Оқу және тіл дамыту



бет8/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Мәтінге талдау жасау

Мәтінге талдау жасау мұғалім мәтінді оқығаннан кейін жүргізі-леді. Мұғалімнен кейін сыныптағы жақсы оқитын (қызыл) деңгей-дегі бірнеше оқушы оқиды. Орташа (сары) деңгейдегі оқушылар әңгіменің бір бөлігін ғана оқиды. Ал төмен (жасыл) деңгейдегі оқушылар мәтіндегі жеңіл үш-төрт сөйлемді оқиды. Оқуға сабақ-тың 20 минут уақыты беріледі. Мәтінді оқып болған соң, мұғалім мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қояды. Оқушылардан то-лық жауапты талап етеді. (Оқушылар жауап барысында мұғалім ұсынған көрнекіліктерді қолдана білуі және соған сүйеніп толық жауап беруі тиіс).




Оқылған мәтінді бекіту

5-9-сыныптардан бастап оқушылар көлемі жағынан үлкен шығармаларды оқи бастайды. Осыған байланысты мұғалім шы-ғармалардың кейбір бөлігін үйден оқуға береді. Мұғалім алдын ала оқушыларға қандай сұрақтарға жауап беру керектігін айтады. Бұл сұрақтар шығарманың желісін сақтауға және сыныпта оқыған шығарма бөлігімен байланысын үзбеуге негізделуі тиіс. Оқылған шығармаға толық талдау жасау әңгімені толық оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Оқушы шығармадағы басты кейіпкерге мінез-деме береді. Зерде бұзылыстары бар оқушы әңгіме кейіпкеріне мінездемені қарапайым сөздермен ғана бере алады. Ол шығар-мадағы оқиғалардың жеке бөлігін ғана сипаттап айтуы мүмкін, сол себепті шығарманы талдау кезінде сынып болып түгел оқушылар қатысуы тиіс. Оқушыларды бір-бірінің жауабын толықтырып, жа-рысып, соңына қарай толық мәтін желісін құрастырып айтатындай дәрежеге жеткізуіміз қажет.



12


Жоспар құру

Жоғары сынып оқушыларында мәтінге жоспар құру біршама қиындай түседі. 6- сыныптан бастап оқушы өз бетінше жоспар құруға дағдылануы тиіс. Бірақ ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың өз бетінше жоспар құру қабілеті төмен. Сондықтан мұғалім бөлім-дерге оңай бөлінетін, негізгі ойды оңай анықтай алатын, мазмұны жеңіл шығармаларды іріктеп алуы тиіс. Одан әрі оқушы тек қана бір әрекетті жүзеге асыра алады:








  • бөлімге ат қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет