Алғашқы функцияларды табудың үш ережесі
Бұл ережелер дифференциалдаудың сәйкес ережелеріне ұқсас.
1-ереже. Егер f үшін алғашқы функция F,ал g үшін алғашқы функция G болса, f+g үшін алғашқы функция F+G болады.
Шынында да, F`=f және G`=g болатындықтан,қосындының туындысын есептеу ережесі бойынша
(F+G)`=F`+G`=f+g.
2-ереже. Егер f функциясы үшін алғашқы функци F, ал k-тұрақты шама болса,онда k*f үшін алғашқы функция k*F болады.
Шыныда да,тұрақты көбейткішті туынды таңбасының алдына шығаруға болады,сондықтан
(kF)`=kF`=kf.
3-ереже.Егер F(x) функциясы f(x) үшін алғашқы функция,ал k мен b –тұрақты шамалар болып, сонымен бірге k 0 болса,онда f(kf+b) функциясы үшін алғашқы функция F(kx+b) болады.
Шынында да,күрделі функфияның туындымын есептеу ережесі бойынша
( F(kx+b))`= F`(kx+b)∙k=f(kx+b).
12- дәріс.
Тақырыбы: Планиметрия аксиомалары. Бастапқы геометриялық ұғымдар. «Үшбұрыштар», «Көпбұрыштар» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |