Қарайым тілін көне еврей тілімен, яғни иврит тілімен араластыруға болмайды, себебі қарайымдар үшін иврит тілі діни табынушылық тіл болды. Қарайым тілі түркі емес тілдермен қоршалған, әрине бұл да өз әсерін тигізеді. Қазір де қарайымдар көп шоғырланған жерде басқа ұлттармен аралас өмір сүруде. Сондықтан қарайым тілі өзінің көне келбетін сақтаумен қатар славяндық және литовтық тілдердің ықпалынна ұшырап отыр. Қарайым тілінде сөйлеушілер санының азаюы және қызмет ету салаларының тарылу үдерісі бұрын басталған болатын. XX ғасырға дейін бұл үдеріс баяу жүрді, ал XX бастап, әсіресі бірінші дүниежүзілік соғыстың басында күшейе түсті. Славян тілдерінің қоршауында қалуы қарайым-славян қостілділігінің пайда болуына алып келді. Қостілділік жаңа заманның ағымына тән құбылыс, әлеуеті мықты тілдің иесі қостілділікке мұқтаж емес, қостілді болуға әлеуеті төмен тілдің иесі мәжбүр болатыны айқын. Әлеуметік ғылымдар бойынша қостілділік, екітілді иеленушіде болып жатқан басқа мәдениетті қабылдау үдерісін көрсетеді. Қостілділік аталмыш халықтың мәдениетінде болып жатқан өзгерістерді көрсететін өлшегіш құрал болып табылады. Шамамен жүз жыл бұрын В.В. Радлов ірі қалаларды мекендеген қарайымдықтардың үй тұрмысының қолданысындағы тіл ретінде қалған татар тілімен тепе-тең орыс тілін меңгергендігін байқаған. Бірнеше уақыт бұрын қарайым тілін тұрмыста қолдануы бойынша қарайымдар да өзгешеленді: 1) тракайлық; 2) паневеждік; 3) галицтік; 4) қырымдық. Бұл қарайым топтарының қостілділігі тұрғылықты жеріндегі тілдермен сабақтастырылды. Осылайша, батыс қарайымдарда бірнеше ғасырлар бойы қостілділік келесі жолмен дамыды: алғашында қарайым-орыс, қарайым-поляк, қарайым-украин, қарайым-литов, қарайым-белорус сипатында болды. Қырым қарайымдарында қарайым-орыс қостілділігі дами келе орыс біртілділігіне ауысу үстінде. Қарайым тілінің өкілі ана тіілін ұмытып, орыс тілді жұртқа айналуда. Қарайым тіліне славян тілінің элементтерінің әсерін кезеңге бөліп қарастыру өте күрделі арнайы қосымша зерттеулерді талап ететін мәселе. Кірме сөздердің шегін анықтау нақты бір қиындықтарды туғызады, себебі бұл шектер ауызекі сөйлеу сөзінің кеңеюуі мен тарылуына байланысты. Қарайымдардың жазбаша тілінде кірме сөздер аз, себебі авторлар кірме сөздерді аз қолдануға тырысты, яғни субъективті фактор жоғары болды. Кірме сөздердің енуі қарайым тілінде сөйлеушілердің жас мен әлеуметтік жағдайына байланысты болды (үй шаруасындағы әйел, ақын, қызметкелер, діндарлар және т.б.). XIX ғасырда қарайыМдармен сұхбат жүргізген К. Фой олардың ең қарапайым түсініктер мен ойларды жиі поляк, украин немесе белорус сөздерімен білдіргенін атап өтті. Қарайымдардың соңғы алты ғасырда славяндық ортада өмір сүруі тілге қатты әсер етті. Себебі қарайым тілі бір мезетте төрт славян тілдерінің әсерінің сынына түсті: шығыс славяндық — орыс, украин, белорус, және батыс славяндық - поляк, сондықтан әртүрлі славян тілдерінен кірген сөздермен бір түсінікті әртүрлі сөздермен білдіру сыйымды болып табылады, мысалы, тракай диалектісінде «кірпіш» түсінігі, түп тегі түркі тілінен шыққан орыс кірме сөзімен, сонымен қатар поляк сеgia сөзімен белгіленеді. Орыс тілінің бұрынғы КСРО халықтарының әдеби түркі тілдеріне әсерінен славян тілдерінің қарайым тіліне әсері әлде қайда ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер бір жағынан, қарайым тілінде тұрақтанған әдеби тілдің жоқтығынан, ал басқа жағынан әдеби түркі тілдер қызмет ету саласын және дербестігін сақтайды, қарайым тілінде бұндай құбылыс жоқ. Бүгінде Литвада University of Cologne и University аталған университеттің қолдауымен 11 жыл қатарынан жазғы мектеп қарайым тілін оқытуда, бұның өзі қарайым тіліне деген қамқорлық.. Швециядағы Uppsala университетінің Қарайым тілі бойынша маманы, профессор Ева Ксато Йохансеннің жетекшілігімен және Дэвид Натан, Карина Фиркавичиутелер 1994 жылы UNESCO-ның қолдауымен Қарайым тіліне арналған дыбыс және бейне жазбалар жасады. «Spoken Karaim» атты мультимедиялық оқу құралы дайындалды, онда цифрлы аудио жазбалар, 40 қарайым тілін білетін адамдардың видио клиптері жинақталған. Осының негізінде транскрицпия,сөздік, конкорданс және грамматикасы дайындалған. Сондай-ақ, Қарайым тілінің үйренушілеріне арналған компакт-диск те шығарылған. 1994 жылдан бастап Мәскеу қаласында ай сайын орыс тілінде «Караимские вести» атты газет шығып тұрады. Алты томдық «Караимской народной энциклопедии» атты кітап шыққан. 2002-жылы қыркүйекте Халич кентінде қарайымдар тарихы және мәдениетіне арналған халықаралық конференция өткізілді. Кейбіреулер сөйлеушісі аз қарайым сықылды тілдің болашағы жоқ, деп есептейді. Егер қолдау болса, сөйлеуші санына қарамай, қарайым тіл сақталып қала алады деп сенеміз.