ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына
«Геоақпараттану» пәніне арналған
ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Мазмұны
1
|
Дәрістер
|
|
2
|
Зертханалық сабақтар
|
|
3
|
Студенттің өздік жұмысына арналған тақырыптар
|
|
№
1-2 дәріс
Тақырыбы: Геоақпарат туралы түсінік. Оның басқа ғылымдар мен байланыс. (2 сағат)
Дәріс жоспары
Геоақпарат туралы түсінік
ГАЖ-ні жүйелік талдау
Ақпараттық жүйені жүйелік құру жалпы мәліметтер
Басқа автоматтандырылған жүйелердегі ГАЖ орны
Автоматтандырылған анықтама-ақпараттық жүйесінің (АААЖ) жұмыс істеу негізгі принціптері
Автоматтандырылған жобалау жүйелер
Автоматтандырылған анықтама-ақпараттық жүйесі (АААЖ)
8. ГАЖ эксперттік жүйелерді (ЭЖ) қолдану. ЭЖ сипаттамасы.
1. Геоақпарат туралы түсінігі
Қазіргі замандағы геоақпаратлық жүйесі бір жағынан автоматтандырылған жүйенің (АЖ) бұрын болған көп мәліметтерді өңдеу әдістер кіреді, басқа жағынан мәліметтерді өңдеу және ұйымдастыру ерекшелігі бар интегрирленген ақпараттық жүйесінің жаңа түрі болып табылады. Осылар ГАЖ көп мақсаттық, көп аспекттік жүйесі екенің анықтайды.
ГАЖ – географиялық ақпаратта қызмет ететін интеграция негізінде кеңістік уақыттық мәліметтерді өңдеуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
ГАЖ-де ақпаратты жинаудан сақтауға дейінгі, жаңарту және ұсыну кешендік өңдеуі іске асырылады, осыған байланысты ГАЖ-де әр түрлі позициялар қарастырлады:
1 ГАЖ басқару жүйесі ретінде жер және ресурсты дұрыс пайдалану, қалалық шаруашылық, транспорт, мұқитты немесе басқалай кеңістік обьектілерді қолдану бойынша шешім қабылдауды қамтамасыз етуге арналған. Осы кезде шешім қабылдау үшін картографиялық мәліметтерді қолданады.
2 ГАЖ автоматтандырлыған ақпараттық жүйесі ретінде белгілі ақпараттық жүйелер ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесінің (ҒЗАЖ), автоматтандырылған жобалау жүйесінің (АЖЖ), автоматтандырылған анықтама-ақпараттық жүйесінің (АААЖ) және т.с.с. бір қатар технологияны немесе технологиялық үдірістерін біріктіреді. ГАЖ интеграция технология негізін АЖЖ технологиясы құрайды.
3 ГАЖ геожүйесі ретінде біріншіден ақпараттарды жинауға географиялық ақпараттық жүйесінің, картографиялық ақпарат жүйесінің (КАқпЖ), картографияның автоматтандырылған жүйесінің (КАвтЖ) фотограмметриялық автоматтандырылған жүйесінің (ФАЖ), автоматтандырыл-ған кадастрлық жүйесінің және т.с.с. жүйелердің технологиялар қолданылады.
4 ГАЖ мәліметтер базасын қолданатын жүйесі ретінде әр түрлі әдістер мен технология көмегі мен жиналатын мәліметтер жинағы мен сипатталады..
5 ГАЖ моделдеу жүйесі ретінде басқа автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын моделдеудің максимальді әдістер мен үдірістерді қолданады.
6 ГАЖ жобалық шешімдерді алу жүйесі ретінде автоматтандырылған жобалау әдістерін қолданады және типтік автоматтандырылған жобалауында кездеспейтін арнайы жобалық есептерін шешеді.
7 ГАЖ ақпаратты ұсынатын жүйесі ретінде қазіргі замандағы мультимедиясын қоладанып құжаттарды қаматамасыз ететін автоматтандырылған жүйесінің (ҚҚЕАЖ) дамуы болып табылады.
8 ГАЖ интегрирленген жүйесі ретінде АЖЖ технология базасында технологияны интеграциялау және географиялық ақпарат жүйесіндегі мәліметтерді интеграциялаудың негізінде құрылған мәліметтерді бір кешендікке бірітіру әдістер мен технологиялар болып табылады.
2 ГАЖ жүйелік талдау
Көп автоматтандырылған жүйелерді өңдеушілер осы жүйелер ГАЖ класына кіреді немесе кірмейді екеніне жауапты бере алмайды. Осы бұрын болған көп кеңістік уақыттық мәліметтерді өңдеу мен жинау жүйелерінің технология мен сондай-ақ терминдердің әр түрліне байланысты.
ГАЖ интегрирленген жүйе класына кіреді. Мәліметтерді интеграциялауы мәліметтерді жобалау модельдер жүйесін қолдану, универсальды ақпараттық модельді құру және сәйкес мәліметтерді ауыстыру хаттамасын қолдану болып табылады.
ГАЖ жинақтап талдау үшін ақпараттық интегрирленген жүйесінің иерархиясының негізгі түсініктерді берейік.
Түсініктің жоғарғы деңгейі – барлық ақпаратты өңдеу, ауыстыру және ұсыну үдірістері орындалатын, тәуелсіз кешендік интегрирленген жүйесі болып табылады. Жүйенің схемасы жүйелік деңгейді, процессті, есептерді өзіне еңгізеді.
Жүйесі толық және толық емес болу мүмкін.
Толық жүйесі келесі үдірістерді еңгізетін технологиялық циклды іске асырады:
• жүйенің алдында қойылған есептерді шешу үшін берілген аймақтағы барлық түрдегі ақпараттарды еңгізу (немесе еңгізу мүмкіншілігі болу);
• берілген кластағы есептерді шешу үшін бар құралдарды қолданып ақпараттарды өңдеу;
• басқа жүйелерді қолдаңбай есепке сәйкес түрде мәліметтерді ұсыну немесе шығару.
3 Ақпараттық жүйені жүйелік құру туралы негізгі мағлұматтары
ГАЖ жинақтап жүйелік талдау үшін әрі текті әдістерін таңдауы қажет. Сол үшін М. Дж. Месарович пен Ю.А. Урманцевтердің жұмыстары мен негізделген жалпы жүйелер теориясының (ЖЖТ) ережелерін және бағдарламалық жобалар мен жүйені өңдеу кезінде кенінен қолданылатын құрылымдық талдау әдістерін қолдануы мақсатқа сәй келеді.
Тәжірибелік зерттеу кезінде функциональды жүйелер мен жұмыс істеуге тура келеді. Осы класты формализациялау үшін М. Месаровичтің берген ұсыныстары ыңғайлы болып келеді.
Жүйелік тәсілі кезкелген ақпараттық жүйені берілген есепті шығарудан бастап жүзеге асыруға дейінгі жүйені құруды анықтайтын, жеті этапы бар схема түрінде құру мүмкіншілі береді.