ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/15
Дата23.10.2016
өлшемі2,39 Mb.
#67
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Қозыбакова С. .,Шеримкулова Г.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушылар

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семинар–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру,

Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Семинар сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

Құқық негіздері әлеуметтік- гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.



Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Тіл біліміне кіріспе

Қысқартылған атауы

TБК

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Әлімқұлов Ә.

Доцент / оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компанент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер 15, практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: « Тіл біліміне кіріспе»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Лингвистика ғылымының негізгі нысаны да осы адамзат тілі болып табылады.

Мазмұны

Тіл білімі курсының басты мақсаты – студенттерді тіл туралы ғылымның негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі, бастамасы болып табылатын бұл курста тіл теориясын атап айтқанда тілдің ішкі құрылымы және оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функциональдық және құрылымдық баламалармен байланысы және т.б. мәселелер қарастырылады. Студенттің кәсіби дайындығының, филолог мамандығын алудың алғашқы кірпішін қалайды.

Курстың міндеттері – студенттер аталмыш курста лингвистикалық терминдермен танысып, оларды ғылыми тұрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тіл білімінің негізгі нысаны тіл болғандықтан, оның табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, арақатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер жалпыхалықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырылулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, тіл білімінің зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы және т.б. мәселелер тұрғысынан студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет.




Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Лингвистика ғылымының негізгі нысаны да осы адамзат тілі болып табылады. Тіл адамзат қоғамына ортақ құрал болғандықтан, лингвистиканың негізгі қағидалары мен ғылыми тұжырымдары да бәріне ортақ болуы заңды құбылыс.



1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Халық ауыз әдебиеті

Қысқартылған атауы

ХАӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр1

Оқытушының Т.А.Ә.

Дуанаеа С.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, семинар-15,ОСӨЖ-15,СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік қалыптастыру.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Фольклористиканың тарихнамасын білу. Жанрлық ерекшеліктерін ажырата білу.

Нәтижесінде: Ауыз әдебиеті үлгілерімен таныса келе, талдау жұмыстарын қалыптастыруға дағдыландыру.



Мазмұны



Дәрістер: Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері және оның түрлері. Тұрмыс-салт өлеңдері. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері және оларды жіктеу ұстанымдары. Жұмбақ, жаңылтпаш жанрларының табиғаты. Шешендік сөздердің поэтикасы. Аңыздың баяндау құрылымы. Миф және ертегі. Ертегінің түрлері. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи эпос және олардың жиналуы мен зерттелуі. Мифтер, аңызәңгімелермен байланысы. Батырлық жырдың сюжеттік желісі. Эпостық тарихилығы. Эпос және этнос. Тарихи жырдың басты ерекшеліктері. Сюжет типологиясы. Лиро-эпостың жанрлық сипаты. Ғашықтық жырлардағы этнографиялық құндылықтар. Айтыс жанрының ерекшеліктері. Қазіргі замандағы халық поэзиясының даму бағдары. Ақын және импровизаторлық өнер. Айтыс мәдениеті. Фольклордың өзіндік ерекшелігі және даму тарихы. Халық поэзиясы мен әдеби шығарманың жүйелі байланысы. Дәстүрлі фольклордың жалпы даму заңдылықтары. Мифология және халықтың поэтикалық шығармашылығы. Фольклорлық жанрлар жүйесі. Фольклор жанрларының поэтикасы – көркемдік жүйе.

Семинар сабақтар: Әдебиет және фольклор. Фольклористиканың тарихнамасы. Фольклордағы академиялық мектептер. Қазіргі қазақ және әлем фольклорындағы бағыттар мен үрдістер. Фольклорды жинау, жүйелеу, зерттеу және поэтикалық мұраны жариялау мәселесі. Қазақ фольклорының жанрлық жүйесі. Жанрлардың тектік байланысы. Қазақ фольклорының құрамы және жіктемесі. Фольклор жанрларының поэтикасы – көркемдік жүйе.Тұрмыс – салт жырлары. Ғұрыпқа қатыссыз поэзия. Ертегіден тыс проза: аңыз, әпсана, хикаят. Батырлық эпос. Тарихи жырлар және балладалар. Лирикалық жырлар. Частушкалар. Балалар фольклоры. Әдебиет және фольклор. Мифопоэтика және фольклористика мен әдебиеттану мәселелері. Әдеби ертегі. Әдеби мұраны сақтау тұжырымдамасы және фольклор мәселесі.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауыз әдебиеті үлгілерімен танысу, ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық ерекшеліктерін білу.


1 курс

1 семестр


Пәннің аталуы

Нормативті қазақ тілі

Қысқартылған атауы

НҚТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Бескемпірова Г.

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компонеті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, семинар-,ОСӨЖ-15,СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -45 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақ тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады. Фонетика саласында - дыбыс, буын, үндестік заңы т.б. салаларын толық қамтып, лексика саласында – этимология, семасиология, ономасиология, фразеология т.б. мәселелерді қамтиды. Грамматика саласында – морфология жіне ситаксис тақырыптарын қарастырып, талдау жұмыстарын практика жүзінде іске асырылуы тиіс.

Мазмұны

Дәрістер: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы жалпы мағлұмат. Алфавит, оның құрамы. Алфавит тәртібін білудің практикалық кажеттілігі. Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып жіктелуі туралы түсінік. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып жіктелуі. Дауысты дыбыстар, олардың емлесі. Дауыссыз дыбыстар. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары, олардың стильдік ерекшеліктері. Сөздің көп мағыналығы және омоним. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің рөлі, Көркем шығармада омоним мен көп мағыналы сөздердің қолданылу әдісі. Омограф, омофондар жайында түсінік. Синоним, оның ойды көріктендірудегі ролі. Синонимдік қатарлар, олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, кос сөз түрінде қолданылуы. Синонимдердің белгілі бір контексте бірінің орнына бірі ешбір өзгеріссіз қолданыла беруі мен сөз талғап қолданылатындығы. Антоним, оның коркем шығармада қолданылудағы ерекшеліктері. Мақал мен мәтелдер, афоризмдер. Тұрақты сөз тіркестерінің стильге қатысы.

Семинар сабақтар: Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы жалпы мағлұмат. Алфавит, оның құрамы. Алфавит тәртібін білудің практикалық кажеттілігі. Қазақ тіліндегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып жіктелуі туралы түсінік. Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып жіктелуі. Дауысты дыбыстар, олардың емлесі. Дауыссыз дыбыстар. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасын ауыстырып қолдану жолдары, олардың стильдік ерекшеліктері. Сөздің көп мағыналығы және омоним. Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің белгілері, айырмашылықтары, оларды ажыратудағы контекстің рөлі, Көркем шығармада омоним мен көп мағыналы сөздердің қолданылу әдісі. Омограф, омофондар жайында түсінік. Синоним, оның ойды көріктендірудегі ролі. Синонимдік қатарлар, олардың қолданылу ерекшеліктері: бірыңғай мүше түрінде, кос сөз түрінде қолданылуы. Синонимдердің белгілі бір контексте бірінің орнына бірі ешбір өзгеріссіз қолданыла беруі мен сөз талғап қолданылатындығы. Антоним, оның коркем шығармада қолданылудағы ерекшеліктері. Мақал мен мәтелдер, афоризмдер. Тұрақты сөз тіркестерінің стильге қатысы.


Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

емтихан



1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Әдебиеттануға кіріспе

Қысқартылған атауы

АК

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

1 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Дуанаева С.А.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Пәсіби пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер 15. семинар-15, ОСӨЖ-30,СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әдебиет теориясы және эстетика. Әдеби даму дың тарихи заңдылықтары.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Әдебиет теориясына кіріспе. Жанрлар теориясы мен поэтикасын меңгеру. Көркемдік әдіс, әдеби бағыттар мен ағымдарды ажырата алуға үйрену. Көркем шығарманы талдап үйрену.

Нәтижесінде: Әдеби жанрларды танып білу. Шығарманы композициялық, сюжеттік, көркемдік жағынан талдауға үйрену.



Мазмұны

Дәрістер: Әдебиет теориясы және эстетика. Әдебиет-танудағы ғылыми мектептер және олардың тұжырымдамалары. Әдебиеттанудың әдістанымы. Көркем мәтін және көркем шығарма. Архетип және символ. Әдебиеттің предметтік-бейнелеу жүйесі. Көркемдік мекеншақ.

Семинар сабақтар: Мәтін және оны қабылдау мәселелері. Әдеби даму дың тарихи заңдылықтары. Әдеби үдеріс мәселелері мен оны зерттеу әдістері. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі. Жанрлар теориясы мен поэтикасы. Көркемдік әдіс, әдеби бағыттар мен ағымдар. Көркем шығармашылық табиғаты. Көркемдік өлшемдері мен модустары. Әдебиеттің тарихилығы және псиологизм. Көркем шығармадағы дәстүр мен жаңашылдық. Әдеби байланыстардың теориялық мәселелері.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Әдеби шығармаларды талдай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет