Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Вакцинациядан кейінгі ерекше реакциялар мен асқынулар: жіктелісі, клиникалық көріністері, туындау себептері, емі және алдын алуы



бет60/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Вакцинациядан кейінгі ерекше реакциялар мен асқынулар: жіктелісі, клиникалық көріністері, туындау себептері, емі және алдын алуы.

Егуден кейінгі (поствакциналық) реакцялар — бұл вакцинаға организмің қалыпты рекциялары және олар салдар қалдырмайды. Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сақаттан бірнеше тәулікке дейін). Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда- орташа 3-5 күнге созылады. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында қызарумен, тығыздалумен, ауырсынумен көрінуі мүмкін. Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады: Әлсіз реакция – вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен. Орташа реакция – инфильтрат диаметрі 2,6 см — 5,0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз. Күшті реакция – инфильтрат диаметрі 5,0 см — 8,0 см; лимфангоит және лимфаденит болуымен. Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін. Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады: Әлсіз реакция – дене температурасы 37,5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды; Орташа реакция – дене температурасы 37,6˚С — 38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы; Күшті реакция – дене температурасы 38,5˚С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары қысқа. Тірі вациналарды еккенде табиғи инфекция әлсіреген түрде толықтай дерлік көрініс беруі мүмкін. Мысалы: қызылшалық моновакцина балалардың 5-15%-да 4-14 күн аралығында арнайы реакция береді. Ол дене температурасынын 37,5-38,50С жоғарылауымен, катаральді көріністермен (жөтел, аздаған конъюнктивит, ринит) және аз мөлшердегі бозғылт-қызғылт бөртпелер шығуымен сипатталады. Балалар бұл кезде қоршаған ортаға жұқпалы емес. Тірі вациналарды еккенде табиғи инфекция әлсіреген түрде толықтай дерлік көрініс беруі мүмкін. Мысалы: қызылшалық моновакцина балалардың 5-15%-да 4-14 күн аралығында арнайы реакция береді. Ол дене температурасынын 37,5-38,50С жоғарылауымен, катаральді көріністермен (жөтел, аздаған конъюнктивит, ринит) және аз мөлшердегі бозғылт-қызғылт бөртпелер шығуымен сипатталады. Балалар бұл кезде қоршаған ортаға жұқпалы емес. Тірі паротит моновакцинасын енгізгенде, кейбір балаларда вакцинациядан кейінгі 4- 12 күн аралығында дене температурасынын жоғарылауы және катаральды белгілер байқалады. Кей жағдайларда құлақ маңы безінің аздаған және қысқа уақытқа (1-2 күн) ұлғаюы байқалады. Көбінесе вакцинадан кейінгі реакциялар АКДС вакцинасын енгізгеннен кейін байқалады. Кейбір балаларда екпеден кейінгі алғашқы 1-2 тәулікте дене температурасының 37,5-390С көтерілуі, мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі, кейде құсу түріндегі жалпы реакциялар және вакцина енгізген орында гиперемия және ісіну түріндегі жергілікті реакция болуы мүмкін. Барлық балаларға АКДС вакцинасы енгізілгеннен 1 сағат өткен соң әр 6 сағат сайын, бірақ тәулігіне 4-тен көп емес, дене салмағына 10-15 мг/кг мөлшермен есептеп, 1-3 тәулік бойы парацетамол беру ұсынылады!!!
БЦЖ енгізгеннен кейінгі поствакциналық реакция дамуы жеке және маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Әдетте, БЦЖ вакцинациясы енгізілгеннен кейін бірден папула пайда болады, ол 15–20 минуттан кейін жоғалады. Сонымен қатар, аймақтық лимфа түйіндерінің 15-20 мм дейін ұлғаюмен жүретін жалпы қалыпты реакциясы болуы мүмкін. Ал лимфа түйіндерінің ұлғаюы 20 мм асса арнайы ем тағайындау қажет. Лимфадениттердің кері дамуы 6-9 ай бойы жүреді. БЦЖ кейін жергілікті реакция алғаш вакцинация жүргізілген балаларда тек 4-6 аптадан кейін дамиды. Бастапқыда вакцина енгізілген жерде қызарған дақ, одан кейін диаметрі 5-9 мм болатын папула пайда болады. Кейіннен папула везикулаға, пустулаға одан қабыршаққа айналып, тыртық қалыптасады. Сипатталған реакциялар қалыпты жағдай болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңделуді қажет етпейді. Сонымен қатар, таңғыш таңуға және көпіршік құрамын қысып шығаруға болмайды. Түзілген қабыршақты алып тастауға немесе жуынған кезде жөкемен ысуға болмайды, себебі, бұл жергілікті инфекциялық үрдістің ағымын бұзуы мүмкін. 5-6 ай өткеннен кейін балалардың 95-97% нәзік беткей тыртық қалыптасып, өзінің соңғы түріне тек екпеден 1 жыл өткен соң енеді. Тыртықтың пайда болуы екпенің дұрыс қалыптасқанын (жергілікті тері туберкулезі орын алғанын) және ағзаның туберкулез микобактериясына қарсы арнайы қорғанысының түзілгенін куәландырады. Тыртықтың диаметрі 5-8 мм болуы ең оңтайлы болып саналады. БЦЖ ревакцинациясы жүргізілген балаларда жергілікті поствакцинациялық екпелік реакция 1 аптадан кейін дамиды (дақ-папула- көпіршік-пустула-қабыршақ-тыртық). Вакцинацияланған және ревакцинацияланған балаларды бақылау үлескелік дәрігерлермен жүргізіледі. Бұл кезде кезеңмен әрбір 1, 3, 6, 12 ай өткеннен соң жергілікті екпе реакциясы тексеріледі, оның сипаты мен өлшемі есепке алу — есеп беру медициналық құжаттардың 063/у, 112/у формаларына тіркеледі. Сонымен қатар, ағзаның вакцинацияға жалпы реакциясын және регионарлы лимфааденитті уақытында анықтау мақсатында перифериялық лимфа түйіндерінің реакциясы бақыланып отырылады. Вакцинацияланған және ревакцинацияланған балаларды бақылау үлескелік дәрігерлермен жүргізіледі. Бұл кезде кезеңмен әрбір 1, 3, 6, 12 ай өткеннен соң жергілікті екпе реакциясы тексеріледі, оның сипаты мен өлшемі есепке алу — есеп беру медициналық құжаттардың 063/у, 112/у формаларына тіркеледі. Сонымен қатар, ағзаның вакцинацияға жалпы реакциясын және регионарлы лимфааденитті уақытында анықтау мақсатында перифериялық лимфа түйіндерінің реакциясы бақыланып отырылады. Вакцинация және ревакцинацияның қорытынды нәтижелері екпе жүргізілгеннен 1 жылдан кейін тыртық өлшеміне сәйкес бағаланады. Балалардың 95-97% тыртық қалыптасады, оның ең оңтайлы диаметрі 5-8мм. Кейбір жағдайларда БЦЖ вакцинациясын енгізген жерде апигментті дақ (түссіз) түзіледі (2-3% жағдайда). Егер жергілікті екпе реакциясы болмаса (тыртықтың болмаса), ондай балалар есепке алынып, 6 айдан кейін алдын ала Манту сынамасын жүргізбей және 1 жылдан кейін Манту сынамасының теріс нәтижесінде қайталап (тек бір рет) егілуі тиісті.
Егуден кейінгі (поствакциналды) асқынулар– вакцинациямен байланысты патологиялық өзгерістер қатарындағы ағзадағы өзгерістер, сәйкес вакцинаның болашақта қарсы көрсеткіш болып табылады. Вакцинадан кейінгі асқынулар сирек дамиды және оның пайда болу себебі: вакцинаның тасмалдауы мен сақталу шартының бұзылысы (ұзақ уақыт бойы шамадан тыс қызу, қатыруға болмайтын вакциналарды шамадан тыс суыту және қатыру ); вакцинаның сапасының сай болмауы; енгізу техникасының бұзылуы (мысалы БЦЖ қатаң түрде тері ішіне енгіз тиіс); вакцина енгізу бойынша нұсқаманың бұзылысы; қарсы көрсеткіштерді сақтамау; ағзаның жеке ерекшеліктері (вакцинаны қайталап енгізгенде күтпеген күшті аллергиялық реакция); иньекция орнында іріңді қабынулар және инфекцияның қосылуы.
Поствакциналық асқынуларға жатады: 1) Күшті реакциялар: дене қызуының 400С және одан да жоғары көтерілуі, дірілдер (қалыпты температура фонында да) әдеттегідей емес ұзақ жылау(3 сағаттан көп), естен тану. 2) Аллергиялық реакциялар: анафилактикалық шок; есекжем; Квинке ісігі; 3) Энцефалит немесе менингиттің дамуы. Барлық аллергиялық реакциялар вакцинаны енгізгеннен кейін бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін дамиды. Сондықтан, екпеден кейін 30 минут бойы баланы бақылау керек, бұл тез және мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Көбінесе АКДС енгізгеннен кейін поствакциналық асқыну жиі дамиды: гипертермия (400С және жоғары); енгізу орнындағы жұмсақ тіндердің ісінуі мен гиперемиясы түріндегі ауыр жергілікті реакция; анафилактикалық шок; Квинке ісігі; ұзақ ащы айғай; естен танумен жүретін фибрилді діріл; энцефалиттің дамуы (дірілдер мен ұзақ естен танумен гипертермиямен, құсумен, гиперкинездермен, аяқ-қол шаласалданумен (парез), жергілікті симптомдармен көрініс береді). Энцефалит 1:250000-300000 мөлшер жиілігінде дамиды.
ОПВ енгізгеннен кейін вакцинамен ассоциирленген полиомиелит дамуы мүмкін. Ол екпеден кейінгі 4-30 тәулік аралығында және егілгендермен қатынаста болғандарда 60 тәулікте дамиды. Оның даму жиілігі 1:1,5 млн. дозаға қатынасындай. Бұл асқыну иммундықтапшылық балаларда байқалады. Тірі паротитті моновакцинациясына немесе ҚҚП-ға қатерсіз түрде өтетін серозды менингитке асқынуы мүмкін.
БЦЖ енгізгендегі поствакциналық асқынулар БЦЖ енгізгендегі поствакциналық асқынуларға ерекше назар аудару қажет, оған жергілікті сипаттама тәні: регионарлы лимфааденит (екпеден 2-3 ай өткен соң мойын, қолтықасты лимфа түйіндері ұлғаяды); теріасты суық абцесс (вакцинаны тері астына енгізу техникасы бұзылғанда немесе жоғары дозаны енгізгенде — асептикалық инфильтрат дамиды); беткей жара; келоидты тыртық (тері бетінен көтеріліп тұратын дәнекер тіндік түзіліс); лимфа түйініндегі диаметрі 10мм-ден жоғары кальцинат; сүйек жүйесінің зақымдалуы (түтікті сүектердің зақымдануы басым оститтер). Клиникалық көрінісі сүйек туберкулезі сияқты; терінің жүйелі қызыл жегі түріндегі зақымдалуы (өте сирек болады); жалпы ауыр ауру түрінде әртүрлі органдар мен жүйелердің зақымдануымен өтетін жайылған БЦЖ-инфекциясы. Өте сирек иммундықтапшылығы бар балаларға вакцинация жүргізгенде байқалады.
Вакцинациядан кейінгі асқынуларға күдік туғанда немесе диагноз нақты қойылғанда дәрігер міндеті: Вакцинациядан кейінгі асқынуларға күдік туғанда немесе диагноз нақты қойылғанда дәрігер міндеті: науқасқа жедел медициналық көмек көрсетуге, қажет болса стационарға жатқызуға; алғашқы анықталған күні мемлекеттік эпидемиологиялық бақылаудың аймақтық мекемесіне жедел хабарландыру жіберу (форма 058/у). Кейіннен стационарда ол диагноз нақтыланады немесе жоққа шығарылады; вакцинациядан кейінгі асқынулар балалар мекемесіне бармайтын балаларға- баланың даму тарихына (форма 112/у), профилактикалық екпе картасына (форма 063/у), ал балалар мекемесіне баратын балаларға -баланың медициналық картасына (форма 026/у), профилактикалық екпе картасына (форма 063/у) тіркеледі).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет