Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет61/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Балалардағы профилактикалық екпеге болатын қарапайым, жалпы және жергілікті реакциялар. Бағалау әдістері. Қауіп тобы, жеке күнтізбемен егу. Вакцинацияның жеңілдетілген әдістері.

Егуден кейінгі (поствакциналық) реакцялар — бұл вакцинаға организмің қалыпты рекциялары және олар салдар қалдырмайды. Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сақаттан бірнеше тәулікке дейін). Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда- орташа 3-5 күнге созылады. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында қызарумен, тығыздалумен, ауырсынумен көрінуі мүмкін. Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады: Әлсіз реакция – вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен. Орташа реакция – инфильтрат диаметрі 2,6 см — 5,0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз. Күшті реакция – инфильтрат диаметрі 5,0 см — 8,0 см; лимфангоит және лимфаденит болуымен. Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін. Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады: Әлсіз реакция – дене температурасы 37,5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды; Орташа реакция – дене температурасы 37,6˚С — 38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы; Күшті реакция – дене температурасы 38,5˚С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары қысқа.

  1. Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Қауіп тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы.

Денсаулық шектері:
1.Анамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ ( тұқымқуалаушылық, биологиялық, социальды)
2.Жүйелер мен ағзалардың функциональды жағдайы
3.Ағза резистенттілігі мен реактивтілігі
4.Физикалық және нервті психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы.
5.Созылмалы аурулары мен туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы
Қауіп топтары:
1 топ-ОЖЖ патологиясы даму қауіпі бар балалар
2 топ- құрсақішілік инфекция даму қауіпі бар балалар
3 топ- трофикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар даму қауіпі бар балалар
4 топ- мүшелер мен жүйелердің туа біткен даму ақауы бар балалар
5 топ- әлеуметтік қауіп

ОЖЖ патологиясы даму қауіпі бар балалар.


Анасының жасы 30-дан асқан болса
Анасының жаман әдеттері
Экстрагенитальды патология (гипертониялық ауру, қант диабеті т.б)
Жүктілік және босану патологиясы (гестоз, жүктіліктің үзілу қауіпі, көпсулылық, жылдам және жедел босанулар және т.б)
Инфекциялар (қызамық, герпес, токсоплазмоз, ЦМВ)
Қауіптің мүмкін болатын клиникасы:
ОЖЖ перинатальды зақымдалуының белгілері
Вирусты-бактериальды инфекциялардың ауыр ағымы (токсикоз, фебрильді тырысулар)
Бейімделу кезеңінің ауыр өтуі (созылыңқы сарғаю, дене салмағының қосылмауы)
Құрсақішілік инфекцияның клиникалық белгілері
Бақылау жоспары
бірінші айында 4-тен кем емес.
oНевролог 2 айға дейін, ары қарай кварталына бір рет
oАй сайын неврологиялық статусты бағалау, бас айналымын өлшеу.
oЕкпелер индивидуальды жоспар бойынша невролог рұқсатымен жүргізіледі
o1 жасқа келгенше ОЖЖ жағынан өзгерістер анықталмаса диспансерлік
бақылаудан шығарылады.
• oПедиатр

Құрсақішілік инфекция даму қауіпі бар балалар. Қауіп факторлары


Экстрагенитальды патология (пиелонефрит, пневмония, АІЖ патологиясы т.б)
Қабынулық гинекологиялық аурулар;
Босану патологиясы (ұзақ уақыт сусыз кезең, плацента патологиясы);
Жүктілік кезінде ауырған бактериальды инфекциялар аурулары
Қауіптің мүмкін болатын клиникасы:
Құрсақішілік инфекцияның клиникалық белгілері(туа пайда болған токсоплазмоз, қызамық, ЦМВ, сифилис, герпетикалық инфекция)
Іріңді-қабынулық аурулар жергілікті және генерализденген формалары
Кіндік қалдығының кеш түсуі 6 күннен кейін, кіндік жарасының эпителизациясының кешеуілдеуі
Бақылау жоспары
• Педиатр бірінші айында 4-тен кем емес;
• Ерте лабораторлы зерттеу 1-3 айында және әр аурудан кейін
• Дисбиозды ерте анықтау және алдын алу.
• Индивидуалды жоспар бойынша екпелер жүргізу. ; инфекцияның симптомдары болмаса 3 айдан д/ бақылау шығарылады.

3 топ трофикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар даму қауіпі бар балалар


• Туғандағы дене салмағының жоғары болуы, гипотрофия
• Анасының кәсіби зияндылықтары
• Анасында қант диабеті, гипотиреоз, гипертония, семіздік.
• Анасында экстрагенитальды патологиялар болса
• Жүктілік патологиясы
Қауіптің мүмкін болатын клиникасы
Анемияның, рахиттің, гипотрофияның ерте дамуы
Вирусты-бактериальды инфекциялармен аурушаңдықтың жоғарылауы
Бейімделу кезеңінің ауыр өтуі
Жүрек айну, іштқату
Эндокринді бұзылыстар гипотиреоз, диабетикалық эмбриофетопатия
Қарау жоспары :Педиатр айына 4 реттен кем емес, эндокринолог 1 жылда 2 рет. Мүмкіндігінше табиғи тамақтандыру

4 топ мүшелер мен жүйелердің туа біткен даму ақауы бар балалар


o Жүктілік патологиясы
o Ата-анасының жасы 30-40
o Жаман әдеттер
o Дәрілік заттарды жүктілітің алғашқы жартысында қабылдау
o Жүктіліктің алғашқы триместріндағы ЖРВИ
o Басынан өткерген құрсақішілк инфекция
o Кәсіби зияндылық

Мүмкін болатын қауіп клиникасы:


-бейімделу кезеңінің ауыр өтуі,созылыңқы сарғаю, дене салмағын қоспау
-Тұқым қуалайтын патологияның клиникалық көріністері, муковисцидоз
-Алкогольді эмбриофетопатия
Бақылау жоспары Педиатр алғашқы айда 4 тен кем емес дисэмбриогенез стигмалары Невролог, эндокринолог, генетик және ортопед 1 айында диспансерлік бақылаудан 1 жасында шығару

Әлеуметтік қауіп тобындағы балалар


Нашар әлеуметтік және тұрмыстық жағдай.
Толық емесижәне көпбалалы отбасылар
Студенттік отбасылар
Психологиялық климаты нашар отбасылар
Ерте жастағы балалардың қауіп топтары
ОЖЖ патологиясының даму қауіпі бар балалар
Анемия және анемия реконвалесценттері
Конституция аномалиясы бар балалар1,2 дәрежелі рахитпен ауыратын балалар
Дене салмағы жоғары балаларіріңді-қабынулық аурулар, құрсақішілік инфекциялар
Жиі және ұзақ ауыратын балалар
Мүмкін болатын қауіп белгілері
Ерте жасанды тамақтандыру
Гипотрофия, рахит, анемияның ерте дамуы
ЖРВИ ауыру жиі және ауыр ағымы
Нәрестелік кезеңдегі іріңді-қабынулық аурулар
Алкогольді энцефалопатия
Бақылау жоспары
• Педиатр айына 4 реттен кем емес.
• Учаскелік медбикемен баланың шынайы тұрғылықты орнын бақылау
• Аурулар кезінде міндетті түрде госпитализациялау
• Қажет болған жағдайда анасын ата-ана құқығынан айыру
Қауіп тобындағы балаларды бақылау принциптері
• Қауіп факторларының негізгілерін бөлу. Бақылау міндеттерін анықтау
• Дәрігер педиатр және басқа маман дәрігерлерінің профилактикалық қараулары
Лабораторлы-диагностикалық, инструментальды зертттеу.
• Профилактикалық қарауларды өткізу ерекшеліктері, профилактикалық және емдіксауықтыру шаралыры
• Бақылау тиімділігіні критерилері.бақылау жоспары 112-у формасы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет