Арнайы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері туралы
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды мектепке дейінгі дайындау арнайы және жалпы білім беру мектептерінің нөлінші сыныптарында іске асырылады, олар оқушылардың дамуындағы бұзылымдар түрі бойынша сараланады:
есту қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған;
көру қабілетінің бұзылымдары бар балаларға арналған;
ауыр тілдік бұзылымдары бар балаларға арналған;
тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар балаларға арналған;
психикалық дамуының тежелісі бар балаларға арналған;
зияттық бұзылымдары (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бар балаларға арналған.
Арнайы мектептердегі/сыныптардағы оқу-тәрбие процесі келесідей нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы «Тиісті түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережесін бекіту туралы» № 595 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы «Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің Үлгілік ережесін бекіту туралы» № 66 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу бағдарламаларымен (ҚР БҒМ 05.02.2020 ж. № 51 бұйрығы).
0-ші сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 32 оқу аптасынан тұрады. Нөлінші сыныпта оқу-тәрбие жұмысы ұзартылған күн режимінде іске асырылады, бұзылған функцияларды еңсеру және қалпына келтіру, қажетті денсаулық сақтау және педагогикалық режимін қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасалынады. Мектеп штатындағы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары (психолог, логопед, арнайы педагогтар: тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог және т.б.) жүргізген әрбір оқушының қажеттілігін психологиялық-педагогикалық бағалау мәліметтеріне негізделген, сарамалы және жеке тәсілдер қолданылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету педагогтары мен мамандарының жұмысы мектеп директоры бекітетін жергілікті нормативтік актілермен реттеледі. Оқушылар, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары жүргізетін фронталды, топ бөлімдеріндегі және жеке сабақтарда, Үлгілік оқу жоспарының тиісті бөлімінде қарастырылған сағаттар шеңберінде (түзету құрама бөліктері) арнайы психологиялық-педагогикалық көмегін алады. Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының сабақ өткізулері міндетті болып табылады. Сабақтардың негізгі міндеттері:
1) есту қабілетінің бұзылымдары (естімейтін, нашар еститін) бар балалар үшін:
- жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру, жалпы білім беру пәні бойынша білімді меңгеру базасы сияқты тұрмыстық ұғымды игеру үшін тілді меңгеру;
- электр акустикалық аппаратурасын пайдаланып, естіп қабылдауды қарқынды дамыту жағдайында қозғалыс пен тілді дамыту;
- оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету, күнделікті- әңгімелесу сөздік қорын дамыту.
- ауызша тілді қалыптастыру және қалдық сөйлеу естілімін дамыту;
- есту арқылы қабылдауды, айтуды, еріннен оқуды оқушылардың ауызша тілін қалыптастырудың және жетілдірудің есту-көру негізі ретінде дамыту.
Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-көру негізінде іске асырылады, ымдау тілі оқыту процесінде бағдарламалық материалды аса терең түсіну үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;
2) көру қабілетінің бұзылымдары (көрмейтін, нашар көретін) бар оқушылар үшін:
- көздің қалдық көруін және көру арқылы қабылдауды дамыту;
- әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ);
- кеңістікте бағдарлау;
- бет қимылы мен пантомимиканы дамыту;
- тіл дамуының және қозғалыс кемшіліктерін еңсеру;
3) тірек-қозғалыс аппаратының бұзылымдары бар оқушылар үшін:
- қозғалыс саласын қалыптастыру және жетілдіру;
- танымдық қызметті дамыту;
- тіл дамуының кемшіліктерін еңсеру;
4) ауыр тілдік бұзылымдары бар оқушылар үшін:
- тіл дамуындағы ауытқуларды меңгеру;
- моторлық, тілдік моторлық, тілдік ойлау қызметін дамыту;
5) психикалық дамуының тежелісі бар оқушылар үшін:
- білімін және қоршаған болмыс туралы түсінігін байыту, дамудың алдыңғы сатысындағы олқылықтың орнын толтыру;
- жалпы қозғалыс пен қозғалыс үйлесімін дамытудағы ауытқуларды еңсеру;
- тіл дамуындағы кемшіліктерді еңсеру;
- танымдық қызметін және эмоционалдық-жеке саланы дамыту;
6) зияттық бұзылымдары (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бар оқушылар үшін:
- ойындық, қарапайым еңбек қызметін қалыптастыру;
- қозғалыссаласын (жалпы және ұсақ қозғалыс) жетілдіру;
- тілді және қатынас дағдыларын дамыту;
- танымдық және эмоционалдық-жеке саланың дамуындағы ауытқулар орнын толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |