5 сынып оқушыларының пәнге қызығуын зерттеу қорытындысы
Нәтижесінде: 5 сынып оқушыларына математика, ағылшын, дене шынықтыру, сурет, әдебиет, еңбек, информатика пәндері көбірек ұнайтыны анықталды. Қорытындысы бойынша мұғалімдеріне оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға ұсыныстар берілді.
5 сынып оқушыларының ақыл-ой және таным қабілеттерінің зерттеу қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен оқушы жоқ. Бұл оқушылардың оқуға қабілеттерінің жеткілікті екендігін көрсетеді.
10 сынып оқушыларының пәнге қызығушылық қорытындысы
Социометрия шеттетілген оқушы болған жоқ. Сыныптардағы өзара қарым-қатынас жақсы, оқушылар арасында топтарға бөліну байқалмайды. Темперамент тесті бойынша жалпы 10 сынып оқушыларының арасында флегматик пен сангвиник типі басымырақ, бұл типтің шыдамдылығы, ұстамдылығы, ашықтығы жағынан жағымды әсер етіп. жалпы сынып оқушылары арасындағы жақсы қарым- қатынастың орнауына септігін тигізеді.
9 сынып оқушыларының болашақты жоспарлау көрсеткіші
Бағдарлы оқыту–жоғары сынып оқушыларын саралап, оқушылардың қабілетін дамытуды көздейді. Оқушылардың келешектегі сапалы кәсіби таңдау жасай алуына ықпал етеді, оқушының қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін кеңірек ескеріп, танымдық қабілеттерінің, шығармашылық ізденісінің жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
9 сынып оқушыларының кәсіби ой–ниетін анықтау мақсатында бірнеше сауалнама, тесттер алынды. Соның ішінде «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Табандылықты зерттеу», Д.Голландтың «Тұлғаның типтерін анықтау сауалнамасы», Е.Климовтың «Мен қаладым» саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы, Голомштоктың «Қызығушылықтар картасы». Алынған әдістемелердің қорытындысын шығарып, оқушылардың 9 сыныптан соң қай бейінді бағытта оқитыны анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |