Оқу және тіл дамыту


Зерде бұзылыстары бар оқушыларда



бет2/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Зерде бұзылыстары бар оқушыларда


оқу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері

Зерде бұзылыстары бар оқушыларда оқу дағдыларын толық қалыптастыру үшін мынадай оқу түрлері көрсетіледі:





  1. Дауыстап оқу




  1. Іштей оқу




  1. Жүгіртіп оқу




  1. Дұрыс оқу




  1. Мәнерлеп оқу




  1. Түсініп оқу

Оқу дағдыларының қалыптасуы әр оқушыда әртүрлі деңгейде жүреді. Сауат ашу барысынан бастап-ақ, зерде даму бұзылыста-ры бар балалардың қабылдау үдерісінің әртүрлілігі байқалады. Мысалы, бір бала әріпті есіне жақсы сақтаса, екіншісі бір-біріне ұқсас әріптерді шатастыруы мүмкін. Ал кейбір оқушы дыбыс пен әріптің арасындағы қатынасты түсінбейді, игерген әріп, дыбыстар-ды буынға қосу үдерісі ұзақ уақытқа кешеуілдейді, кейбір оқушы сөздегі дыбыс құрамын бұзып оқыса, кейбірі оқылған сөздер мен әрекет арасындағы байланысты көрмейді. Сипатталған затты танымайды, қабылдай алмайды.


Осы себептердің бәрі арнайы түзету мектептерінде оқушылар-дың оқу дағдысын қабылдауындағы әртүрліліктен туындайды. Бұл олардың сенсорлық, тілдік және танымдық мүмкіндіктерінің әртүрлі деңгейде болуымен байланысты.


Тіл дамыту сабағы уақытында балалар дағдыны қабылдаудың әртүрлі деңгейінде болады. Бұл мұғалімге сынып оқушыларымен фронтальді жұмыс жасауында қиындықтар туғызады.


Енді жоғарыда көрсетілген оқу түрлеріне тоқталып өтейік.



4

Дауыстап оқу

Арнайы түзету мектептеріндегі көп тараған оқу түрі – дауыс-тап оқу. Көптеген психологтердің зерттеулеріне сүйенсек, дауыстап оқу оқушының өзі оқыған мәтінді дұрыс түсінуіне мүм-кіндік беретін оқу түрі. Бұл бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушыларына да қатысты. Дауыстап оқудың негізі: оқушы мәтінді көріп қана қоймай, оны айтады және естиді. Мәтінді интонациялық ырғақпен оқудың өзі оқушының мәтінді жақсы түсінуін жеңілдетеді.


Дауыстап оқу арқылы мұғалім әр оқушының мәтінді мәнерлеп оқуына, сөздің көркемдік мағынасын ашуға, сөздің айтылу кезін-дегі ерекшелігін қадағалап отыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, дауыстап оқыту арқылы мұғалім әр оқушының дұрыс оқуын тексереді. Біртіндеп дауыстап оқу арқылы оқушыларды іштей оқу түріне көшуге дайындайды. Ал іштей оқу дауыстап оқуға қараған-да, екі-үш есе жылдам жүзеге асады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет