Пререквизиттер: Жас ерекшеліктеріне қарай әдеби шығармаларды таңдау.
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Жас ерекшеліктеріне қарай әдеби шығармаларды таңдауға дағдылану.
Нәтижесінде: жас ерекшеліктеріне қарай әдеби шығармаларды таңдай отырып, тәрбиелік ойлар қалыптасыру.
Мазмұны
Дәрістер: Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі балалар әдебиеті Ө.Тұрманжановтың «Сабантой», «Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос-құдалар», «Ащы терден тәтті нан», «Бір кезде» т.б өлеңдеріндегі ерлік пен еңбек мәселесі.С.Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» повестеріндегі ауыл өмірі.М.Әлімбаев өлеңдерінің тәрбиелік мәні мен көркемдігі. Ә.Дүйсенбиевтің мектеп жасына ыңғайлап жазған шығармаларының көркемдігі, тіл жеңілдігі, жатқа айтуға ңғайлылығы. Ж.Смақовтың бөбектерге арнап жазған өлең-жұмбақтары. Қазіргі балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің (1960 жылдар) жанрлық түрлерінің дамуы, стильжағынан күрделенуі. Б.Соқпақбаевтың өмірбаяндық туындысы «Балалық шаққа саяхат» повесі. С.Сарғасқаев өмірі мен жазушылық қызметі. Қ.Мырзалиев өлеңдеріндегі туған жер, ел тақырыбы.С.Баязитовтің бала психологиясының ерекшеліктерін суреттеу шеберліктері. М.Мақатаевтың «Сәби -Ана», «Айбармен әңгіме», «Әке аманаты» өлеңдеріндегі тәрбиелік ойлар.
Семинар сабақтар: . Ө.Тұрманжановтың «Маймыл мен бұршақ», «Сауын сиыр», «Арыстан мен тышқан», «Көк кептер мен құмырсқа» т.б. аудармаларының тәрбиелік мәні. М.Әлімбаев өлеңдеріндегі юмор мен сын-сықақ. Ж.Смақовтың «Опай-сопай», «Тамшы», «Бұршақ туралы ертегі», «Аю қалай адасты» т.б. шығармаларында еңбекті, адам ақыл-ойы мен парасатының ардақталуы. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің танымдық және тәрбиелік мәні. Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» повесінің спорт тақырыбында жазылған алғашқы шығарма ретінде ерекшелігі.С.Сарғасқаевтің «Бір көшенің бойында», «Шындық» атты әңгімелеріндегі табиғат көріністері. М.Мақатаев шығармаларындағы асқақ лирика, эстетикалық әсері.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Жас ерекшеліктеріне қарай әдеби шығармаларды таңдауды үйрену
3 курс
6 семестр
Пәннің аталуы
Балалар әдебиетінің ерекшеліктері
Қысқартылған атауы
Б Ә Е
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
6 семестр
Оқытушының Т.А.Ә.
Дуанаева С.А.
Доцент/оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пәндер таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Дәрістер -15, семинар-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы сағат -90
Кредиттер/сынақ бірліктері
2 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Балалар фольклорын, Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетін қалыптастырудағы орнын, Абай Құнанбаевтың өнер-білімге үндеген өлеңдерін, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін білу. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті. Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев сияқты ақын-жазушылардың балаларға арнаған шығармаларына шолу жасау.
Мазмұны
Дәрістер: Балалар фольклоры. Балаларға арналған халықтық өлеңдер. Бесік жыры, тұсау кесу жырындағы эстетикалық идеял, оның тәрбиелік мәні. Жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтар. Бала тілін дамытудағы жаңылпаштың ролі. Халық даналығына баулуда мақал-мәтелдердің маңызы. Балалардың ойлау қабілетін қабілетін қалыптастырудағы жұмбақтардың мәні. Ертегілер туралы түсінік. Ертегілер-халық даналығының айнасы. Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Алтынсариннің қазақ балалар әдебиетін қалыптастырудағы еңбегі. Абай Құнанбаевтың өнер-білімге үндеген өлеңдері, қара сөздерінің тәрбиелік мәні. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті. Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев сияқты ақын-жазушылардың балаларға арнаған шығармаларына шолу. Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы балалар әдебиеті. Кеңестік балалар әдебиеті туралы қазіргі пікір. Социализмнің жасампаздығын жырға қосу. «Жаңа мектеп» журналында 1927 жылы арияланған «Жас балалар кітабына» қойылатын шарттар» атты Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқау хаты. С.Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіров шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов шығармаларының қазақ балалар әдебиетіндегі алатын орны.
Семинар сабақтар: Жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақтар. Ертегілер туралы түсінік. Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. А.Құнанбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ балалар әдебиеті.Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарындағы балалар әдебиеті. С.Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіров шығармаларының өзіндік ерекшеліктері М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов шығармаларының қазақ балалар әдебиетіндегі алатын орны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. (1941-1945) Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы. М.Иманжановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалары.Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі балалар әдебиеті (1949-60жж)
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Курстың мақсаты – мектепте пән ретінде оқытылатын қазақ тілінің әлеуметтік маңызына студенттердің, болашақ мұғалімдердің азаматтық сенімін қалыптастыру. Болашақ мұғалімдерді қазақ тілін оқыту әдістемесіне берілетін біліммен қаруландырып, олардың бойына қазақ тілінен бағдарламалық материалдарды оқушыларға берік меңгеретіндей, міндеттерін тиімді шешетіндей оқушылардың сенімін, білімдерін өздігінен жетілдіретіндей іскерлігін қалыптастыру. Студенттердің мамандық әдістемелік іскерлігін шыңдау. Болашақ мұғалімдерді оқу-әдістемелік еңбектерімен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Студенттердің ғылыми-әдістемелік шығармашылығына жол ашып, өздерінің педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіріп отыру.
Қазақ тілін оқыт әдістемесінің курсы қазіргі әдістеме, тіл білімі, педагогика, психология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сонымен қатар бұрыннан келе жатқан әдістемелік бай мұраға, әдістемелік эксперименттердің мағлұматтарына қазіргі мектептің озат мұғалімдерінің мол тәжірибелеріне арқа сүйейді.
Мазмұны
Дәрістік сабақтар:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - жеке ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысы және оны тану жолдары.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздері, оның философия, логика, психология, педагогика, кибернетика т.б. ғылымдарымен байланыстылығы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттірі, мазмұны.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері - Ы.Алтынсарин, Л.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Х.Сарыбаев т.б. еңбектерінің маңызы.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Х.Арғынов, Д.Әлімжанов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев, Н.Оралбаева, Б.Кәтембаева, Б.Құлмағамбетова, М.Дүйсебаева, Ә.Исабаев, С.Қазыбаев т.б. ғалымдар еңбектерінің орны.
Қазақ тілі - мектепте оқылатын негізгі пәндердің бірі ретінде. Пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы. Қазақ мектебіндегі қазақ тілі пәнінін ана тілі ретіндегі феномендік ерекшелігіне байланысты оқыту заңдылықтары. Қазақ тілі пәнінің білім берудегі, тәрбиелік, дамытушылық маңызы.
Қазақ тілін оқытудың эмпирикалық және теориялық деңгейлері және олардың өзара сәйкестіктерін сақтау мәселесі. Қазақ тілі заңдылықтарын оқушының ойлауы мен тілін дамыту бағытында оқытылуының заңдылықтары.
Мектептегі оқылатын қазақ тілі жүйесінің ұғымдарын терминдерді меңгерту барысында логикалық операцияларды қолдану жолдары. Ереже мен оның құрылымы.
Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс машықтар мен дағдылар. Эмпирикалық әдістер мен тсориялық әдістерді қолдану дағдылары.
Қазақ тілі пәнінің басқа пәндермен байланысы: әдебиет, математика, шет тілі, химия, физика, биология, музыка, сурет, информатика т.б.
Оқушылардың жазба және ауызша тілі дамуындағы қазақ тілінің және барлық пәндердің алатын орны. Оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығына қойылатын бір/й талаптар.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Ұстанымдардың жалпы қызмет ұстанымы мен жеке тұлғаны дамыта оқыту ұстанымына негізделетіңдігі. Қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық қызмет ретінде тану және оның жүйелік-құрылымдық табиғатын тану. Дидактикалық ұстанымдар. Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары және тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар. Бұлардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Әдістердің жүйесіндегі танымдық әдістердің орталық орны (анализ, синтез, индукция, дедукция, эксперимент, модельдеу, бақылау мен салыстыру, жіктеу т.б.) Дидактакалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастар. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы. Қазақ тілін оқыту әдістері. Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын әдістер. Оқушылардың ойлауы мен тілін дамыту әдістерінің байланыстылығы. Оқушыларды грамматикалық ұғым жасауға үйрететін әдістер. Топтастырылған ұғым жасауға үйрету әдістері. Тіл бірліктерінің ерекшеліктерін жалғастыра тану, негізгі белгілерін анықтау, дәлелдеу, форма мен мазмұнын байланыстылығын таньпу әдістері: формадан-мазмұға және мазмұннан-формаға қарай жүру әдістерінің маңызы. Тіл бірліктерінің семантикалық болмысын таньпу әдістері.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері және ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүгізу ерекшеліктері: факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.
Қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алу. Тереңдете оқытудағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі бағдарламасымен байланыстылығы.
Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.
Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы және олардағытеориялық және практикалық материалдың берілуінде сәйкестігінің сақталуы. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері. Теориялық материалдарының берілу логикасы. Лингвистикалық теориялық материалды оқу мақсатын сипаттаудың лингводидактикалық негіздері. Жаттығу мен түрлері; олоқулықтарда орналастыру желісі.
Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу- әдістемелік кешен және құрылымы. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа әдістемелік қосымша құралдар; мұғалімге арналған әдістемелік құрал диктанттар мен мазмұндамалар жинағы; тест жинағы; тіл теориясы оқушыларға арналған хрестоматиялар; түрлі сөздіктер; дидактикалық картинкалар кеспе қағаздар жинағы; қызықты грамматика материалдары; лингвистикалық танымдық есептер жинағы; сынақ, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырма жинағы т.б.
Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фонетикаға берілетін білім мазмұны мен меңгерілетін ұғымдардың жүйесі.Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдер. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетиканы оқытумен байланысты орфоэпиялық және орфографиялық сөздік жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Фонетикалық диктанттар.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКЕСИКАСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілінің жүйесінің құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және ара деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Берілген білім мазмұнының көлемі мен минимумы. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары. Лексиканы меңгерту барысында оқушыда қалыптастырулы тиіс машық-дағдылар.
ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Фразеологияны мектеп барысында ұлттық дүниетанымын ерекшеліктерін таныту.
Фразеологияның жолдары. Фразеологияны оқытуда көрнекі құралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары. Фразеологияны оқьпуда көрнекі құралдары, қосымша әдебиеттерді пайдалану жолдары.
СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен танымдары. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту. Жаттығулар жүйесі. Сөз құрамын талдау мен сөзжасам жолын талдау, бұлардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтары. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.
ГРАММАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Грамматиканы оқыту әдістемесі.Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектепте оқылатын грамматакалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту әдістері. Грамматикадан берілетін эмпирикалық және теориялық білім мазмұны көлемін анықтау. Эмпирикалық және теориялық грамматикалық, талдау ережелерін оқушыларға меңгерту әдістемесі. Оқушылардың әртүрлі іскерлік дағдыларын қалыптастыруда, грамматикалық қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізуде, тілін байытуда грамматиканы оқып-үйренудің аса зор роль атқаратындығы.Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері. Талдаудың түрі. Грамматикалық терминдер. Сұрақтар туралы мәселе.
МОРФОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Морфология - грамматика жүйесінің бір бөлігі екендігі. Мектепте морфологияны оқытудың жалпы білім берудегі және практикалық маңызы. Морфологияның жалпы білім берушілік құндылығы - тілдің табиғатын терең қамтитын сала екендігі, оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы кемшіліктері мол екендігі, тілдік фактлердің мәнін түйсіндірудегі көмегі зор. Морфологияны теориялық деңгейде оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы.Морфологияны оқытудың практикалық маңызы қазақ әдеби тілінің ұғымдарын оқушыларға меңгертудегі үлкен орнымен, бала тіліне тән емес ұғымдарды меңгерту арқылы оқушының тілін байыту мүмкімдігімен басталады, сауатты жазудың ережелерін меңгертудің негізі болып табылады. Морфологияны оқытудың ұстанымдары. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын таныту. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқьпудың өзіндік ерекшеліктері. Морфологияны оқытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық жаттығулар, олардың ішкі жүйесі. Морфологиялық талдау және оны жүргізу логикасы. Морфологияны оқытудағы көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.
СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтиксисі. Сойлем синтаксисінің құраушылары - жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.
Мектепте оқылатын синтакистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік тіркесімділік пен лексикалық тіркесімдік ұғымы. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік жүйесі. Синтаксистік таллау және оны жүргізу логикасы. Синтаксис тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы және оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары
СӨЗ ТІРКЕСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сөз тіркесінін коммуникативтік бірлік – сөйлем құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінін сыртқы белгілерін менгерту – сөз тіркесінен эмпирикалық білім беру сатысы екендігі. Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесінін байланысу тәсілдері, байланысу түрлері. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері. Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік ретінле таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесін талдау логикасы. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен қосымша оқу-әдістемелік құралдар жүйесі.
ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым синтаксисі тұрғысынан меңгерту әдістемесі. Атаулы сөйлемды оқыту және оны логикамен байланыстыру жолдары. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
А. Байтұрсынұлы жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан талдау. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру жолдары.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А. Байтұрсынұлының осыны жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің, комбинаторлық ауысудың атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі.Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі.Құрмалас сөйлемнің құрылымдық- мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі. Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тән жасалу жолдарын меңгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы салалас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны оқушыларға меңгерту әдістері.
МӘТІНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мәтінді оқыту әдістемесі.Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда логикалық операциялар және оларды оқушыларға меңгерту.Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мәтінді талдау әдістемесі.
Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен, сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістері. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланыс жолдары.
ОРФОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Орфографияны оқытудың ғылыми – практикалық маңызы, міндеттері ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері.Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану әдісі. Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі. Орфографиялық талдау.Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын колдану әдістері.
ПУНКТУАЦИЯНЫ МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары. Пунктуация және синтаксис. Пунктуация және мәнерлеп оқу. Пунктуация және интонация. Пунктуациялық дағдылардың қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелерді оқыту. Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау әдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар мен талдау түрлері. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын қолдану әдістері.
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл дамыту әдістемесі.Тіл дамытудың мақсаты мен міндеттері. Тіл дамыту жұмыстарын мазмұндық- құрылымдық жүйесі. Тіл дамыту – оқушылардың ойлауын дамытуда тығыз байланысты екендігі.
Тілдің ғылыми курсын оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту,оқушылардың тілден теориялық деңгейде білім алуының жемісі екендігі.
Тіл дамытудың ауызша және жазбаша жұмыс түрлері жүйесі. Мазмұнмен шығарма жазу әдістемелері.Оқушылардың тілдік қарым – қатынас жасауда сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық әдістердің үлкен орын алатындығы.
ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы. Осы бағытта жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. «Дұрыс сөйлеу» мен «жақсы сөй ұғымдарын талдау. Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері. Әдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Мектепте стилистиканы оқытудың мазмұны, мақсаты, міндеттері. Стистикалык ұғымдар жүйесі және оларды меңгерту әдістемесі. Стилитикалык жаттығулар. Стиль және стилистика туралы ұғымдарды қалыптастыру. Стильдік қате және оларды болдырмау жолдары.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» кітаптарын талдау. Т.Шонанұлының әдісмелік мұрасымен танысу . С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы еңбектерін талдау.
Қазақ тілінің бағдарламасы. Бағдарламаның құрылымы мем түрлері. Қазақ тілі бағдарламаларының даму жолдары. Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау.
Қазақ тілі оқулықтары. Оқулық теориясы. Қазақ тілі оқулықтарының даму жанры. Оқулықтың ішкі құрылымдық - жүйелік мазмұнына талдау жасау. Жаңа буын оқулықтырмен танысу.
Оқу-әдістемелік кешен. Оқу-әдістемелік кешеннің жүйесі және оның құраушылары. Қосымша оқу кұралдары және олардың қолданылу жолдары. Дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану. Диафильм, үлестірме кеспе қағаздары, жинақтар, көрнекіліктер, техникалық құралдар жүйесі.
Қазақ тілі сабақтары. Қазақ тілі сабақтарының маңызы мен түрлері. Қазақ сабақтарының құрылымы. Қазақ тілі сабақтарының танымдық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін шешу жолдары. Сабақ жоспарын жасау. Жоспардың жылдық, тоқсандық, күнделікті түрлері.
Диктант жүргізу. Диктанттың мәтініне қойылатын талаптар. Диктантты жүргізу әдістемесі. Диктантты тексеру мен бағалау нормалары.
Қайталау сабақтары. Қайталауды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктерін талдау. Жинақтай қайталау. Күнделікті қайталау. Теориялық материал мен практикалық материалды қайталау ерекшеліктерін талдау.
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Қазақ тілінен сабақтан тыс жүргізудің әдіс-тәсілдер жүйесі, олардың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінен үйірме ұйымдастырудың маңызы. Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептердегі «Арнаулы курстар» жүргізу әдістемесі.
Оқу жұмысының нәтижелері
Қорытынды бақылау түрлері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінен берілген материалдарды меңгеру
Сабақ жоспарының түрлерін меңгеру және жасау
Емтихан, бақылау тапсырмалары
3 курс
6 семестр
Пәннің аталуы
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Қысқартылған атауы
ҚӘТТ
Оқу іс-шаралары
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр
6
Оқытушының Т.А.Ә.
Бекетов Б.
Доцент/ оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Кәсіби пәндер міндетті компонент
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
Дәріс 15, Практикалық 15, ОСӨЖ 30, СӨЖ 30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 90
Кредиттер/ сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Қазақ әдеби тілінің тарихы
Білім беру мақсаттары
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде қазақ тілі және әдебиет мамандарын дайындауда тұрақты түрде оқытылып келеді.
Қазіргі әдеби тілге тән қасиет - оның белгілі дәрежеде қалыптасқан нормаларының болатындығы, жеке стильдік тармақтарға саралануы және коғамдық қызметінің кең болуы. Қоғамның дамуына байланысты әдеби тіл де үздіксіз даму, өзгеру, жетілу үстінде бсілады. Осыған орай әдеби тілдің тарихи кезеңдерде қалыптасу дәрелжесі, сипаты өзгеріп, саны мен сапасы лсағынан, қүрылымы түрғысынан өзгеріске түсіп отырады.
Аталған пән тыңдаушыларға қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу және даму кезеңдері, қазақ әдеби тілі нормалары мен оның түрлері лсөнінде ғылыми түрғыдан жүйелі білім беру мақсаты мен міндетін кездейді.
«Қазақ әдеби тілінің тарихы» пәні болашак филолог мамандарға ұлт тілінің ең жоғары даму көрсеткіші - әдеби тіл мен оның жалпыхалықтық тілмен, ауызекі сөйлеу тілімен арақатынасы сияқты мәселелердің теориялық-практикалық негізін ұғындыруда аса маңызды болып табылады.
Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінің мақсат-міндеттері, мәселелері, зерттеу әдістері.Қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қазақ әдеби тілінің статусын айқындау және оның қалыптасуы, даму кезеңдері жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Әдеби тілді тарихи кезеңдерге бөлу принциптері, қалыптасу негізі, нормалық белгілері сияқты мәселелер көтеріліп, әрбір кезеңге тән әдеби тіл үлгілерінде жан-жақты зерттелді.Нәтижесінде қазақ әдеби тілі тарихының ғылыми курсы қалыптасып, оқулықтар, жеке зерттеулер жарияланды.
Мазмұны
Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет, Ол жайындағы түрлі көзқарастар, анықтамалар. Әдеби тілдің нормалық белгілері, түрлері. Әдеби тіл нормаларының әр түрлі тарихи кезеңдерде тұрақтылық дәрежесі мен талаптардың бірдей еместігі.
Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі, функционалдық стильдер.
Әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің өзара байланысы. Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер. Сөздердің сөйлеу тіліндегі синтаксистік, морфологиялық және фонетикалык өзгешеліктері. Әдеби тілдегі сөздік қор мен ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз байлығының бір еместігі. Диалектизм мен қарапайым сөздердің өзара айырмашылығы және олардың әдеби тілге қатысты, стильдік қызметі. Диалектизм мен дублет сөздер (қазір-кәзір, бағана-мана, т.б.).Қазақ әдеби тілінің тарихи негіздері мен даму кезеңдері.
Оқу жұмысының нәтижелері
Қорытынды бақылау түрлері
емтихан
3 курс
6 семестр
Пәннің аталуы
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі.
Қысқартылған атауы
К ӘОӘ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
6 семестр
Оқытушының Т.А.Ә.
Көпбаева М.Р.
Доцент/оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Кәсіби пәндер міндетті компонент
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Дәрістер -30, семинар-15, ОСӨЖ-45,СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 180 сағат.
Кредиттер/сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі; Жаңа технологиялардың маңызы
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінің ерекшеліктерін білу. Әдебиетті оқыту әдістері дамуының болашағы. Қазіргі әдістеме ғылымының теориялық мәселелері. Мектепте әдебиетті оқытудың негізгі концепциясы. Аралас ғылымдармен өзара байланысы. Әдебиетті оқыту әдістемесі дамуының негізгі кезеңдерін білу.
Мазмұны
Дәрістер: Әдебиетті оқыту әдістері дамуының болашағы. Қазіргі әдістеме ғылымының теориялық мәселелері. Мектепте әдебиетті оқытудың негізгі концепциясы. Аралас ғылымдармен өзара байланысы. Әдебиетті оқыту әдістемесі дамуының негізгі кезеңдері. Мектепте әдебиетті оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тоқтамасы. Орта буын мен жоғары сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың әдістері мен тәсілдері. Оқыған дүниесін оқытушының қабылдауын зерттеудің басты тәсілдері. әдебиет сабақтарының құрылысы мен типологиясы. Көркем шығарманы өзінің ерек-шелігіне қарай оқу мен зерттеу. әдебиет сабағында монографиялық тақырыпты оқытудың тәсілі. Шолу тақырыптарын оқытудың ерекшеліктері. Әдебиет сабағында әдеби-сындық мақаларды оқыптану. Сындық мәтіндермен жұмыс жасаудың әдістемесі. Мектепте әдеби білім берудегі әдебиет теориясының орны.Оқушыларда теориялық әдеби танымның қалаптасу кезеңдері. Сабақтың мәселелері: оның мазмұны, құрылымы, типологиясы, әсерлілігі, тиімділігі, әр түрлі әдістердің өзара байланысы және т.б. Сабақтың қалыбы мен құлымының топтамасы. Әдебиетті танып білу процесінде сөйлеу қызметінің қалыптасуы мен дамуының жетекші ұстанымдары. Жазу тілімен негізгі жұмыстар. Жазу тілінің қалыптары. Сыныптан тыс оқудың мақсаты мен міндеттері. Сынып пен сыныптан тыс оқулардың жақындау жолдары.
Семинар сабақтар: Әдебиетті оқыту әдістері дамуының болашағы. Қазіргі әдістеме ғылымының теориялық мәселелері. Мектепте әдебиетті оқытудың негізгі концепциясы. Аралас ғылымдармен өзара байланысы. Әдебиетті оқыту әдістемесі дамуының негізгі кезеңдері. Мектепте әдебиетті оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тоқтамасы. Орта буын мен жоғары сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың әдістері мен тәсілдері. Оқыған дүниесін оқытушының қабылдауын зерттеудің басты тәсілдері. әдебиет сабақтарының құрылысы мен типологиясы. Көркем шығарманы өзінің ерек-шелігіне қарай оқу мен зерттеу. әдебиет сабағында монографиялық тақырыпты оқытудың тәсілі. Шолу тақырыптарын оқытудың ерекшеліктері. Әдебиет сабағында әдеби-сындық мақаларды оқыптану. Сындық мәтіндермен жұмыс жасаудың әдістемесі. Мектепте әдеби білім берудегі әдебиет теориясының орны.Оқушыларда теориялық әдеби танымның қалаптасу кезеңдері. Сабақтың мәселелері: оның мазмұны, құрылымы, типологиясы, әсерлілігі, тиімділігі, әр түрлі әдістердің өзара байланысы және т.б. Сабақтың қалыбы мен құлымының топтамасы. Әдебиетті танып білу процесінде сөйлеу қызметінің қалыптасуы мен дамуының жетекші ұстанымдары. Жазу тілімен негізгі жұмыстар. Жазу тілінің қалыптары. Сыныптан тыс оқудың мақсаты мен міндеттері. Сынып пен сыныптан тыс оқулардың жақындау жолдары.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесін меңгеру. Жаңа технологияларды білу.
4 курс
7 семестр
Пәннің аталуы
Түркі тілдерінің тарихи грамматикасы
Қысқартылған атауы
ТТТГ
Оқу іс-шаралары
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Боранбаев С.Р.
Доцент/ оқытушы:
ф.ғ.д., доцент
Жұмыс тілі
қазақ
Оқу жоспарымен сәйкестігі
КП міндетті
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
Дәріс 15, Практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 90
Кредиттер/ сынақ бірліктері
2
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Білім беру мақсаттары
Қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын толығу жолдар мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологилық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту.
Мазмұны
Пәннің негізгі мазмұны- қазақ тілінің лексикалық,фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық құрылымының тарихи даму эволюциясын типологиялық, перспективті, диохрондық, тарихи-салыстырмалы тұрғыда түсіндіру.
Даріс. Тарихи грамматика- пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы. «Тарихи грамма тика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны,салалары,тіл білімінде алатын орны. Түркологияда, қазақ тіл білімін де тарихи грамматиканың зертте лу жайы, басқа пәндермен бай ланы- сы.Қазақ тілі тарихын зерт теудің әдіс-тәсілдері. Ретроспек-тивті, перспективті, тарихи диохрондық, салыстырмалы –тарихи, типологиялық т.б. әдістер туралы. Қазақ тілінің граммати калық құрылысының тарихи дамуы, зерттелуі. «Көне қазақ тілі» терминін енгізу мәселесі туралы ғылыми пікірлер: Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович С.Е.Малов М.Т.Томанов және т.б. Қазақ тілінің өзге тілдерден негізгі айырмашылықтары,ерекшелігі. Тарихи лексикология, зерттеу нысаны. Зерттелу тарихы. Тарихи лексикология салалары. Семасиология мен этимология. Сөздің пайда болуы, қалыпта-
суы, даму жолдары, шығу тегі, қолданылу қабілеттілігі. Сөз мағынасы мен ұғым, таңба арасындағы байланыс.Сөз мәні. Халық дүниетанымының сөздегі көрінісі. Сөз мағыналарының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері туралы.Сөз мағынасы- ның жіктелуіне дыбыстық, семантикалық, грамматикалық өзгерістердің әсері, ықпалы. Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздік қор мен сөздік құрамды анықтау. Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары. Сөз семантика сы туралы. Көпмағыналық,сино- нимдік, антонимдік құбылыстар дың тілді байытудағы рөлі мен маңызы. Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимоло- гиясы. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланысты лығы. Лексикалану (жаңа ата жасау) процесі. Этнолингвистиканың зерттелуі, сөз этимологиясын ашудағы рөлі мен маңызы. Орта ғасыр ескерткіштеріндегі араб-парсы сөздері.
Практыкалық сабақ:
Тарихи грамматика- пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы. «Тарихи грамма тика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны,сала- лары,тіл білімінде алатын орны. Түркологияда, қазақ тіл білімін- де тарихи грамматиканың зертте лу жайы, басқа пәндермен байланысы. Тарихи лексикология, зерттеу нысаны. Зерттелу тарихы. Тұрақты сөз тіркестерінің номинативтік қызметі, этимоло- гиясы. Олардың шығу тегінің еркін тіркестермен байланыстылығы.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
емтихан
4 курс
7 семестр
Пәннің аталуы
Жалпы тіл білімі
Қысқартылған атауы
ЖТБ
Оқу іс-шаралары
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр
7
Оқытушының Т.А.Ә.
Ә.ӘЛІМКУЛОВ
Доцент/ оқытушы:
аға оқытушы
Жұмыс тілі
Базалық пәндер, міндетті компоенент
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
Дәрістер 15, практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы 90
Кредиттер/ сынақ бірліктері
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: «Жалпы тіл білімі»
Білім беру мақсаттары
Жалпы тіл білімі курсының басты мақсаты – студенттерді тіл туралы ғылымның негізімен таныстырады. Тіл туралы ғылымның алғашқы кіріспесі, бастамасы болып табылатын бұл курста тіл теориясын атап айтқанда тілдің ішкі құрылымы және оның ойлаумен, қоғаммен, қоғам дамуының тарихымен, тілдің функциональдық және құрылымдық баламалармен байланысы және т.б. мәселелер қарастырылады. Студенттің кәсіби дайындығының, филолог мамандығын алудың алғашқы кірпішін қалайды.
Курстың міндеттері – студенттер аталмыш курста лингвистикалық терминдермен танысып, оларды ғылыми тұрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тіл білімінің негізгі нысаны тіл болғандықтан, оның табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, арақатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер жалпыхалықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырылулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, тіл білімінің зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы және т.б. мәселелер тұрғысынан студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет.
Мазмұны
Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Лингвистика ғылымының негізгі нысаны да осы адамзат тілі болып табылады. Тіл адамзат қоғамына ортақ құрал болғандықтан, лингвистиканың негізгі қағидалары мен ғылыми тұжырымдары да бәріне ортақ болуы заңды құбылыс.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
емтихан
4 курс
7 семестр
Пәннің аталуы
Абайтану
Қысқартылған атауы
АВ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
Семестр 7
Оқытушының Т.А.Ә.
Дуанаева С.А
Доцент/оқытушы:
ф.ғ.к., доцент
Жұмыс тілі
қазақша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пәндер таңдау компоненті
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
Дәрістер -30 семинар-15, ОСӨЖ-45,СӨЖ-45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы-135 сағат.
Кредиттер/сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: «Абайтану» курсын меңгеру үшін әдебиет тарихынан жан-жақты білімі, Абай шығармашылығын меңгеру керек және Абайдың адамгершілік мұраттарын жете түсіну қажет. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына үңілу арқылы ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игеру.
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлін білу. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтерді білу. Өмірбаянын. Шығармаларымен танысу. Ақындығының алғашқы кезеңін, ақынның толысу жылдарын, аудармалары мен поэмаларын, қара сөздерін білу.
Мазмұны
Дәрістер: Өмірі мен шығармашылығы. Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай — ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай — қазақ поэзиясының реформаторы. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.
Семинар сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі.Абайдың ағартушылық қызметі. Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы осыған ұқсас көрініс. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі.Ақын Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым.Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны.Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары. Олардың көркемдік ерекшеліктерін тұпнұсқамен салыстыра талдау.Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері.Абайтану ілімінің тарихы. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөніндегі өрістеген айтыс.Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырып, бастырып, насихаттау жөніндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы. Бұл жөніндегі алғашқы іргелі ғылыми зерттеулер.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
Абайтану ғылымының басты мәселелерін білу. Абайдың өмірі мен шығармашылығын білу.