М.Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын, Мұхтартану ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдарды, Мұхтар Әуезовке байланысты айтылған пікірлерді, М. Әуезов шығармаларының өзге шет тілдеріне аударылуының жай күйін білу. Жалпы әлем әдебиетіне шолу жасау.
Нәтижесінде: М.Әуезов шығармалары мен әлем классиктерінің шығармаларымен таныстыра отырып,, әдеби шығармаларға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Мазмұны
Дәрістер: ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын терең де жетілдіре, жан-жақты оқытудың айырықша рөлі бар екені ақиқат. Сонымен қатар ұлы жазушының шығармашылығын оқыту барысында тағы да бір назарда ұстайтын құбылыс бар, ол құбылыс жазушы шығармашылығын тек қана қазақ әдебиеті тұрғысынан ғана түсіндіріп қоймай, әлем әдебиеті аренасымен байланыстыра сипаттаудың да маңызы зор деп санауға әбден болады. Оның бірнеше себептері бар, ең алдымен жазушының атақты эпопеясы «Абай жолы» қазақ әдебиетінің көкжиегін әлем әдебиеті аренасына айқын шығарды, көптеген Европа, Азия, т.б. құрылық тілдеріне аударылып басылуы осы пікірімізді растай түседі. Сонымен қатар әлем әдебиетің көптеген әдебиетшілері, сондай-ақ оқырман қауымы роман-эпопеяны қапысыз мойындады, әдеби мұра ретінде таныды, әлем әдебиетінің алтын қорына қосты, яғни дүниежүзілік алтын қорға енген 200 кітаптың қатарына екі томдық болып енгені романның әлем әдебиетіндегі өзіндік орнын айқындай түсті.
Семинар сабақтар: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын өз еліміз ғана емес әлем халықтарының өкілдері, ол елдердің әдебиешілері қапысыз мойындағаны тарихи шындық, осыны ескере келгенде жазушының өмірі мен шығармашылық өнерінәлем әдебиетімен байланыстыра оқытудың маңызы зор деп санауға болады. Бүгінгі жас ұрпаққа, қоғам жаһандануға бет бұрған кезеңде жазушы Әуезов шығармашылығын әлемдік деңгейде таныту – баршамыздың алдымызда тұрған абыройлы міндет.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
М.Әуезов және әлем әдебиеті мәселелерін білу.
4 курс
7 семестр
Пәннің аталуы
Қазіргі қазақ романы және әдеби процесс
Қысқартылған атауы
ҚҚР Ж ӘП
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Оразбаев Қ.М.
Доцент/оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пәндер таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Дәрістер -30. семинар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 135 сағат.
Кредиттер/сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау; Романның жанрлық ерекшелігі,туу, қалыптасу, даму тарихы
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Қазіргі қазақ романдарының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі роман, повесть, әңгiме жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау. Әдеби процестiң бiрден-бiр қозғаушы көзi қазақ прозасының даму тарихына үлес қосқан жазушылар жөнiнде мағлұматтар жинау.
Мазмұны
Дәрістер: Роман жанры туралы түсінік. Роман жанрын жіктеудегі принциптер.Романның туған кезеңі туралы пікірлер, зерттеулер. Роман, роман-эпопея, психологиялық роман, т.б. жанры туралы түсінік. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы роман жанрының қалыптасу және даму ерекшеліктері. Тарихи романның зерттелуі.Тарихи-мемуарлық романның алғаш рет С.Сейфуллиннің шығармашылығында орын алғандығы. «Тар жол, тайғақ кешу» романының көркемдік, шежірелік, өмірбаяндық сипаты. «Ақбілек» романының тақырыбы. Жазушының кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.Кеңес дәуіріндегі қазақ зиялыларының тұрмыс тіршілігімен, таптық тартыстарды бейнелейтін романдар. Қазақ қаламгерлерінің тарихи роман жанрындағы соны тақырыптардағы ізденістері..1960-70 жылдардағы туындылар. 1980-90 жылдардағы тарихи романдар. Алтын Орда, қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи бейнелерді бейнелейтін туындылар. Кеңес дәуіріндегі саясат құрбандары шындығы тақырыбындағы туындылар. Қазақ әдебиетінде әскери әдебиет тақырыбын көтерген романдар. Қазіргі қазақ романдары Қазіргі әдебиеттану процесі.
Семинар сабақтар: Қ.Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясы. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романындағы жазушы ізденістері. «Балуан шолақ» романы. Оның идеал көркемдік сипаты. А.Тоқмағамбетовтің «Жыр күмбезі» романындағы автордың көркемдеу тәсілдері. И.Есенберлиннің шежірелік сипаттағы романдары. С.Сматаевтың «Елім-ай», Ә.Әлімжановтың «Жаушы» романдарындағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық үшін күрестің көрінісі. Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты.Ш.Мұртазаның қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың өмірі мен қоғамдық қызметін оның өмір сүрген дәуірін шындығы, шығармадағы Тұрар бейнесі. З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» тарихи ғұмырнамалық шығармасы. Романдағы көрініс тапқан таптық, әлеуметтік қайшылықтар. «Үркер», «Елең -алаң» романдарының Ә.Кекілбаев шығармашылығында алатын орны, қаламгердің өзіндік қолтаңбасының көрінуі «Аласапыран» романының көркемдік сипаты, сондағы тарихи тұлғалар бейнелері. Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи диологиясындағы ел бірлігі идеясы.Т.Жұртбаевтың «Талқы» шығармасындағы шындықтың ақиқат көрінісі. С.Елубаевтің «Ақбоз үй», «Мінәжат» романдарындағы тарихи шындықтың көріністері Б.Момышұлының «Артымызда Москва» романының идеялық көркемдік ерекшелігі. «Қан мен жазылған кітаптағы» жауынгер психологиясын суреттеудегі жазушы шеберлігі. Б.Момышұлы әскери әдебиетті қалыптастырушы –жазушы. Т.Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы » романының идеялық-эстетикалық нысанасы С.Сматаев «Елім-ай» трилогиясының тарихи және көркемдік сипаты. Қ.Қамбаровтың «Ұлы көш» романының танымдық тарихи мәні.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Қазіргі қазақ романы және әдеби процесс мәселесін білу.
4 курс
7 семестр
Пәннің аталуы
Қазіргі қазақ поэзиясы.
Қысқартылған атауы
Қ Қ П
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Оразбаев Қ.М.
Доцент/оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пәндер таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Дәрістер -30. семинар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 135 сағат.
Кредиттер/сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Қазіргі қазақ поэзиясын ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау;
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Қазіргі қазақ поэзиясының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі поэзиялық шығармалардың өзiндiк табиғатын айқындау. Қазіргі қазақ ақындары жайлы білу.
Мазмұны
Дәрістер: Абай дәстүрі және оның қазақ поэмасындағы жалғастығы.О.Сүлейменов поэзиясының көркемдік ерекшеліктері. Қазіргі қазақ лирикасының табиғаты. Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап», Т.Медетбектің «Көк түріктер сарыны», Қ.Ілиясовтың «Тасжарған», «Қалақай қамшы», И. Сапарбайдың «Махаббат пен ғадауат», «Сезім патшалығы» шығармаларындағы лиризм. Қазақтың философиялық лирикасы, ерекшеліктері. Қ.Мырзалиевтің «Ой орманы», «Дала дидары», «Қорамсақ» т.с.с. жинақтарындағы философиялық сарындар. Ж.Нәжімеденовтің «Жаңғырық», «Мен-тамыр мын» жыр жинақтарындағы ойшылдық, сыршыл дық, сыншылдық сарындар. Ұлттық-философиялық таным мен көркемдік танымның тұтастығы. Қазіргі қазақ поэмалары. Н.Айтұлының «Бәйтерек», С.Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр», Е.Раушановтың «Айша бибі», «Сары өзен», Б.Бәмішұлының «Зуқа батыр», «Тәңір сынағы», К.Ахметованың «Қыз-бота», «Үлбір сұлу», З.Тілеужановтың «Қабанбай» поэмаларының поэтикасы. Тілдік-стильдік ерекшеліктері. Сюжеттік-композициялық құрылымы. Қазіргі қазақ сатирасы. О.Әубәкіров сатирасының стилі мен тілі. Ш.Смаханұлы сын-сықақтарының танымдық-тәрбиелік мәні, көркемдігі. Қазіргі қазақ поэзиясы және көркемдік таным.
Семинар сабақтар: Қазіргі қазақ поэзиясы және Абай дәстүрі. Ж.Нәжімеденовтің шығармашылығы. Ж.Молдағалиев шығармашылығы. Т.Айбергеновтің шығармашылығы. М.Шахановтың шығармашылығы. М.Мақатаев шығармашылығы. Т.Әбдірахманова шығармашылығы. Ф.Оңғарсынова шығармашылығы. К.Ахметова шығармашылығы. М.Айтхожина шығармашылығы. Қ.Мырзалиев шығармашылығы. Т.Молдағалиев шығармашылығы. Ж.Жақыпбаев шығармашылығы. Б.Үсенов шығармашылығы. И.Сапарбай шығармашылығы. Иран-Ғайып шығармашылығы.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Қазіргі қазақ поэзиясын білу.
4 курс
7 семестр
Пәннің аталуы
Қазіргі қазақ романы
Қысқартылған атауы
Қ Қ Р
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Оразбаев Қ.М.
Доцент/оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пәндер таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Дәрістер -30. семинар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 135 сағат.
Кредиттер/сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Роман жанрын ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау; Романның жанрлық ерекшелігі,туу, қалыптасу, даму тарихы
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Қазіргі қазақ романдарының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі роман жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау.
Мазмұны
Дәрістер Роман жанры туралы түсінік. Роман жанрын жіктеудегі принциптер. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы роман жанрының қалыптасу және даму ерекшеліктері. Тарихи романның зерттелуі. Кеңес дәуіріндегі қазақ зиялыларының тұрмыс тіршілігімен, таптық тартыстарды бейнелейтін романдар. Ұлы Отан соғысына арналған, соған қатысты оқиғаларды бейнелейтін романдар. С.Мұқановтың өмірбаяндық трилогиясының алғашқы кітабы. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романындағы жазушы ізденістері. І.Есенберлиннің шежірелік сипаттағы романдары. С.Сматаевтың «Елім-ай», Ә.Әлімжановтың «Жаушы» романдарындағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық үшін күрестің көрінісі. Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты. З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» тарихи ғұмырнамалық шығармасы. Романдағы көрініс тапқан таптық, әлеуметтік қайшылықтар. Ә.Кекілбаевтің «Үркер», «Елең -алаң» романдарының шығармашылығында алатын орны, қаламгердің өзіндік қолтаңбасының көрінуі. Т.Жұртбаевтың «Талқы» шығармасындағы шындықтың ақиқат көрінісі. Б.Момышұлының «Артымызда Москва» романының идеялық көркемдік ерекшелігі. А.Тоқмағамбетовтің «Жыр күмбезі» романындағы автордың көркемдеу тәсілдері. Т.Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы » романының идеялық-эстетикалық нысанасы.
Семинар сабақтар: Роман, роман-эпопея, психологиялық роман, т.б. жанры туралы түсінік. Тарихи-мемуарлық романның алғаш рет С.Сейфуллиннің шығармашылығында орын алғандығы. «Тар жол, тайғақ кешу» романының көркемдік, шежірелік, өмірбаяндық сипаты. «Ақбілек» романының тақырыбы. Жазушының кейіпкерлер психологиясын сипаттаудағы шеберлігі.. Қазақ қаламгерлерінің тарихи роман жанрындағы соны тақырыптардағы ізденістері.Шаруашылық өндіріс тақырыбына жазылған романдар. С.Мұқанов трилогиясында қоғам, адам, заман шындығының кең қамтылуы. Трилогияның танымдық, тарихи мәні. М.Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасының қазақ әдебиетін дамытуда алатын орны. Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» романының тақырыбы. Қ.Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясы.. С.Мұқановтың «Балуан шолақ» романы. Оның идеалық- көркемдік сипаты.. Ш.Мұртазаның қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың өмірі мен қоғамдық қызметін оның өмір сүрген дәуірін шындығы, шығармадағы Тұрар бейнесі. М.Мағауиннің «Аласапыран» романының көркемдік сипаты, сондағы тарихи тұлғалар бейнелері.Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи диологиясындағы ел бірлігі идеясы. Д.Досжановтың «Абақты» кітабындағы Сталиндік зұлматқа ұшырау тарихының бейнеленуі.С.Елубаевтің «Ақбоз үй», «Мінәжат» романдарындағы тарихи шындықтың көріністері Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» атты шығармасында жауынгер психологиясын суреттеудегі жазушы шеберлігі. Б.Момышұлы әскери әдебиетті қалыптастырушы –жазушы. і.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Қазіргі қазақ романдарын оқу.
4 курс
7 семестр
Пән аталуы
Қазақ әдеби тілінің функционалдық түрлері
Қысқартылған атауы
Оқу іс-шаралары
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Б.Бекетов
Доцент/ оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пәндер таңдау компоненті
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
Дәрістер 15, практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 90
Кредиттер/ сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: «Қазақ әдеби тілінің функционалдық түрлері»
Білім беру мақсаттары
«Қазіргі қазақ тілінің функционалды түрлері» пәннің мақсаты мен міндеті студенттердің «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Стилистика» пәндерінен алған білімін кеңейтіп ары қарай жетілдіреді. Тілдің қоғамдық функциясы мен таныстыру, әлеуметтік лингвистиканың тарихынан мәлімет беру. Тілдің жасау формалары болған әдеби тіл, сөйлеу тілі, койне, пиджин, Креол түрлері мен сондай-ақ аймақтық, әлеуметтік диалектерімен таныстыру. Тілдік ситуациадан, билингвизм, полилингвизм мәселелеріне түсінік беру.Пәнді оқытудағы ең басты мақсат тілдің қоғамның барлық саласындағы атқаратын функциаларын атап көрсету. Бұл пәнді оқыту мақсаты – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ете отырып, тілдің коммуникативтік эстетикалық қызметін сөйлеу, жазу барысында мәдениетті түрде жеткізу болып табылады. Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде пайдалану – үлкен өнер.
Мазмұны
Тіл саясаты. Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңы. Тілдің мәні мен қоғамдық қызметі. Тіл – қатынас құралы. Ол халқымыздың кешегісін де, бүгінгісін де көрсете алатын ен байлығы, мол мұрасы, мәдени өмірінің тұтқасы. Тілдің құрылымдық функцияларын, оларды зерттеуді әдіс-тәсілдерін, тілдердің типологиялық функциясын және олардың классификациясын көрсету.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Емтихан
4 курс
7 семестр
Пән аталуы
Әдеби тілдің статусы, даму кезеңдері
Қысқартылған атауы
АТS 4227
Оқу іс-шаралары
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Б.БЕКЕТОВ
Доцент/ оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақ
Оқу жоспарымен сәйкестігі
БП таңдау
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
Дәрістер 15, практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 90
Кредиттер/ сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Әдеби тілдің статусы, даму кезеңдері
Білім беру мақсаттары
Тілдің функциясының түрлері және оның қызметтері. Тілдің коммуникативтік, номинативтік, синтаксистік функциялары туралы түсінік алады.
Мазмұны
Тілдің қоғамдық өмірдің нақты бір саласында қолданылуы, оның нақты қызметінің саралануы қоғамдық қызметі деп аталады. Тіл әртүрлі формада өмір сүреді, қоғамдық-әлеуметтік қызметі де әртүрлі. Осылардың бәрі курстың негізгі нысаны. Тілдік құрылымның функцияналдық классификациясы, оның монофункционалды, полифункционалды, универсалды құрылымдарын меңгереді және олардың мәртебесі және әдеби тілге қатынасын меңгереді. Қазақ тілінің ХҮІІІ – ХІХ ғ. атқарған функциясы, ХХ ғ. басындағы функциясы, кәзіргі функциясы туралы түсінік алады. Курсты оқу барысында тілдердің типологиялық функциясынан қоғамдық, коммуникативтік, экспрессивтік, конструктивтік (ойлардың қалыптасуы), аккумулятивтік (қоғамдық тәжірибелік) туралы түсінік алады.
«Қазіргі қазақ тілінің функционалды түрлері» пәннің мақсаты мен міндеті студенттердің «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Стилистика» пәндерінен алған білімін кеңейтіп ары қарай жетілдіреді. Тілдің қоғамдық функциясы мен таныстыру, әлеуметтік лингвистиканың тарихынан мәлімет беру. Тілдің жасау формалары болған әдеби тіл, сөйлеу тілі, койне, пиджин, Креол түрлері мен сондай-ақ аймақтық, әлеуметтік диалектерімен таныстыру. Тілдік ситуациадан, билингвизм, полилингвизм мәселелеріне түсінік беру.Пәнді оқытудағы ең басты мақсат тілдің қоғамның барлық саласындағы атқаратын функциаларын атап көрсету. Бұл пәнді оқыту мақсаты – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ете отырып, тілдің коммуникативтік эстетикалық қызметін сөйлеу, жазу барысында мәдениетті түрде жеткізу болып табылады. Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде пайдалану – үлкен өнер.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері