмкіншілік бар. Осы процедурасы кезкелген участкадағы сызықтардың формасын сақтай отырып, артық нүктелерді жоя алады.



Топология қателіктерін бақылау. Топологиялық қателіктерді қайта келтіруі өзқиылыстары, тұйықталған поли сызықтар ішіндегі аймақтар қиылыстар болмау немесе көл және оған құйылатын өзеңдерді құруды айтады.

Қателерді түзету. Алдыңғы этапбында табылған қателерді топология редакциялау аспаптар көмегі мен түзетуге болады. Осы кезде барлық қателерді түзетуін байқап туратын аспабы болу қажет.

Изосызықтарына биіктік мәнін беру. Осы этапта осыедай мүмкіншілікті иелену ғана маңызды емес, сонымен қатар автоматтандырылған иелену функциясы, сондай-ақ орындалған иеленудің үйлесімсіздіксіз тексеруі болу қажет.

Қалалық пландарды, кіші масштабтағы топографиялық карталарды, геологиялық карталарды және басқалай картографиялық шығармаларды векторизаторлау кезде векторизаторлар көптеген қосымша операцияларды орындауды іске асыру қажет. Осы функциялары әр қабаттар үшін векторизациялау жобаны келтіру (кабаттарды анықтау, визуальдауды келтіру, мәліметтер базасының құрылымын беру және т.с.с.) және векторизаторлау шамашарттарын анықтау (сызық түрлер, топологиялық жағдай, тұйықталу, байланысы, геометриялық жағдай, тікбұрыштығы, графикалық түрлер), бастапқы картографиялық материалдардың шамашарттарды беру (элипсоидтың шамашарттары, картографиялық проекцияның түрлер мен шамашарттары, растр нүктелерін тіркеу) және соңғысы векторизатолау нәтижесін шығару болып табылады.

Ресейдегі ең кенінен таралған векторизаторлары Easy Trace, MapEDIT, Spotlight Pro, Spotlight, RasterDesk, RasterDesk Pro и GeoDraw болып табылады.

Ресейдегі ең танымалы картографиялық материалдарды автоматтандырыл-ған векторизаторлау бағдарламасы MapEDIT (өңдеуші – ЗАО «Резидент») болып табылады.

1993 жылдан 2002 жылға дейін вектоизаторлаудың бес версиясы шығарылған.

Ресейде оның 750 жуық саты орындалған. Платформасы кейінгі версиясы – Windows 95, 98, NT, 2000 жұмыс істейді.

MapEDIT бағдарламасы қарапайым картадағы, ғарыштықпен аэрофото түсірістердегі, схема мен басқалай картографиялық материалдардың растрлық көрініс негізін қолданып, цифралық векторлық карталарды құру және редакциялауға арналған.

MapEDIT бағдарламасы екі версияда болда: фотограметриялық өңдеу мүмкіншілігі мен MapEDIT PRO және фотограметриялық өңдеу мүмкіншіліксіз MapEDIT.

Бағдарлама графикалық мәліметтерді ГАЖ кенінен таралған DXF, MIF, GEN/GPN (ARC/INFO, ГеоГраф), Shape/SHX, ASC (WinGIS) форматында экспорт жасауға мүмкіншілік береді.

Бағдарлама графикалық редактор да бола алады, және осы мақсаты мен ГАЖ-нен MIF, GEN/GPN (ARC/INFO, ГеоГраф), ASC (WinGIS), TXT (реперлерді түйістіру үшін) форматтарында графикалық мәліметтерді импорт жасай алады.


4 Жерді дистанциялық зондау мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету

Жерді дистанциялық зондау – деп бұл Жер бетіндегі немесе оның недрасындағы объектілер туралы ақпараттарды кезкелген контактсыз әдістер мен жер бетін электромагниттік спектрдегі белгіленген участкадағы көрініс түрінде алу. Фотограметриялық, сканерлік, радиолокациондық немесе басқалай цифралық түрінде алыңған ақпараттары дистанциялық зондау материалдар (ДЗМ), дистанциялық зондау мәліметтер немесе дистанциялық зондау аэроғырыштық түсіріс материалдар (АҒТМ) атағын алды. Бұдан әрі осындай ақпараттарды ДЗМ деп белгілейміз.

ДЗМ өңдеу жүйесі ГАЖ тәуелсіз көптеген жылдары бойы дамып келді. 70 жылдар және 80 жылдардың басында ДЗМ компьютерлік өңдеу бойынша негізгі әрекеттерді дүние жүзінде шектелген ұйымдар ғана қолданып келді. Осы ұйымдары мәліметтерді тікелей берушілер, жерді ғарыштан зерттеу және бейнені өңдеу жалпы проблема мен байланысты ірі ғылыми-зерттеу орталықтары болды.

ДЗМ алдын-ала өңдеу өндірістік көлемде жасалды, ал тиматикалық көлемге ғылыми тәжірибелер сипаттамасы болды. Оларды ақпараттармен қамтамасыз ету үшін қолданды.

Бірақ көріністі өңдеу көптеген түрлер мен әдістер қазіргі кездегі бағдарламаларға қолданды. ДЗМ өңдеудің қазіргі кездегі ақпаратты қамтамасыз етудің ерекшелігі болып, оны қолданатын адамдардың оған деген бағыты және сондай-ақ басқада көптеген түрдегі компьютерлер колданылады [Нормативно-правовая..., 1999; Трахтенгерц, 1998].

ДЗМ өңдеудің ақпараттық қамтамасыз ету және құралдардың спецификасы. ДЗМ жұмыс істеудің шеберлік ақпараттық платформасы болып, ГАЖ сияқты, жұмыс станциялары RISC-UNIX және Windows 2000, ХР және NT операциялық жүйелі жеке компьютерлер болып табылады.

Жалпы қолданылатын жүйелер PhotoPoint, PhotoShop және ғылыми зерттеулерде қолданылатын көріністі өңдеудің кәсіби жүйелеріне салыстырғанда, ДЗМ өңдеудің шеберлік ақпараттық қамтамасыз етудің ерекшеліктер бар (IDL пакет тілі түрі). Ол да және басқалай жүйелер растрлық моделдердің бірдей немесе көріністі математикалық өңдеу әдістеріне тіреніп жұмыс істей алады. Негізгі объективтік айырмашылығы зондтау мәліметтердің спецификасына байланысты болады.



Көріністегі файлдар өлшемі және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу жасау мүмкіншілігі. ДЗМ өңдеуде қамтамасыз етудің негізгі сипаттамасы үлкен өлшемді растрлық мәліметтер файлдарды жоғары жылдамдықта жаңарту және шолуы болып табылады. Қазіргі уақытта бір файлдың максималды өлшемі белгілі бір шекке шектеледі, оны операционды жүйксімен анықтаймыз.

UNIX жүйесі 2 Гб құрайды. Бірақ, Windows персоналды компьютерлерінде осы проблема жақсы шешілген, мысалы Photomod фотограмметриялық жүйесі 3 гб дейінгі растрларды өңдей алады. Бүгінгі уақытта ДЗМ көп мөлшерлі кадрдан жиналған жасанды мозайкалардан басқа өлшемдері кіреді. Мозайка – көптеген алға жылжиған виртуалды пакеттердің бірі болып саналады, ол ашық түсті бояуларды түзету үшін түсірістерді біріктіру және сонымен қатар берілген жүйедегі фотокарталарды кесу және өңдеуді атқарады.



Дистанциондық зондтау мәліметтерді өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта ДЗМ жұмыс істеуге арналған ең ірі тасушы универсалды жүйелер жұмыс істейді. Бұл ERDAS, ол АҚШ тез таралып және дүние жүзінде қолданушылар саны бойынша алдыңғы орынды алады. Жас австралиялық компания Earth Resource Mappin (пакет ER Mapper) геологиялық геофизикалық секторында жұмыс істеуде алға жылжуда. Канадалық компания PCI өзіңнің радарлық түсірістерді өңдеуді ақпаратты қамтамасыз етуден алға жылжи бастады. Америкалық компания International Imagin Systems (Datron) VI2STA пакетін құрған және оның негізінде ең ірі фотограмметриялық PRI2SM пакеті құрылған.

Басқада дүние жүзінде алға келе жатқан ақпараттық қамтамасыз етушілердің ішінде – Intergraph компаниясы ДЗМ өңдеу даму бағытында келеді.

Ресейде белгілі пакет TNTmips (Microimages Inc.), ол көбінесе өндірістік одақтардың маңайындағы мемлекеттік геологиялық карталау дистанциондық негізін құруға қолданылады.

IDRISI for Windows бағдарламалық пакеті ДЗМ өңдеу көп алгоритмлерге ие болып отыр.

Ресейлік шығарушылардың ішінде ақпараттық қамтамасыз ететін Photomod AO3 «Ракурс» фотограмметриялық бағдарламаны айта кету керек, ол прецизионды фотограметриялық мәліметтерді алады, сонымен қатар көрініске визуалды дешифирлеуді жүргізе алады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии.–М.:СИНТЕГ.Интерфейс ПРЕСС, 1996. – 226 с.

2. Королев Ю.К. Общая геоақпарат. Часть 1.Теоретическая геоақпарат. – М.: СП ООО Дага +, 1998. - 118 с.

3. Тикунов В.С., Капралов Е.Г., Заварзин А.В. и др. Сборник задач и упражнений по геоинформатике - М.: Издательский центр « Академия», 2005.-560 с.1

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалар (6 тақырыбы) [3]


1 ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету қысқаша сипаттамасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет