Оқу және тіл дамыту


Дұрыс оқу Дұрыс оқу – бұл сөздің құрамындағы дыбысты бұзбай, сөзге екпінді дұрыс қойып оқу түрі



бет5/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Дұрыс оқу

Дұрыс оқу – бұл сөздің құрамындағы дыбысты бұзбай, сөзге екпінді дұрыс қойып оқу түрі.


Зерде бұзылыстары бар балалар мәтінді оқығанда , көпте-ген қателер жібереді: әріптерді қалдырып, ауыстырып, сөздегі буындарды, сөздерді орындарын ауыстырып оқиды; оқу бары-сында бір сөздік қатардан екінші сөздік қатарға секіріп кетеді; кей жағдайларда сөздің аяғындағы жұрнақ, жалғауларды оқымай қалдырып кетеді.





  1. Мұғалімнің мәтінді баяу (асықпай) оқуы (мәтін осыған де-

йін талданған). Бұндай оқу кезінде оқушылар басқа оқушылардың оқығандарымен ілесіп, мәтінді саусақпен жүргізіп отыруға мүмкін-дік алады. Мұғалім кез келген уақытта оқушыларды талпындырып, мақтау, мадақтау әдістерін қолдану арқылы белсендіреді (шаттық шеңберін құру, қол шапалақтау, жалауша беру...).





  1. Аралас оқу – бұл мәтіннің ішінде бір сөйлемді мұғалім алдын ала белгілейді. Осы белгіленген сөйлемді мұғалім оқушыларға хормен оқытады.

Балалардың алдына дәл уақытында хормен оқуға кірісуге та-лап қойылады және мұғалім барлық оқушының белсене қатысуын қадағалайды.





  1. Мұғалім мен оқушылардың бірігіп оқуы. Бұл тәсіл кезін-

де мәтінді мұғалім оқушылармен бірге бастап оқиды. Белгілі бір уақытта мұғалім өз оқуын тоқтатады. Ал балалар хормен оқуын жалғастырады. Осындай оқу барысында оқушылар жаппай бір-қалыпты жылдамдықты қадағалап отыруы тиіс. Мұғалім қажет жағдайда оқушыларға қайтадан қосылып, оқуды жалғастырады.





  1. Оқушының бір-бірінің оқуын бақылауы. Оқу барысында оқушылар бір-бірінің жіберген қателерін анықтайды. Бір-біріне баға береді. Әр оқушы үш-төрт сөйлемнен артық оқымауы тиіс. Оқылып болған соң, оларға өзара бір-бірінің қателігін талдауға мүмкіндік беру қажет.

8


  1. Оқушылармен жеке жұмыс түрін ұйымдастыру.

Әр сыныпта жұмыс қабілеті төмен оқушылар жеке жұмысты талап етеді. Физиологиялық, психологиялық ерекшелігіне байла-нысты балаға топта жұмыс істеу қиындық туғызады. Сол себепті баламен жеке жұмыс түрі ұйымдастырылады. Мұғалім әртүрлі қызықты ойын түрлерін қолдану арқылы баланың сабаққа деген ынтасын арттырады. Мысалы: Сен сөйлем ішінде қанша сөзді дұрыс оқыдың? Сана. Мен саған көңіл күйді білдіретін қималарды беремін. Кеше сен қанша қима алдың? Бүгін қанша қима алдың? Салыстыр.


Зерде бұзылыстары бар балалар ішінде фонематикалық есту қабілеті бұзылған балалар да көп кездеседі. Фонематикалық есту қабілетінің бұзылуы оқушының дұрыс, түсініп оқуына көп кедергі келтіреді. Сондықтан осындай балалармен логопед маманы жұ-мыс жасауы тиіс. Логопед балаларды арнайы топқа біріктіреді.


Р. И. Лалаеваның «Зерде бұзылыстары бар балаларда оқу бұзылуының алдын алу» еңбегінде көптеген тәсілдер көрсетілген.


Фонематикалық есту қабілеті бұзылған балаларға сөздегі ай-тылуы ұқсас дыбыстардың реттілігін сақтау, сол дыбыстардың сөздегі орнын, санын анықтауға арналған жаттығулар беру қажет. Жұмыс барысында мұғалім оқушылардың көру, сезіну талдауыш-тарына сүйенеді. Осы оқушылармен жұмыс барысында әртүрлі ойын тәсілдерін қолдану қажет. Мысалы: «Ойдан құрастырылған магнитофон ойыны». Төменгі (жасыл), ортаңғы (сары) деңгейдегі оқитын оқушылар жоғары (қызыл) деңгейлі оқитын оқушының оқы-ған мәтінін тыңдап отырады. Мұғалімнің «магнитофон қосылды» деген сөзінен кейін мәтіндегі сөйлемді төменгі деңгейдегі (жасыл) оқушының өзі оқиды. Оқып болған соң, сынып оқушылары таспаға жазылған «мәтін нәтижелерін » талдайды . Аз көлемді оқылған сөздерді көріп, естіп, тыңдап, айтып беру олардың оқуға деген ынтасын арттырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет