М.Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын, Мұхтартану ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдарды, Мұхтар Әуезовке байланысты айтылған пікірлерді, М. Әуезов шығармаларының өзге шет тілдеріне аударылуының жай күйін білу. Жалпы әлем әдебиетіне шолу жасау.
Нәтижесінде: М.Әуезов шығармалары мен әлем классиктерінің шығармаларымен таныстыра отырып,, әдеби шығармаларға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Мазмұны
Дәрістер: ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын терең де жетілдіре, жан-жақты оқытудың айырықша рөлі бар екені ақиқат. Сонымен қатар ұлы жазушының шығармашылығын оқыту барысында тағы да бір назарда ұстайтын құбылыс бар, ол құбылыс жазушы шығармашылығын тек қана қазақ әдебиеті тұрғысынан ғана түсіндіріп қоймай, әлем әдебиеті аренасымен байланыстыра сипаттаудың да маңызы зор деп санауға әбден болады. Оның бірнеше себептері бар, ең алдымен жазушының атақты эпопеясы «Абай жолы» қазақ әдебиетінің көкжиегін әлем әдебиеті аренасына айқын шығарды, көптеген Европа, Азия, т.б. құрылық тілдеріне аударылып басылуы осы пікірімізді растай түседі. Сонымен қатар әлем әдебиетің көптеген әдебиетшілері, сондай-ақ оқырман қауымы роман-эпопеяны қапысыз мойындады, әдеби мұра ретінде таныды, әлем әдебиетінің алтын қорына қосты, яғни дүниежүзілік алтын қорға енген 200 кітаптың қатарына екі томдық болып енгені романның әлем әдебиетіндегі өзіндік орнын айқындай түсті.
Семинар сабақтар: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын өз еліміз ғана емес әлем халықтарының өкілдері, ол елдердің әдебиешілері қапысыз мойындағаны тарихи шындық, осыны ескере келгенде жазушының өмірі мен шығармашылық өнерінәлем әдебиетімен байланыстыра оқытудың маңызы зор деп санауға болады. Бүгінгі жас ұрпаққа, қоғам жаһандануға бет бұрған кезеңде жазушы Әуезов шығармашылығын әлемдік деңгейде таныту – баршамыздың алдымызда тұрған абыройлы міндет.
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
М.Әуезов және әлем әдебиеті мәселелерін білу.
4 курс
Пәннің аталуы
Әлем әдебиетінен алатын орны.
Қысқартылған атауы
Ә Ә А О
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)