Оқу және тіл дамыту



бет4/26
Дата20.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#181832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
оқу және тіл дамыту

Шапшаң оқуда назар, негізінен, оқушының оқу жылдамдығына аударылса, түсініп оқуда мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгені және оны қалай айтып бере алатындығы ескеріледі.

Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқығанның мазмұнын айтқызу, сұрақ беру, бір оқығанды қайта оқыту, бір оқушының мазмұндағанын басқаларына толықтырып қорытынды шығару керек.



6

Оқушы оқығанын түсіну үшін онда кездесетін жаңа сөздерді алдын ала түсіндіріп отыруы керек. Мұндай жұмыс оқушыға оқы-ғанының мазмұнын жеңілірек түсінуіне көмектеседі. Оқушыларды оқу машығына үйретумен бірге оларға білім, тәрбие беру мақсаты көзделеді. Білім мен тәрбиені оқушы тек оқығанын саналы түсін-генде ғана ала алады.

Мұғалім өзі жатқа айтқан, не оқып берген мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінген-түсінбегенін білу үшін сұрақтар қоюға болады. Ол сұрақтар өтілген шығарманың мазмұнын беретіндей болуға тиіс. Егер оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берсе, онда олардың әңгіме мазмұнын түсінгені.


Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқыған мәтінді оқушылардың қаншалықты ұққанын байқауына болады.


Оқыған мәтіннің мазмұнын айтудың өзі түрліше болады: оқы-ғанының мазмұнын мұғалімнің қалауына, тыңдауына қарай айту, даяр жоспар бойынша айту, толық және қысқаша айту. Мұғалім шығарма мазмұнын олардың қай түрімен айтқызамын десе де ерікті, тақырыпты мұғалімнің жатқа айтуы немесе оқуы оқушы-ларға үлкен әсер етеді. Бұдан оқушылар ләззат алуға жаттығады. 6-сыныптан бастап оқушылар шығармаға жоспар жасауға үйре-неді. Олар бөлім-бөлімге бөліп оқып, мазмұнын айтқан соң осы бөлімдерге ат қоюға, жоспар жасауға көшуге болады. Мысалы: «Сауысқан мен көкек» ертегісін алатын болсақ, оқушылар оқып алады да, бөлім-бөлімге бөліп, әр бөлімде не жайында айтылға-нын ұғып, соған орай бөлімге ат қояды.


Шығарманы бөлімге бөліп оқыту күн сайынғы сабақта іске ас-қанымен, бөлімдерге үнемі ат қойғыза беруге болмайды. Мұның өзі қиын жұмыс. Сондықтан мұғалім оқулықтағы мәтінге жоспар жасап, бөлімдерге ат қоюға қолайлы материалдарды ғана ұсыну керек. Сонымен, бірінші рет бөлімге бөліп оқытқанда, оқушылар материалды саналы түсінгеніне көз жеткізсек, екінші рет оқығанда, оған жоспар жасау жағын қарастырамыз.


Жоспар шығарма мазмұнын көрсететін оқиғаның жүйесін біл-діреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады.


Әңгімені бөлімге бөлу.


Бөлімдерге ат қою. Оны тәртіптеп жазу.



7


Оқушылар әңгімені бөлімге бөлу үшін ондағы ойды және қо-сымша мәселелерді анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет