Сапалық және белсенділік приципі. Бұл принциптің мақсаты-дене тәрбиесі процесінде жаттығушылардың саналы, белсенді және шығармашылық әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау сапалық және белсенділік принципі мынадай талаптарды қамтиды:
1. Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауға оқушылардың ынтасын сапалы түрде қалыптастыру.
2. Сабаққа ынталы қатысу. Дене тәрбиесі сабағы кезінде балаларға қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу, жүйелі түрде баға қою, жетістіктерін мадақтау, марапаттау оқушыларды ынталандыра түседі.
Жаттығушылардың өз әрекетінбайқауға, бақылауға қабілетін ояту бұл талапты орындау үшін, оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне өздері талдау жасай білеуі, орындау тәсілінен қате таба алуы, олардың пайда болуының және оны қалай түзету керек екендігін үйренулері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |