2 курс
4 семестр
Пән аталуы
|
Қазақ диалектологиясы
|
Қысқартылған атауы
|
КD 2225
|
Оқу іс-шаралары
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Тасполатов Б.
|
Доцент/ оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
БП таңдау
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс 45, Практикалық 30, ОСӨЖ75, СӨЖ75
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 225
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
5
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Қазақ диалектологиясы
|
Білім беру мақсаттары
|
Халық не ұлт тілдерінің жалпыға бірдей түсінікті жақтарымен қатар, белгілі бір аймақтарда қолданыла тын ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер шағын аймақтарда немесе бірнеше аймаққа ортақ болып келуі мүмкін. Сол ерекшеліктер қолданыс аймағына қарай ауыспалы сөйлестік, сөйлес тік немес диалект, наречиелер болып аталуы мүмкін. Ерекшеліктердің қандай түрі болса да жалпы халықтық тілдің тармағы болып саналады.
Пәнді оқыту барысында студенттер осылардан түсінік болады және өздерінің оқыған көркем шығармалары- нан, өзінің жасап тұрған орталарынан курста айтылған мәселелерді байқап отырады да оларды ауызекі сөйлеу тілінде қолданбауға дағдыланады. Солай етіп оларды әдеби тілде сөйлеуге үйретеді. Курсты үйрену барысын да студенттер қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінің түр-түсімен танысады және олардың келіп шығу себеп терінен хабардар болады. Сол ерекшеліктердің тарихы мен танса отырып, қазақ тілінің өзге туыс тілдермен жақындығында ашып алады.
|
Мазмұны
|
Диалектологияның анықтамасы, міндеттері. Диалектологияның теориялық негізі. Түркі тілдері диалект жөнінен алуан түрлі екендігі. Әдеби тілді таза сақтау диалектизимді әдеби тілге орынсыз кіргізуге болмайтыны. Әдеби тілдің сөздік құрамын байытуда жергілікті лексиканың мәні.
Фонетикалық ерекшеліктер
Дауысты дыбыстардың алмасуы.Дауыссыз дыбыстар дың алмасуы, ауысуы Метатезалық құбылыстар.
Есімдік. Жіктік есімдігінің бізің, сізің, бізікілер, сізікі лер формалары . Кейбір сұрау, сілтеу есімдіктерінің тұлғалық ерекшеліктері (қайшан, қанда, былайшаң, солайшаң, тона, тонау т.б. )Үстеу. Сөйленістердегі үстеу түрлеріне байланысты ерекшеліктер шаққа, ілкі, азда-аз Ш ы л а у. Шылау түрлсріне байланысты ерекшеліктер(шекейін, сияқты,(сиқатты, жөмесе ).
Сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтардың сипаты Біріккен сөздердің жасалуындағы ерекшеліктер. Лексикалық ерекшеліктер
Лексика саласындағы жергілікті ерекшеліктердің сипаты Диалектік синонимдер мен лексика-фонетикалық дублеттер, олардың жасалу жолы мен түрлері.
Морфологиялық ерекшеліктер. Етістік. Бұйрық райлы етістіктің жекеше II жағының( -ғын, -гін, -ың, -ің қалау-тілек мағыналы етістіктің көпше жағының (-лы,-лі) жасалуындағы ерекшелік.Көсемшелік -ғайы, -гейі, -кейі формалары. Етістік тұлғаларында сақталып қалған қосымшалар мен қысқару элементі
Синтаксистік ерекшеліктер. Септік жалғауының қолданылуына байланысты ерекшеліктер. Шығыс пен барыс, жатыс пен барыс, көмектес пен шығыс, табыс пен көмектес септіктерінің қызметін дегі ауысушылық. Бұлардың көне түркі тілдері фактілерінен де белгілі екендігі
Қазақ тіліндегі сөйленіс тобына тән ерекшеліктер
1Оңтүстік сөйленістер тобы Бұл топқа 6 сөйленіс кіретіні. Олар: Жетісу, Шу, Шымкент, Қызылорда, Ташкент, Тәжікстан қазақ сөйленістері.Батыс сөйленістер тобы
Бұл топқа 5 сөйленіс кіретіні Шығыс сөйленістер тобы
Бұл топқа 5 сөйленіс кіретіні Қазақ тіліндегі диалектілердің зерттелуі- не шолу жасау Ж.Досқараевтың пікірінше, қазақ тілінде екі үлкен сөйленістер тобы: Ғ.Мусабаевтың қазіргі қазақ тілінде ауыспалы сөйленістер ғана бар тайпа тілдерінен сақталған кейбір қабаттасулар Жерігілікті ерекшеліктерді зерттеу принциптері, жазып алу, жинау жолдары Диалектологиялық материалды паспорттау, ондағы шарттар Жергілікті еректеліктерді жинауда пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар мен бағдарлама.
|
2 курс
4 семестр
Пәннің аталуы
|
Жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру
|
Қысқартылған атауы
|
КТZHTE 2225
|
Оқу іс-шаралары
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Тасполатов Б.
|
Доцент/ оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
БП таңдау
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс 45, Практикалық 30, ОСӨЖ75, СӨЖ75
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 225
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
5
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру
|
Білім беру мақсаттары
|
Пәнді оқыту барысында студенттер осылардан түсінік болады және өздерінің оқыған көркем шығармалары- нан, өзінің жасап тұрған орталарынан курста айтылған мәселелерді байқап отырады да оларды ауызекі сөйлеу тілінде қолданбауға дағдыланады. Солай етіп оларды әдеби тілде сөйлеуге үйретеді. Курсты үйрену барысын да студенттер қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінің түр-түсімен танысады және олардың келіп шығу себеп терінен хабардар болады. Сол ерекшеліктердің тарихы мен танса отырып, қазақ тілінің өзге туыс тілдермен жақындығында ашып алады.
|
Мазмұны
|
Лексикалық ерекшеліктер
Лексика саласындағы жергілікті ерекшеліктердің сипаты Диалектік синонимдер мен лексика-фонетикалық дублеттер, олардың жасалу жолы мен түрлері.
Морфологиялық ерекшеліктер. Етістік. Бұйрық райлы етістіктің жекеше II жағының( -ғын, -гін, -ың, -ің қалау-тілек мағыналы етістіктің көпше жағының (-лы,-лі) жасалуындағы ерекшелік.Көсемшелік -ғайы, -гейі, -кейі формалары. Етістік тұлғаларында сақталып қалған қосымшалар мен қысқару элементі
Синтаксистік ерекшеліктер. Септік жалғауының қолданылуына байланысты ерекшеліктер. Шығыс пен барыс, жатыс пен барыс, көмектес пен шығыс, табыс пен көмектес септіктерінің қызметін дегі ауысушылық. Бұлардың көне түркі тілдері фактілерінен де белгілі екендігі
|
2 курс
4 семестр
Пәннің аталуы
|
Қазақ диалектісіндегі тілдік ерекшеліктердің түрлері
|
Қысқартылған атауы
|
КDТЕТ 2225
|
Оқу іс-шаралары
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр
|
3
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Тасполатов Б.
|
Доцент/ оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
БП таңдау
|
Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс 45, Практикалық 30, ОСӨЖ75, СӨЖ75
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 225
|
Кредиттер/ сынақ бірліктері
|
5
|
Білім беру мақсаттары
|
Курсты үйрену барысын да студенттер қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінің түр-түсімен танысады және олардың келіп шығу себеп терінен хабардар болады. Сол ерекшеліктердің тарихы мен танса отырып, қазақ тілінің өзге туыс тілдермен жақындығында ашып алады.
|
Мазмұны
|
Дауысты дыбыстардың алмасуы.Дауыссыз дыбыстар дың алмасуы, ауысуы Метатезалық құбылыстар.
Есімдік. Жіктік есімдігінің бізің, сізің, бізікілер, сізікі лер формалары . Кейбір сұрау, сілтеу есімдіктерінің тұлғалық ерекшеліктері (қайшан, қанда, былайшаң, солайшаң, тона, тонау т.б. )Үстеу. Сөйленістердегі үстеу түрлеріне байланысты ерекшеліктер шаққа, ілкі, азда-аз Ш ы л а у. Шылау түрлсріне байланысты ерекшеліктер(шекейін, сияқты,(сиқатты, жөмесе ).
Сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтардың сипаты Біріккен сөздердің жасалуындағы ерекшеліктер.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
|
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің түрлерін ажырата білу
|
2 курс
4 семестр
Пәннің аталуы
|
Практикалық қазақ тілі
|
Қысқартылған атауы
|
ПКТ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Әділбекова Ж.
|
Доцент/оқытушы:
|
ф.ғ.к., аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Кәсіби пәндер міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Практикалық 45, ОСӨЖ45, СӨЖ45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 135
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
3
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Практикалық қазақ тілі
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
Практикалық қазақ тілі курсы тіл мен әдебиет мамандарын дайындау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндерге негізгі кіріспе курсы болып есептелінеді. Курс бүгінгі күні қолданылып жүрген ана тіліміздің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін ғылыми теориялық негізде тануды міндет етеді. Студенттер сонымен қатар оқу процесінде қазіргі заманғы лингвистиканың өзекті (актуальды) мәселелерінен де хабардар болуы тиіс.
ІІрактикалық қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау.
Студенттердің сөздік қорын байыту, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркесі мен сөйлем қолданыстарын меңгертумен қатар, сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру. Студенттердің тілін дамыту мәселесі курстың барлық саласымен байланысты үздіксіз жүргізіліп отырады. Проблемалық оқыту әдістері негізінде студенттерде шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Әр студенттен белсенділікті талап ету.
Үйге берілген тапсырмаларды: жаттығу жұмыстары конспектілерінің дер кезінде орындалуын талап ету.
Талдаудың барлық түрін меңгерулерін бақылау.
Қазақ тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады. Фонетика саласында - дыбыс, буын, үндестік заңы т.б. салаларын толық қамтып, лексика саласында – этимология, семасиология, ономасиология, фразеология т.б. мәселелерді қамтиды.Грамматика саласында – морфология жіне ситаксис тақырыптарын қарастырып, талдау жұмыстарын практика жүзінде іске асырылуы тиіс.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақ: Бағдарлама бойынша тіл материалдарын өтудің дәстүрлі тәртібі сақталып, ғылыми, жүйелік принциптерімен берілген. Әр бөлімдегі материалдар іштей екшеленіп, іріктеліп, ыңғайына қарай топтастырылып ұсынылған. Мысалы, фонетика, орфография, орфоэпиямен ұштастырылса, синтаксис тыныс белгілерін дұрыс қолданумен қатар берілген.
Тіл дыбыстарының ішінде айтылуы мен жазылуының ерекшеліктері барларына жеке тьоқталған. Мұның ішінде ә, и, ы, і, ю, я сияқты дыбыс әріптерінің дұрыс қолданылу ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Алфавиттің тәртібін білу – тізім жасау, әртүрлі сөздіктер пайдалануға үйретуі тиіс. Студенттермен осы бағытта сөздіктер пайдаланатындай практикалық жұмыстар жүргізіледі.
Лексика саласы бойынша студенттің тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және ауыспалы мағыналары, көп мағыналық, омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркестер сияқты тақырыптар алынған.Грамматиканың морфология бөлімінде әр сөз табының грамматикалық категорияларымен қатар олардың мағынасы, қызметі, тұлғалық ерекшеліктері айтылып, сөзжасам мәселесі әр сөз табы құрамында беріледі. интаксис саласы бойынша сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөз тіркесі, сөз тіркесінің құрылысы мен түрлері, мәселелері және жай сөйлем, құрмалас сөйлем мәселелері жан-жақты қамтылған. Қорыта айтсақ, студенттерді тілдік нормаларды сақтап сауатты жаза білуге, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру болып табылады.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
|
Пән бойынша барлық материалдарды толық меңгеру
мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау
Емтихан, бақылау тапсырмалары
|
3 курс
5 семестр
Пәннің аталуы
|
Техникалық оқу құралдары
|
Қысқартылған атауы
|
ТОҚ
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
5-семестр
|
Оқытушының Т.А.Ж.:
|
Наурызбаев Қалдыбай Күлсінбайұлы
|
Доцент/ оқытушы:
|
Техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ тілі
|
Оқу жоспармен сайкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, таңдау компоненті
|
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
|
Зертханалық -15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15
|
Еңбек сыйымдылығы
|
45-сағат
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
1-кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
ТОҚ пәнінің педагогикалық мамандар дайындаудағы орыны. Оқытудың техникалық құралдарын сабақ өтуде еркін пайдалану. Кескіндеуші аппараттардың түрлерімен дәрісті түрлендіру.
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Оқытудың әртүрлі техникалық құралдарын пайдалан отырып сабақтың көлемін, маңыздылығын түрлендіру.
|
Мазмұны
|
Педагогикалық мамандықтардың дидактикалық әдістемесінен оқу-ағартуда ТОҚ -ң қолданылуы. Кескіндейтін аппаратуралар туралы мәлімет, қажетті көлемдегі білім беру тәсілдері.
|
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Жүргізілетін сабақтардың әртүрлігіне байланысты кескіндейтін, баяндайтын аппаратураларды жүйелі, тиянақты қолдану әдісі. /шығармашылық ауызша емтихан./
|
3 курс
5 семестр
Пәннің аталуы
|
Морфология
|
Қысқартылған атауы
|
МЯ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Әуелбекова А.
|
Доцент/оқытушы:
|
ф.ғ.к., доцент
|
Жұмыс тілі
|
қазақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пәндер міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс 15, Практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ 30
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы 90
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
|
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
|
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы» курсының басты мақсаты – қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің бағыт-бағдарын ұсынып, сөз және оның формалары, оны құрастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы, сөздердің топтарға бөлінуі, әр топқа енетін сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге тоериялық білім беру.
«Қазіргі қазақ тілі морфологиясы » пәні төмендегідей міндеттерді қамтиды:
Сөз-лингвистиканың, оның ішінде грамматиканың да нысаны болу себебін ашу;
Қазақ сөзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсету;
Грамматика салаларының өзара байланыстарын ашып көрсету;
Негізгі грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді талдау,
Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның ерекшеліктерін айқындау, олардың жасалу жолдары мен тәсілдеріне тоқталу;
Грамматикалық категорияларды саралап көрсету;
Морфемаларды жіктеу, жұрнақ пен жалғаудың қасиеттерін анықтау;
Сөздің негізгі түрлеріне тоқталу;
Сөз таптары мен олардың морфологиялық құрылымын анықтау.
|
Мазмұны
|
Дәріс. «Қазіргі қазақ тілі. Морфология » пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті. Өзге пәндермен байланысы, тіл біліміндегі алатын орны. Қазақ тілінің грамматикасы, оның салалары. Зерттеу мақсатына қарай грамматиканың түрлері.Негізгі грамматикалық ұғымдар.
Сөз-лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі. Фонетика, лексика, синтаксис және сөзжасаммен морфологияның арақатынасы. Қосымшалардың жіктелуі. Қосымшалардың мағыналық жақтан ерекшеленуі. Сөзформа-сөздің өмір сүруінің тәсілі. Сөзформаға тән белгілер.Сөздің морфологиялық құрылымы. Морфологияның ең кіші тілдік бірлігі-морфема. Морфемалар – сөздің мағыналық ұсақ бөлшектері. Морфемалардың түрлері. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары. Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көпвариантты болуының себебі. Жалғаулардың түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Көптік жалғау. Көптік категориясы мен көптік жалғау. Көптік категориясының берілу тәсілдері: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Көптік категориясының тарихы. Тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясы, тарихы, зерттелуі және тәуелдік жалғау. Септік жалғауы. Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері. Сөздің негізгі түрлері. Құрамынга қарай жалаң және күрделі сөздердің болуы. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір. Негіз түбірлері, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбірді ажыратудың принциптері. Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы. Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай атауыш, көмекші одағай сөздер деп топтастыру. Зат есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Адамзат және ғаламзат есімдер, ерекшеліктері. Жалқы және жалпы есімдер, олардың семантика-морфологиялық сипаты. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер. Эмоционалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары. Көмекші есімдер, лексика-грамматикалық сипаты. Құрылымына қарай жалаң (негізгі, туынды) және күрделі (біріккен, қосарланға, қысқарған, тіркескен) зат есімдер болып бөлінуі, ерекше сипаттары. Сын есім. Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден ажырату тәсілдері, категориялық белгілері. Сын есімнің семантикасы сапалық және қатыстық борлып бөлінуі, олардың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері.Сын есімнің морфологиялық құрамы. Жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын есімдер. Сын есімдердің морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтаксистік тәсілдермен жасалуы. Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді және өнімсіз жұрнақтар. Шырай категориясы, мағынасы, формасы. Шырай тудыратын жұрнақтар, олардың мағыналық, қолданыстық ерекшеліктері. Шырай түрлері мен жасалу жолдары. Жай шырай формасы-негізгі форма. Салыстырмалы шырайдың мағынасы мен жұрнақтары. Күшейтпелі шырай, мағынасы, күшейткіш буынның қабаттасуы арқылы жасалуы. Асырмалы шырай, мағынасы, күшейткіш үстеулермен тіркесуі арқылы жасалуы. Сын есімнің синтаксистік қызметі, зерттелу тарихы.Сан есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есмідердің семантика-морфологиялық топтары. Есептік сан есім. Бір сөзінің ерекшеліктері. Реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер, мағыналары, жасалуы, жалғаулардың түрленуі, синтаксистік қызметтері. Сан есімнің зерттелуі жайында.Есімдіктің сипаттары, басты белгілері. Оның басқа сөз таптарының орнына қолданылуы, мағыналық топтары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері. Бұлардың мағыналық, түрлену ерекшеліктері, синтаксистік қызметтері. Есімдіктің зерттелу тарихы.
Етістік. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты. Жалаң етістіктер. Негізгі түбір етістіктер. Туынды түбір етістіктердің семантикалық және морфологиялық құрылымы. Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар. Етістік негізді етістіктер. Амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар. Амалдың субъектігі қатысын білдіретін жұрнақтар. Күрделі етістіктер, түрлері: күрделі құранды етістік, құрама күрделі етістік, саралама (аналитикалық ) етістіктер, суреттемелі етістіктер. Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы, байланысу жолдары. Етістіктің грамматикалық формасы. Қимыл атауы, мағынасы, жасалуы, синтаксистік қызметі, зат есім мен сын есімге айналуы. Салт және сабақты етістіктер. Сабақты етістіктің салтқа, салт етістіктің сабақтыға айналу жолдары. Рай категориясы, мағынасы, түрлері: ашық рай (индикатив), неғайбыл рай (ирреальды), бұйрық рай (императив), қалай рай, шартты рай, олардың мағыналық және формалық ерекшеліктері. Шақ категориясы, белгілері. Шақ түрлері: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктер, морфологиялық құрылысы мен құрамы. Негізіг үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік. Туынды үстеулер, оларды тудыратын жұрнақтар.Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Негізгі түбір және туынды түбір еліктеуіштер, оларды жасайтын жұрнақтар. Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі.Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайларды мағынасына қарай көңіл-күй, ишарат, шақыру деп бөлу. Одағайлардың синтаксистік қызметі, тыныс белгілері, зерттелуі.Көмекші сөздер. Олардың көмекші есімдер мен көмекші етістіктерге бөлінуі. Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы. Септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар деп бөлінуі.
Практикалық сабақтар
Морфология пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен байланысы. Морфологияның басты ұғымдары, терминдердің қалыптасуы жөнінде. Морфемалар, олардың түрлері. Көптік жалғаудың ерекшеліктері.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтаксистік тұтастықтары туралы. Күрделі сөздердің еркін сөз тіркестері мен фразеологиялық тіркестерден ажырату амалдары.
Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне қарай топтастыру. Көптік мәнді есімдерге жататын зат есімдер жөнінде. Шырай формалары, асырмалы және күшейтпелі шырай, жасалу жолдары, ерекшеліктері. Дара және күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары. Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. Түбір етістіктің морфологиялық сипаты. Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер.. Күрделі етістіктің түрлері. Аналитикалық форманттар мен көмекші етістіктер. Етіс категориясы, түрлері. Етіс түрлеріне тән мағыналық, формалық ерекшеліктер. Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше, шаққа қатысы, синтаксистік қызметі.. Рай және шақ категориялары, оның түрлері, зерттелуі. Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
Еліктеуіш сөздер, олардың фонетикалық ерекшеліктері.
Көмекші сөздер. Шылау, шылаудың түрлері, абстрактіліграмматикалық қызметтері.
|
Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері
|
емтихан
|
Достарыңызбен бөлісу: |