Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


ҚР-да профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесі. Алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер, жүргізу мерзімдері және баланы екпеге дайындау



бет59/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

ҚР-да профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесі. Алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер, жүргізу мерзімдері және баланы екпеге дайындау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің №2295
қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер
жүргізіледі:
1.БЦЖ
2.ОПВ,ИПВ(полиомиелитке қарсы 2 вакцина)
3.ВГВ(вирусты гепатит В)
4.АКДС(көкжөтелге қарсы)
5.АДС
6.АД-М
7.АДС-М(дифтерия-сіреспелік)
8.Акт-ХИБ(гемофильді инфекция)
9.ҚҚП(қызылша,эпидемиялық паротит,қызамық)
10.Превенар 13 ПКВ 13(пневмококк)

БЦЖ немесе Кальметта—Герен бацилласы БЦЖ немесе Кальметта—Герен бацилласы (Bacillus Calmette—Guérin, BCG)- туберкулезге қарсы вакцина, ол жасанды ортада арнайы өсірілген адам үшін вируленттілігін жоғалтқан Mycobacterium bovis BCG, тірі әлсіреген туберкулезді бацилла. Вакцина құрғақ түрде шығарылады. Қолданар алдында стерильді физиологиялық ерітіндімен араластырылады. Егу үшін арнайы тубиркулинді шприц қолданылады (көлемі 1мл). БЦЖ немесе Кальметта—Герен бацилласы Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі. БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы 4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі. Вакцинация неонатологпен қаралғаннан кейін, жаңа туған нәресте тарихына екпеге рұқсат берілгені жазылғаннан кейін ғана жасалуы керек. БЦЖ вакцинациясы перезентханадан шығару эпикризіне және екпе паспортында жазылады. Егер босану үйінде БЦЖ екпесін алған баланың үйінде туберкулезбен ауыратын науқас (бактерия бөлуші) болса, не істеу керек? Туберкулезбен ауыратын науқасты оңашалату (изоляция), немесе баланы басқа тұрғылықты жерге оңашалату, ал мүмкіндік болмаған жағдайда жаңа туған балаларды күту бөліміне немесе балалар үйіне 2 айдан кем емес уақыт аралығына оңашалату. Егер балаларға перезентханада қандайда бір қарсы көрсеткішке байланысты БЦЖ жасалмаса, ЖДА немесе АҮЕ Манту сынамасынсыз 2 айға дейін жасалады, егер бала жасы 2 айдан асқан болса, Манту сынамасының нәтижесі теріс болса ғана БЦЖ жасау керек. Ревакцинация БЦЖ. Ревакцинация БЦЖ. БЦЖ ревакцинациясы ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 6 жаста (1 сынып) жүргізіледі. Оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) барлық 6 жастағы балаларға Манту сынамасы БЦЖ ревакцинациясына іріктеу мақсатында жүргізіледі. Осы айда мектептегі қалған екпелерді жүргізу тоқтатылады. Манту сынамасын қояр алдында ай аралық интервалды сақтау үшін АДС және ҚҚП ревакцинациялары оқу жылына дейін 1 ай бұрын жүргізілу керек. Ревакцинацияға тек инфицирленбеген, Манту сынамасы теріс сау балаларға жүргізіледі. БЦЖ ревакцинациясы АҮЕ ұйымы мамандарының ТҚМ фтизиопедиатрларымен бірігіп, ұйымдасқан түрде бүкіл мемлекетте бір уақытта 6 жастағы (1сынып) балаларға оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) жүргізілу керек. Осы айда мектепте басқа екпелерді жүргізуге рұқсат жоқ!!!! Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасында интервал 3 күннен кем емес және 2 аптадан аспауы керек. Егер ревакцинацияға уақытша қарсы көрсеткіш болса, медициналық шегеру уақыты аяқталысымен екпе жүргізілуі керек.
Полиомиелитке қарсы екі түрлі вакцина бар: ИПВ және ОПВ. ОПВ тірі әлсіреген вирустан тұрады және ішекте жергілікті иммунитет түзуге қатсысады. Бұл вакцина полиомиелит толық жойылмаған елдерде қолданылады (соның ішінде Ресей және ТМД елдері). ОПВ екрекшелігі: вакцинді вирус егілген баланың ішегінде дамиды кейіннен қоршаған ортаға түседі, ол касакатты «вакцинация» және «ревакцинация» әкеледі, осыған байланысты популяциялық иммунитет дамиды. ОПВ арзан вакцина және қолданылуы оңай (тамшы түрінде шығарылады, ауызға тамшы ретінде қолданылады). Сонымен қатар ОПВ қолданудың кемшіліктері мен шектеулері бар: Қарым-қатынас арқылы вакциналық вирус алған кейбір балаларда ауыр асқынулар -вакцинамен ассоцирленген полиомиелит, кей кезде табиғи инфекциядағы сияқты салдану дамуы мүмкін; ОПВ-ны сақтау (-20С0) шарттары және нақты мөлшерлеу мүмкін болмауына (еңгізілген вакцинаның жартысы организмнен нәжіс арқылы шығарылады) байланысты оның тиімділігі төмендейді; Омырау жасындағы балалар көбінесе ОПВ- ны ашты дәміне (ересек жастағы балаларға көбінесе нанға немесе қантқа тамызып береді) байланысты лоқсиды және түкіріп тастайды. Бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді, сондықтан да ата –анаға, балаларға және дәрігерге қолайсыз. Егер балада ішек бұзылыстары болса, ОПВ еңгізілмейді, бұл жағдай емханаға қайта келуге мәжбүрлейді. ИПВ ИПВ вакцинасы осы айтылған кемшіліктерден арылған. Вакцина арнайы шприц – доза ретінде шығарылады. ИПВ құрамында өлтірілген полиомиелит вирусы бар, бұлшық етке немесе тері астына еңгізіледі. ИПВ тиімділігі жоғары деп саналады. Оның тиімділігі дәл мөлшерлеу (себебі тікелей инъекция арқылы) және стандартты сақтау шарттары, температура өзгерістеріне төзімділігі арқылы жүзеге асырылады. ИПВ қауіпсіз, себебі егілген балалардың жүйке жүйесіне әсер етпейді. Жағымсыз реакциялары жоқ, ішек бұзылыстарын шақырмайды және ішектің қалыпты микрофлорасымен бәсекелеске түспейді. Осы жағдайға байланысты біздің еліміздің жопарында келешекте егудің ұлттық күнтізбесінде ОПВ ИПВ -ға ауыстырылады. ОПВ ОПВ— полимиелитке қарсы толық иммунитет қалыптастыру үшін ОПВ 4 рет жүргізіледі (2, 3, 4 және 12-15 айларда). Вакцина ауызға тамшылатып беріледі. ОПВ вакцинасынан кейін балаға 1 сағатқа дейін су немесе тамақ ішуге болмайды. Егер вакцина төгілсе, бала вакцинациядан кейін құсып немесе түкіріп тастаса ( 5-10 минуттан кейін), онда вакцинаның тағы бір дозасын беру керек. Егер бұл доза тағы да толық қабылданбаса қайталап берудің қажеті жоқ, балаға қайталап вакцинация тағайындалады.
ВГВ ВГВ — Бұл вакцина ашытқы жасауша культарасынан жасанды өндірілген, оның құрамына вирусты гепатит В-нің беткей ақузы – HbsAg кіреді. Егуден кейін организмде қорғаныш антидене – Aнbs түзіледі. ВГВ ВГВ — Вирусты гепатит В-ға қарсы вакцина уақыты бойынша туберкулезге қарсы вакцинамен сәйкес келеді, сондықтан оларды бірге енгізуге болады. Әдетте алғашқы күндері ВГВ, ал 3-4 күндері БЦЖ. Одан кейін ВГВ қарсы вакцинация өмірінің 2 және 4 айында, яғни 3 рет жүргізіледі. Санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына көк етке енгізіледі.
АКДС және АДС-М АКДС — ең бірінші рет шетелде 40 жылдарың соңында қолдана бастады. АКДС – вакцина өлтірілен көкжөтел микробынан, тазаланған сіреспе дифтерия анатоксинінен тұрады. Өкінішке орай, кейбір балалар АКДС екпесіне өте күшті патологиялық реакция береді, соған байланысты дәрігерлер АКДС вакцинациясынан бас тартуы тиіс. Дегенмен, сіреспе және дифтерия ауруларын алдын алудың өмірлік маңызы бар. Сезімтал және әлсіз балаларды инфекциядан сақтау үшін АДС вакцинасы шығарылды. АДС вакцинасы АКДС вакцинасы құрамындағы ең ауыр — инактивирленген көкжөтел таяқшасы компонентінен айырылған. АДС-М — құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин. АД-М-анатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95% балаларда 7-10 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады. АКДС және АДС-М АКДС – Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 4 рет жүргізіледі (2, 3, 4 және 18 айларда). Бұл вакцина 2, 3, 4 айлық балаларға санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке, ал 18 айлық балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі. Барлық вакциналар бір жасқа дейінгі балаларға тек қана санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке, ал жастан асқан балаларға және кейбір вакциналар 2 жастан асқан балаларға иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына енгізіледі.
Акт-ХИБ (Act-HIB). Акт-ХИБ (Act-HIB). Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады. Сонымен қатар, бөліп шығарылған штаммдардың 80% дәстүрлі антибиотиктерге төзімді, ал инфекциядан кейінгі ауыр асқыну жиілігі 40 % құрайды. Дегенмен, гемофильды инфекцияның қаупі менингитте емес, ол жедел респираторлы ауруларда, соның ішінде өкпенің қабынуында және бронхитте. Бала бақшада инфекцияны тасымалдаушылық өте жоғары болып табылады. Инфекция ауа тамшылы жолымен – түшкіру, жөтелу, тасмалдаушының сілекейінен (ойыншықтар, тұрмыстық жабдықтар) жұғады. Кей кездерде инфекция ошағы ата – аналар және ересек балалар болуы мүмкін. Гемофильды инфекциядан сақтанудың ең негізгі тәсілі — егу.
Вакцина Акт-ХИБ Вакцина Акт-ХИБ құрамында тірі микроорганизм жоқ, сол себепті егуден кейін ауыру қаупі мүмкін емес, вакцина гемофильды таяқша антигенімен байланысқан сіреспе анатоксинінен тұрады. Акт-ХИБ бір реттік қолданбалы түрде, арнайы шприц дозада шығарылады және оның инесі ауырсынуды басатын арнайы құраммен өңделген. Соңғы уақытта шетелдерде комбинирленген 4-5-6- компоненттік препараттар қолданылады, оның құрамында бірнеше вакцина кіреді: «Тетраксим»- АКДС+ ИПВ «Пентаксим» – АКДС+ ИПВ+ Хиб «Гексавак» немесе «Инфанрикс Гекса» — АКДС+ИПВ+ гепатит В+ Хиб «Тринтатрикс Геп В» – АКДС+ гепатит В. «Тетракок» -АКДС+ ИПВ «ТетрАкт-Хиб» -АКДС+Хиб «ПентАкт-Хиб» -АКДС+ ИПВ+Хиб Бірнеше жыл көлемінде Қазақстанда мына препарат жиі қолданлылады — «Тринтатрикс Геп В».
ҚҚП және ҚПҚ ҚҚП және ҚПҚ. Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында
ҚҚП және ҚПҚ ҚҚП — Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 2 рет жүргізіледі (өмірінің 12-15 айларында және ревакцинация — 6 жаста. Иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына тері астына енгізіледі. Бұлшық етке де енгізуге болады. Көк тамырға енгізуге рұқсат жоқ!!!
ПКВ 13 (Превенар -13) ПКВ 13 (Превенар -13) Пневмококк (Streptococcus pneumonia) — грамм оң диплококк, полисахаридті капсуламен қапталған. Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т.б. Пневмокк инфекциясы ауа — тамшылы жолымен және ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан қарым-қатынас арқылы жұғады. Пневмоккты этиологиялы аурулар тыныс алу жүйесі ауруларының құрылымында маңызды рөл атқарады және қатаң медико-әлеуметтік мәселе болып табылады. ПКВ 13 (Превенар -13) Сонымен Казақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдың соңында қосылған соңғы вакцина — пневмококк вакцинасы. Қазакқстанда осы вакцинаның үш түрі тіркелген: ПКВ 7, ПКВ 10 және ПКВ13. Қазіргі кезде ПКВ13 (Превенар-13) қолданылады. ПКВ 13 (Превенар -13) Превенар 13— бірнеше вакцинация жүргізу схемасы бар, біздің Республикада вакцинация 2 рет: баланың 2 және 4 айында; ревакцинация 12-15 айында жүргізіледі. Сонымен, вакцина санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке 3 рет жүргізіледі.
Вакциналардың барлық түрлеріне тұрақты және уақытша қарсы көрсеткіштер 4 желтоқсан 2008 жылы ҚР-да Денсаулық сақтау Минстрлігінің № 636 «Иммунизацияға қарсы көрсеткіштер, егуден кейінгі асқынуларды тексеру және есепке алу туралы» бұйрығы шыққан, оған кіреді: №1 Қосымша – профилактикалық егулер жүргізуге уақытша және тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштер; № 2 Қосымша — егуден кейінгі асқынуларды тексеру және есепке алу; №4 Қосымша — егуден кейінгі асқынуларды тексерудің эпидемиологиялық акті. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы қарсы көрсеткіштер бар, олар: тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы қарсы көрсеткіштер бар, олар: тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Вакциналардың барлық түрлеріне тұрақты жалпы қарсы көрсеткіштер: Вакцинаны енгізгеннен 48 сағат өткеннен кейінгі күшті реакция (дене температурасының 400С және одан жоғары болуы, баланың 3 сағаттан артық ұзақ жылауы, фебрильді немесе афебрильді тыртысу, гипотониялық-гипореактивті синдром (коллапс); Алдыңғы осы вакцинаны енгізудегі асқынулар: (екпе жүргізгеннен кейінгі 24 сағат ішінде дамыған анафилактикалық шок, жедел аллергиялық реакциялар (Квинке ісігі, есекжем, бронхообструкция және т.б.), вакцина енгізгеннен кейінгі 7 күн ішінде дамыған энцефалит немесе энцефалопатия).
Тірі вакциналарды (БЦЖ, КҚП және ОПВ) енгізуге тұрақты қарсы көрсеткіштер): тұрақты иммундық жетіспеушілік; АИВ-инфекциясының клиникалық көріністері; қатерлі қан аурулары мен қатерлі ісіктер; жүктілік.
Вакциналардың барлық түрлеріне уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер: Вакциналардың барлық түрлеріне уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер: температурасына байланыссыз орташа және ауыр дәрежелі жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, сауыққаннан 2-4 апта өткеннен кейін иммунизация жүргізіледі; әртүрлі патологияларда стероидтарды және басқа иммуносупрессивті қасиетке ие препараттарды қолдану (преднизолон бойынша тәулігіне салмағына есептегенде >1 миллиграмм, 14 күнненнен артық жүйелі қолдану); орталық жүйке жүйесінің жедел аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – сауыққан күннен бастап 1 жылға дейін вакцинация шегеріледі; жедел гломерулонефрит – сауыққаннан бастап 6 айға дейін; нефротикалық синдром – кортикостероидтармен емдеу аяқталғанға дейін иммунизация шегеріледі; созылмалы үдемелі аурулары бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді; созылмалы аурулары бар адамдарға толық ремиссия кезеңінде жүргізіледі.
БЦЖ вакцинасына қарсы көрсеткіштер: БЦЖ вакцинасына қарсы көрсеткіштер: Оларға уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер жатады! жақын туыстарында жайылған БЦЖ-инфекциясы анықталуы (тума иммундық тапшылық болуы); АИВ – инфекциясының клиникалық көрінісінің болуы; туберкулез микобактериясын жұқтыру; БЦЖ вакцинасына уақытша қарсы көрсеткіштер: жатырішілік инфекция және нәресте сепсисі; шала туу (баланың туғандағы салмағы 2000 граммнан төмен немесе гестациялық жасы 33 аптадан кем); ОЖЖ зақымдануы –неврологиялық симптоматикасы ауыр және орташа ауыр дәрежелі туу кезіндегі жарақаттар; нәресте баланың гемолитикалық ауруы (ауыр және орташа ауыр формалары) егер анасы туберкулездің белсенді формасымен ауырса бала 3 айға химиопрофилактика алуға бөлектенеді, одан кейін Манту сынамасының нәтижесін ескере отырып БЦЖ вакцинасы егіледі және баланы тағы 2 айға бөлектейді. Жоғары айтылғандар жаңа туған балалардың алғашқы күндерінде жүргізілетін тек БЦЖ вакцинациясына қатысты. Ал 6 жаста жүргізілетін БЦЖ ревакцинациясына қатысты тұрақты қарсы көрсеткіштерге келетін болсақ: Жоғары айтылғандар жаңа туған балалардың алғашқы күндерінде жүргізілетін тек БЦЖ вакцинациясына қатысты. Ал 6 жаста жүргізілетін БЦЖ ревакцинациясына қатысты тұрақты қарсы көрсеткіштерге келетін болсақ: БЦЖ ревакцинасына тұрақты қарсы көрсеткіштер: БЦЖ вакцинасын енгізгеннен кейінгі кезеңдегі асқынулар; Манту реакциясы оң және күдікті болуы (туберкулин сынағының виражы); Анамнезінде туберкулездің болуы немесе туберкулез микобактериясын жұқтыру; АИВ – инфекциясының болуы; Жақын туыстарында жайылған БЦЖ-инфекциясы анықталуы; Иммунтапшылық жағдайлар, қатерлі ісіктер. БЦЖ ревакцинасына уақытша қарсы көрсеткіштер: жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі, сондай-ақ аллергиялық аурулар. Ревакцинация сауыққаннан кейін немесе ремиссиядан 1 айдан кейін жүргізіледі
ОПВ ревакцинасына қарсы көрсеткіштер: ОПВ ревакцинасына қарсы көрсеткіштер: алдыңғы ОПВ екпесін жүргізгеннен кейінгі 30 күн ішінде дамыған салдану. Кейінгі иммунизация тоқтатылады немесе инактивирленген полиомиелит вакцині енгізіледі (ИПВ); АИВ – инфекциясының клиникалық көрінісінің болуы. ИПВ ревакцинасына қарсы көрсеткіштер: неомицин немесе стрептомицинге жедел аллергиялық реакциялар. АКДС вакцинациясына қарсы көрсеткіштер: ОЖЖ үдемелі аурулары: эпилепсия, үдемелі энцефалопатия және анамнезінде афебрильные тырыспаның болуы. Құрамында сіреспе анатоксині кіретін вакциналарға (АДС, АДС-М, АД-М) қарсы көрсеткіштер: Гийена –Барре синдромы құрамында тыртыспа анатоксины бар вакцина енгізілненнен кейін 6 ай ішінде дамиды. Гийена –Барре (жедел полирадикулит) синдромы — жедел аутоиммунды қабынулық полирадикулоневропатия, ол солғын шаласалдану (парез), сезімталдық және вегетативті бұзылыстармен көрініс береді.
Құрамына әлсіретілген вирус кіретін вакциналарға (ҚКП) қарсы көрсеткіштер: құс жұмыртқасының ақуызына анафилактикалық реакция (егер вакциндік вирустар құс эмбрионында өсірілсе –мысалы қызылша және паротит вакциндері, вакцинді өндіруде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа антибиотиктер. Құрамына әлсіретілген вирус кіретін вакциналарға (ҚКП) қарсы көрсеткіштер: құс жұмыртқасының ақуызына анафилактикалық реакция (егер вакциндік вирустар құс эмбрионында өсірілсе –мысалы қызылша және паротит вакциндері, вакцинді өндіруде қолданылатын аминогликозидтер, неомицин және басқа антибиотиктер. Вирусты гепатит В қарсы көрсеткіштер: Рекомбинантты вакциндерді өндіруде қолданылатын ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар компоненттеріне, бактерияларға және басқа жасушаларға жедел аллергиялық реакция.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет