ОҚУ-Әдістемелік кешен 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына



бет9/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#12557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Векторлық графика


Векторлық графикада растрлық графикаға қарағанда нысандардың математикалық сипатымен құрылады. Бастапқыдан векторлық графикада бейне құрылымы векторлық сызудан тұрады. Егер растрлық графикада бейненің базалық элементі пиксел болса, векторлық графикада – сызық болады. Сызық математикалық түрде тұтас объект ретінде беріледі, сондықтан векторлық графика құралдарымен көрсеткенде мәліметтер көлемі растрлыққа қарағанда аз болады. Сызықтың қасиеттері болады: формасы (түзу, қисық), қалыңдығы, түсі, сызылуы (толық, үзік). Тұйықталған сызықтар боялу қасиетіне ие. Олармен қамтылған кеңістіктербасқа нысандармен (текстуралармен) немесе таңдалған түстермен толтырылуы мүмкін.

Векторлық графиканың барлық нысандары сызықтардан құралады. Мыс: кубты алты тіктөртбұрыштардан құруға болады, оладың әрқайсысы төрт сызықтан тұрады. Сөйтіп куб 20 қосылған сызықтардан тұрады. Векторлық графиканы құрайтын нысандардың формасы, түсі және кеңістіктегі жағдайы әрқашанда компьютерлік командалармен математикалық формулалар көмегімен көрсетіледі. Векторлық графиканы жиі нысанды бағдарланған (объектно-ориентированный) графика деп атайды.

Векторлық графикада нысандар ретінде қарапайым геометриялық фигуралар – графикалық примитивтер болады: тіктөртбұрыштар, шеңбер эллипс, сызық, нүкте және примитивтерден құрылған фигуралар, түстер, сонымен қатар олардың градиенттері.

Геоақпараттық картографиялау.

Геоақпараттық картографиялау – бұл ГАЖ және картографиялық мәліметтер мен білім негізінде бағдарламамен басқарылатын карталарды құрастыру және қолдану. Геоақпараттық картографиялау негізін геожүйелерді ақпараттық-картографиялық моделдеу құрайды.

Геоақпараттық картографиялау – салалық және кешендік, аналитикалық және синтетикалық болуы мүмкін. Қабылданған

Сарамандық жұмыстар


2 САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫСТАР

2.1 Mapinfo Professional ГАЖ-дің инструменттік ортасымен

танысу

Сарамандық жұмыстың мақсаты - Mapinfo Professional ГАЖ инструменттік ортасының негізгі мүмкіндіктерімен танысу, программаның негізгі панельдері, кестелер және жұмыс жиынымен жұмыс істеуге дағдылану.

Mapinfo Professional бұл елдердің, аумақтардың, аудандардың, қалалардың карталарын және жоспар немесе карта ретінде қарастыруға болатын объектілерді кұруға және талдауға мүмкіндік беретін геоақпараттық жүйе. Жасалған электрондық карта түрлі әдістермен, соның ішінде жоғары сапалы картографиялық өнім түрінде бейнеленеді. Одан басқа, Mapinfo сұратуларды жүзеге асыру және әр түрлі тақырыптық карталарды жасау негізінде географиялық талдаудың күрделі мэселелерін шешуге, алыстаған мәліметтер базасымен байланыс жасауға, географиялық объектілерді басқа программалық өнімдерге айналдыруга және тағы басқаларына мүмкіндік береді.

Mapinfo-ның негізгі мүмкіндіктері:

- векторлық мәліметтер және олармен байланысты тақырыптық


ақпараттармен жұмыс;

  • картографиялық ақпаратты, соның ішінде оларды төменгі жағын растр ретінде қолдана отырып түсірілген суреттер бойынша редакциялау мүмкіндігі;

  • кез-келген мәлшерде және әр түрлі берілген мәліметтерді үш түрлі терезелер: Карта, Тізім және График түрінде қарастыру. Мәліметтерді синхронды көрсету технологиясы бір мезетте бірдей мәліметтері бар бірнеше терезе ашуға мүмкіндік береді, және де бір терезедегі мәліметтерді өзгерткенде басқа қалған барлық терезелердегі мәліметтер автоматты түрде өзгереді;

  • тақырыптық карталар жасау арқылы ақпаратты көрсету әдістерінің түрлілігі;

  • карталардың проекцияларының өзгеруі;

- бөлек файлдардан тұратын қарапайым сұрыптаудан бірнеше
файлдар бойынша күрделі SQL - сұратуларға дейін күрделілігі әр түрлі
сұратуларды құрастыру;

- dBasе немесе әр түрлі форматты графикалық файлдарда жасалған


файлдарға тікелей рұқсат беру.

Mapinfo программалық өнімі мәліметтер базасында сақталатын материалдарды өңдеу және талдау нәтижелері тіркелетін әр түрлі тақырыптық карталарды жасау үшін қолдануға болады.

Mapinfo-ның мәліметтер базасы - реляциондық және иерархиялық емес; оны сақтау барлық объектілердің арасында өзара байланысты

қамтамасыз ететін бірегей географиялық байланысы бар мәліметтерді кеңістіктік деп атауға болады.

Mapinfo мәліметтер базасындағы (SQL сұрату тілін қосқанда) мәліметтерді ендеу артықшылықтары және карталар, сұлбалар мен графиктердің көрнектілігін уйлестіреді. Программалық өнімде талдаудың және мәліметтерді көрсетудің тиімді әдістері біріктірілген.

Mapinfo келесі форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді:

  • файлдың аты. GІF (Graphics Interchange Format),

  • файлдың аты. JPG (JPEG format),

  • файлдың аты. ТІҒ (Tagget Image File Format),

  • файлдың аты. РСХ (Soft Paintbrush),

  • файлдың аты. ВМР (Windows Bitmap),

  • файлдың аты. ТОА (Таrgа),

  • файлдың аты. ВІL (Spot спутниктік фотосуреттер).

Mapinfo-да барлық ақпарат (текст және графикалық) кестелерде (Таbles) сақталады.

Әрбір кесте - карта түрі мен мәліметтер файлдарын беруші файлдар тобы. Әдетте Mapinfo - мен жұмыс істегенде кестелер мен терезелердің кебі колданылады. Кестелер мен терезелерді ашу белгілі бір уақытты алады. Mapinfo-да қолданылатын барлык кестелер мен терезелерді Жұмыс Жиынтығына біріктіруге болады.

WOR кеңейтуі бар файлда сақталатын осы уақытта барлық қолданылатын кестелер мен терезелердің тізімі жұмыс жиынтығы болып табылады.



Онда барлық ашық тұрған терезелер, олардың өлшемдері және экрандағы жағдайы, шрифтер, белгілер, сызықтар және шрихтер туралы ақпарат бар. Жұмыс жиынтығын сақтағанда кестелерді редакциялау нәтижелері, сонымен қатар косметикалық қабаты үстіндегі операциялар ескерілмейді. Олар жеке сакталынады.

Мәліметтерді үш терезенің көмегімен қарауға болады:

- Карта терезесі - ақпаратгы мәліметтердің графикалық тәуелділігін


талдауга мүмкіндік беретін жай карта түрінде керсетеді. Картаның
терезесінде бірден бірнеше кестелерден тұратын ақпарат болады, бұнда әр
бір кесте картаның белек қабаты ретіниде керсетіледі;

  • Тізім терезесі - ақпаратты жолдар мен бағаналардан тұратын электрондық кесте, жазба тізімі түрінде керсетеді;

  • График терезесі - ақпаратты мәліметтер арасындага сандық тәуелділіктерді талдауға мүмкіндік беретін графиктер мен диаграммалар түрінде керсетеді.

Мәліметтерді синхронды көрсету тухнологиясы кестені бірнеше Карта, Тізім және График терезелерінде бір уақытта қарауға мүмкіндік береді.

Mapinfo растрлік кескіндердің келесі түрлерімен жұмыс істейді:

  • ақ-қара кескіндер: мұнда әр бір пиксель қара немесе ақ нүктеге сәйкес келеді. Мұндай кескіндер аз орын алады және Mapinfo - да тез оқылып керсетіледі;

  • жарты енді кескіндер: әр бір пиксель қара, ақ немесе сұр түстің бір өңін керсетеді; .

  • түсті кескіндер: әр бір пиксель берілген кескіннің палитрасында бар түстердің біреуін бейнелейді.

Негізгі операцияларды менюдағы сәйкес пунктердің немесе инструменттер панеліндегі батырмалардың кемегімен орындауға болады.

Теменде «Пенал» және «Операциялар» программаларының арнайы панельдерінің негізгі батырмаларының неге арналғаны келтірілген.

«Операциялар» аспаптар панелі.

«Увеличивающая лупа» кескінді үлкейту үшін керек. Бұл инструментті қолданудың екі әдісі бар:

  • курсор терезенің жұмыс ерісіне орналастырылады, маустың сол жақ батырмасын басу терезедегі кескінді екі есе үлкейтеді. Кескіннің ортасында болған нүкте үлкейткен кезде де ортасында қалады. Осылайша қажет болғанша бірнеше рет қайталауға болады.

  • инструментпен тік бұрышты аудан салынады, ол үшін керсеткіш тік бұрышты үш бұрыштың ойдағы жогарғы сол жақ бұрышына орналастырылады да маус пернесін басып тұрған жағдайда қозғалады. Керсеткіштің артынан үзік-үзік сызықты тік бұрышты үш бұрыш жүреді, ол қажетті елшемге жеткенде пернені жіберіңіз. Үзік-үзік сызықты жақтаумен шектелген аудан үлкейтіледі. Mapinfo кескіннің елшемін Карта терезесінің бүкіл ауданын алатындай үлкейтеді. Алайда үлкейту пропорцияны ескерумен жасалынады, егер терезенің формасынан ерекшелінетін тік бұрышты үш бұрыш таңдалып алынса, үлкейтілген аудан инструментпен таңдалып алынганнан біраз үлкен болады.

«Уменьшающая лупа» кескінді кішірейту үшін керек.

батырмасы Карта немесе Есеп терезесіндегі кескіннің орнын ауыстыру үшін қолданылады.

  • батырмасында «Ақпарат» инструменті бар. Инструмент «Ақпарат» қосымша терезесін ашу үшін және онда инструментпен таңдалып алынған объектіге қатысты кестелік мәліметтерді бейнелеу үшін қолданылады. Сонымен қатар терезеде Карта терезесінде аспап керсеткен нүкте жататын барлық объектілер көрсетіледі.

  • батырмасында «Подпись» инструменті бар. Бұл инструмент Картада сәйкес мәліметтер базасынан ерістерді пайдалана отырып инструментпен таңдалып алынған объектіге ат беру үшін қолданылады. Егер Карта терезесі белсенлі болса және ең болмағанда біо кабэт ашық болғанда батырманы пайдалануға болады.

  • батырмасы бейнелеу режимдерін басқаруға және Карта терезесінде қабаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Управление слоями» диалогін ашады. Карта терезесі белсенді болганда ғана батырманы пайдалануға болады.

  • батырмасы экранға тақырыптық белгілеуі бар График және Карта терезесінде қолданылатын шартты белгілерді көрсету үшін «Легенда» қосымша терезесін шығарады.

  • батырмасында «Выбор в рамке» инструменті бар. Бұл инструмент осы инструментпен сызылған тік бұрышты үш бұрыштың ішіндегі объектілерді таңцау үшін қолданылады. Карта фонындагы маустын көрсеткіші қолдың сү_қ саусағы түрінде болады.

  • батырмасыңда «Выбор в круге» инструменті бар. Бұл инструмент осы инструментпен сызылган дөңгелектің ішіндегі объектілерді тандау үшін қолданьшады.

  • батырмасында «Линейка» инструменті бар және арнайы «Линейка» терезесін ашады. Бұл инструмент картадағы екі нүктенің арасындагы ара қашыктықты анықтау үшін қолданылады.

  • батырмасында «Стрелка» инструменті бар. Бұл инструмент бір
    немесе одан да көп жазбаларда бір немесе одан да көп объектілерді таңдау
    үшін қолданылады. Сонымен қатар инструментті Картада, Есепте немесе
    Тізімде жөндеу операциялары үшін қолдануға болады.

  • батырмасы таңдалған жазбалардағы сандық өрістердегі суммалар мен орташа мәндерді көрсететін «Статистика» инструментін ашады. Таңдалған жазбалардың {объектілердің) саны да осы терезеде көрсетіледі. Таңдауды өзгерткенде мәндер автоматты түрде қайтадан есептеледі.

«Пенал» панелінің негізгі кнопкалары.

батырмасында «Линия» инструменті бар. Бұл инструмент Карта және Есеп терезелерінде түзу сызықтар салу үшін қолданылады.

батырмасында «Полилинии» инструменті бар. Инструмент Карта және Есеп терезелерінде қисық сызықтар салу үшін қолданылады.

батырмасында «Доға» инструменті бар. Инструмент эллипстің ширегін бейнелейтін «доға» түріндегі объектілерді салу үшін қолданылады. Объектіні салғаннан кейін қалауың бойынша доғаның пішінін өзгертуге болады.

  • батырмасында «Эллипс» инструменті бар. Инструмент эллипс және дөңгелектерді салу үшін қолданылады.

  • батырмасында «Полигон» инструменті бар. Инструмент
    қабыргаларды белгілей отырып, Карта және Есеп терезелерінде көп
    бүрыщтар салу үшін қолданылады.

  • батырмасы сызыкты объектілерді керкемдеу стилін езгерту үшін колданьшатын «Линия» диалогін ашады. Ауцанцарды көркемдеу стилін белгілеуге және тандалған объектілердің стилін езгертуге болады.

  • батырмасы аудан, тік бұрышты үшбұрыш, эллипс және деңгелектелінген тік бұрышты үшбүрыш сияқты аудандык объектілерді көркемдеу стилін езгерту үшін қолданылатын «Стиль области» диалогін ашады. Контур сызыгының түрін, оның түсін, қалыңдығын, сонымен қатар штрихтаудың түрі мен түсін езгертуге болады. Диалог аудандарды керкемдеу стилін беру және тандалған объектілердің стилін езгерту үшін қолданьшады.

  • батырмасында «Прямоугольник» инструменті бар. Инструмент тік бұрыщты үшбұрыш салу үшін колданылады.

  • батырмасы сызықтың түйіндері мен сегменттерінің орнын ауыстыру, қосу және ешіру арқылы полигондар, полисызықтар және түзу сызықтардың пішінін езгертуге мүмкіндік беретін «Форма» режимін қосады. Сонымен қатар сіз жаңа сызықтар мен қисықтар салу үшін түйіндерді кешіре және орнын ауыстыра аласыз. Батырма Карта терезесі мен езгертілетін терезе немесе Есеп терезесі белсенді болса пайдаланылады.

  • ] батырмасы түзелінетін объектілердің пішінін езгерту үшін түйіндер қосуға мүмкіндік береді.

  • батырмасында «Символ» инструменті бар. Инструмент картада символмен белгіленетін нүктелік объектілерді салу үшін қолданылады.

  • батырмасы нүктелік объектілерді керкемдеу стилін езгерту үшін колданылатын «Символ» диалогін ашады. Сіз символдың түрін, оның түсін, елшемін және түсін өзгерте аласыз. Диалог нүктелік объектілер мен Тізімдегі текстіні керкемдеу стилін белгілеу үшін, сонымен қатар тандалған объектілердің стилін езгерту үшін қолданылады.

  • батырмасында Карта және Есеп терезелерінде текстік объектілерді күру үшін қолданылатын «Текст» инструменті бар.

  • батырмасы текстердің керкемдеу стилін езгерту үшін қолданылатын «Стиль текста» диалогін ашады. Сіз шрифтіні, оның жазылуын, елшемін және түсін езгерте аласыз. Диалог текстік объектілерді керкемдеу стилін беру үшін, сонымен қатар таңдалған объектілердің стилін езгерту үшін қолданылады.

Зертханалық жұмыстарды орындау үшін тапсырма:

Mapinfo форматындағы файлдар жиынтығы осы лабораториялық жұмыстың ажыратылмайтын белігі болып табылады.

adm_cen – Ресей Федерациясының әкімшілік орталықтары туралы ақпараты бар файл.

rus_obl – Ресей Федерациясының аудандары мен республикалары туралы ақпараты бар файл.

сіtу_200 Ресей Федерациясының 200 ең ірі қалалары туралы акпараты бар файл.



railway – Ресей Федерациясының непзп темір жол магистральдары туралы ақпараты бар файл.

rus_bord Ресей Федерациясының аумақтары туралы ақпараты бар файл.

gridl меридиан мен ендіктердің географиялық торы.

Тапсырма 1. Кестелермен жұмыс



  1. rus_obl кестесін ашу. Ресей Федерациясының аудандары мен республикаларының шекаралары бар карта пайда болады.

  2. adm_cen кестесін ашу. Картада жүлдызша турінде белгіленген Ресей Федерациясының әкімшілік орталықтары пайда болады.

  1. сіtу_200кестесін ашу. Картада дөңгелекшелер түрінде белгіленген Ресей Федерациясының 200 ең ірі қалалары пайда болады.

  2. railway кестесін ашу. Картада сызықтар түрінде белгіленген Ресей Федерациясының ең ірі темір жол магистральдары пайда болады. Біріккенде ашылған кестелер картографиялық композицияны қүрайды.

  3. «Увеличивающая лупа» батырмасын пайдаланып, масштабты үлкейту.

  4. «Карта - Показать как было» командасын пайдалана отырып алғашқы кескінді қалпына келтіру.

7) «Уменынаюшая лупа» батырмасын пайдаланып, масштабты
кішірейту.

8) «Ладошка» батырмасын пайдаланып, кескіннің орнын
ауыстыру.

9) «Карта - Показать слой полностью» командасын пайдалана
отырып алғашқы кескінді қалпына келтіру.

  1. «Список» батырмасын пайдаланып, картамен байланысты ас!т_сеп мәліметтері бар кестені ашу және кестенің терезесін белсендіру.

  2. «Окно - Карта» командасын пайдалана отырып картографиялық композицияны бёлсендіру.

  3. rus_bord кестесін ашу. Ресей Федерациясының картасы пайда болады.

  4. «Управление слоями» батырмасын пайдаланып, диалогтік терезе ашу.




  1. қабаттың атына нұсқагышты апарып, маусты басу арқылы rus_bord қабатын белгілеу.

  2. «Вверх» батырмасын басу арқылы Бұл қабатты басқалардан жоғары жерге апару.

  3. «ОК»
    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет