Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты



бет4/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Облыстық деңгей:

Қалалық деңгей:

  • Қалалық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми–зерттеушілік жұмыстары байқауы – 9жүлделі орын,

  • Қалалық оқушылардың пән олимпиадасы – 4жүлделі орын (Романова Анита, 8А, математика, 3 орын, Каимова София, 8А, орыс тілі және әдебиет, 3 орын, Вергелес Евгения, 10А, ағылшын тілі, 3 орын, Суслова Екатерина, 11А, қазақ тілі, 3орын),

  • 5-6 сынып оқушыларының кешендік олимпиадасы – 1 жүлделі орын (Братченко Ангелина, 6А, математика, 1 орын),

  • Жаратылыс – математикалық пәндер олимпиадасы – 1 жүлделі орын (РомановаАнита, 8А, математика, 3 орын),

  • «Текстознайка» интеллектуалдық байқау – 1 жүлделі орын,

  • Математика бойынша қалалық турнир –3 жүлделі орын,

  • «Балауса» фестивалі–«Хореография», «Вокал» аталымында лауреат.

Жыл сайын зияткерлік байқауларға қатысатын оқушылардың саны және қашықтық байқаулар мен олимпиадаларға қатысу нәтижелілігі артуда. 1А, 1В, 2А, 2Б, 3А, 4А, 8А, 10Асынып оқушылары олимпиада мен байқауларға белсенді қатысады.


Өткен оқу жылында бастауыш сынып оқушылары арасындағы пән олимпиадасының және ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлер саны артты: 2016-2017 жылы – пән олимпиадасының 2 жүлдегері және ғылыми – зерттеушілік жұмыстары байқауының 2 жүлдегері, 2017-2018 жылы – пән олимпиадасының 4 жүлдегері және ғылыми–зерттеушілік жұмыстары байқауының 9 жүлдегері.
Сонымен қатар негізгі және жоғары сынып оқушылардың облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларға және ғылыми жобаларға қатысу санының аз болу мәселесі шешілмей тұр. Оған себеп сабақта және сабақтан тыс уақыттарда дарынды балалармен жұмыс жүйесінің болмауы, дарынды балалармен жұмыс жасаудың сабақтастығы жоқ болуы.
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі мәселесі үнемі бақылауда болу қажет. Оқушыларды іштей олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға даярлау бойынша құрған жоспарына қатаң бағыну керек.
5А, 6А гимназиялық сынып оқушыларының зияткерлік байқауларға қатысу белсенділігі төмен екенін атап өткен жөн.
МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ
2017 – 2018 оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы «Жаңа педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру үдерісінің сапасын арттыру» бірыңғай әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Жылдың ең басты ғылыми – әдістемелік тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ». Мақсаты – білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау.
Әдістемелік қызметтің алдына келесі міндеттер қойылды:
1.Мұғалімдердің заманауи білім беру технологияларын қолдану, оқушыларды оқытуда жаңа көзқарастарды енгізу үшін жағдай жасау (оқушыларды сыни бағалау, ынтымақтастықта оқыту, сыни ойлаудың философиясы);
2.Сертификатталған мұғалімдердің, тренерлік курстардан өткен мұғалімдердің 2017-2018 жылы жаңа бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7 сыныптарда жұмыс жасаған мұғалімдердің әдістемелік өзара әрекет еткен барлық субъектілердің жұмысын үйлестіру;
3.Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жетілдіру және оларды қолдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет