ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті



бет6/15
Дата23.10.2016
өлшемі2,39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


2 курс

3- семестр

Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

ӘЛ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификацияӘлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы.Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылауСаяси әлеуметтануМәдениет әлеуметтануы.Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.



Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.


2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Экономиқалық теория негіздері

Қысқартылған атауы

ЭТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Мауленбердиева Г.А.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.

Мазмұны

Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету


2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Лексикология

Қысқартылған атауы

L 1213

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Бескемпірова Г.

Доцент / оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

БП міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақ тілінің лексикасының заңдылықтанын білу.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Қазақтың байырғы тума лексикасы,оның бірнеше қабаттан тұратыны Қазақ тілі сөздік құрамының толығу, даму жолдары: а) байырғы тума сөздер негізінде,ә) кірме сөздер негізінде іске асатындығы. Қазақ тілі сөздік құрамының қолдану сипатына қарай бөлінетін түрлері Сөздердің стильдік қызметіне қарай түрлері. Бейтарап лексика. Сөйлеу тілінің лексикасы. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты. Қазақ тілінің біртұтас лексикалық жүйесіне фразеоло- гияның қатысы. Тұрақты тіркестердің басты белгілері. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы. Фразеологизм- дердің сөз табына қатысы. Лексикография. Қазақ лексикография сының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу жасау. Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні. Этимологияның негізгі обьектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен принциптері.

Мазмұны

Қазақтың байырғы тума лексикасы,оның бірнеше қабаттан тұратыны Қазақ тілі сөздік құрамының толығу, даму жолдары: а) байырғы тума сөздер негізінде,ә) кірме сөздер негізінде іске асатындығы. Қазақ тілі сөздік құрамының қолдану сипатына қарай бөлінетін түрлері Сөздердің стильдік қызметіне қарай түрлері. Бейтарап лексика. Сөйлеу тілінің лексикасы. Қазақ тілі сөздік құрамының актив және пассив қабаттары. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты. Қазақ тілінің біртұтас лексикалық жүйесіне фразеоло- гияның қатысы. Тұрақты тіркестердің басты белгілері. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы. Фразеологизм- дердің сөз табына қатысы. Лексикография. Қазақ лексикография сының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу жасау. Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні. Этимологияның негізгі обьектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен принциптері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Емтихан, бақылау тапсырмалары



2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Хандық дәуір әдебиеті

Қысқартылған атауы

ХДӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Қалдыбаев Т., Әбілқасова С.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, практикалық сабақтар-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -60 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Жыраулар поэзиясының басылу, зерттеу жайы: жыраулар туындыларының XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап жиналып жариялануы, Кеңес үкіметі орнағанға дейін жиналып, жариялануы, Ш.Уалиханов, В.Радлов, Г.Потанин еңбектері мен Қазан, Орынбор қалаларынан шыққан басылымдарда жарық көруі туралы мәлімет. Ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері – Асан Қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХVІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері – Көтеш, Шал ақындар шығармашылығы ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы тарихи, қоғамдық-

әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсерін білу.

Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктерін білу. Жыраулар поэзиясының даму бағыттары және зерттелу жайын білу.


Мазмұны


Дәрістер: Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы тарихи, қоғамдық-

әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері.



Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының даму бағыттары және зерттелу жайы. Қазтуған жырау және Асан қайғы шығармашылығы.Доспамбет жырау шығармашылығы.Шалкиіз жырау шығармашылығы. Жиембет және Марғасқа жыраулар шығармашылығы. ХҮІІІ ғ. жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері. Тәтіқара ақын шығармашылығы. Үмбетей жырау шығармашылығы. Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармашылығы. Шал және Көтеш ақындар шығармашылығы.

Практикалық сабақтар: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы. Қазтуған жырау. Асан қайғы. Доспанбет жыраудың толғаулары. Шалкиіз жырау толғаулары. Жиембет Борторғашұлының толғаулары. Марғасқа жыраудың адалдықты, достықты жырлауы. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің сипаттары. Ақтамберді жырау толғауларының басты сарыны. Тәттіқара ақын- жауінгер ақын. Үмбетей Тілеуұлының толғаулары. Бұқар жырау Қалқаманұлының толғауларындағы Абылай бейнесі. Көтеш ақынның ел қорғауға арналған толғаулары. Шал Құлекеұлы- жаңа типтегі ақын.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Жыраудың қоғамдық - әлеуметтік тұлғасы. Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік идеялық ерекшеліктері. Толғау жанрының табиғаты, ерекшеліктері. Жыраудың қоғамдық - әлеуметтік тұлғасы. Қазақ хандығы кезеңіндегі жыраулардың ханға, билеуші көмекші, кеңесші болуы, мемлекет істеріне араласуы. Жыраудың негізгі функциялары.




2 курс

3 семестр

Пәннің аталуы

Шешендік өнер

Қысқартылған атауы

ШӨ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Р.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30, семинар-30,ОСӨЖ-60,СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Шешендік өнер курсын меңгеру үшін бұрын соңды айтылған шешендік сөздерді білуі және оның адам өміріндегі алатын орнын түсінуі шарт.Шешендік өнерді игерудің күнделікті өмірде, қоғамда алатын орнын, шешенге қойылатын талаптарды, шешендік сөздердің түрлерін, өзге ғылымдармен байланысын түсіне білуі тиіс.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ шешендік өнерін қалыптастырудағы би-шешендер сөзінің маңызын, олардың әңгімелерімен ұштастыра отырып көз жеткізу. Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы, шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты, шешендік өнердің өзге ғылымдармен байланысы туралы теориялық терең білім беріп, оларды нақты мысалдармен дәлелдеуге үйрету.

Мазмұны

Дәрістер: Шешендік өнердің тарихы. Риторика туралы алғашқы оқулықтар. Грек шешендік өнерінің көрнекті өкілдері. Рим шешендік өнерінің көрнекті өкілдері.Ресейдегі шешендік өнер теориясының дамуы. Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің тарихы. Қазақтың шешендік өнері – халықтың дүниетанымын көрсететін жанр. Қазақ шешендік өнерінің бастаулары.Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі, Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы. Қазақ шешендік сөздерінің түрлері. Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты. Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы. Шешендік өнерді меңгерту жолдары.

Семинар сабақтар: Шешендік өнер (риторика) - көне заманда қалыптасқан ғылым Платон, Аристотель еңбектерінің шешендік өнер теориясының дамуындағы маңызы. Демосфен – шешендер мектебінің ұйымдастырушысы. Цицерон – шешендік өнердің көрнекті теоретигі. Квинтилиан – Римдегі шешендік өнерге арналған алғашқы мемлекеттік мектептің негізін салушы. Шешендік өнер – бүкіл адамзаттың, оның ішінде қазақтың қасиетті де құнды мұрасы. Орхон – Енисей жазба ескерткіштері – қазақ шешендік өнерінің бастауы. Қазақ шешендік өнері – ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы. Қазақ халқының тарихындағы “билер кеңесі”. Тәуке ханның заңдары. Қасым хан мен Есім ханның ережелері.Қазақ шешендік өнерін дамытудағы би-шешендердің рөлі: Майқы мен Аяз би, Асан қайғы мен Жиренше, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Қазақ шешендік өнерінің зерттелуі. Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы. Қазақ шешендік сөздерінің түрлері. Шешендік сөздердің көркем тілдік сипаты. Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы. Шешендік өнерді меңгерту жолдары.


Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Шешендік өнерді игерудің күнделікті өмірде, қоғамда алатын орнын, шешенге қойылатын талаптарды, шешендік сөздердің түрлерін, өзге ғылымдармен байланысын түсіне білуі тиіс.


2 курс

3 семестр


Пәннің аталуы

Айтыс өнеріндегі көркемдік ерекшеліктері

Қысқартылған атауы

АӨКЕ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Р.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. семинар-30,ОСӨЖ-60,СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Айтыс өнерінің көркемдік ерекшеліктерін білу. Айтыс өнерінің тарихын білу. Айтыскер ақындар шығармашылығымен танысу.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Шешендік сөздер мен айтыстың байланысын білу. Айтыстағы өлең құрылысының ерекшеліктерін білу. Айтыстағы поэзиялық үлгілерді білу.

Мазмұны

Дәрістер: Айтыс- тапқырлық өнер. Айтыс- шыншыл өнер. Айтыс-синкретті өнер. Айтыс және қоғамдық шындық. Айтыс тақырыбының санқырлылығы. Шешендік сөздер мен айтыстың байланысы. Айтыстағы өлең құрылысы. Айтыстағы поэзиялық үлгілер. Айтыс және тыңдаушы. Айтыстағы эстетикалық тағлым. Айтыстың сауықтамалық (А.Байтұрсынов) сипаты. Айтыстағы сөзге тоқтау мәселесі. Айтыстың таралу сипаты. Айтыс-таза суырыпсамалық өнер. Айтыстың музыкамен байланысы.

Семинар сабақтар: Айтыста 7-8 буынды жыр немесе 11-12 буынды өлең түрі қолданылады. Айтыс пен шешендік өнерде айтушының түпкі мақсаты (бір-бірін жеңу) ұқсас болғанымен, олар жанр мақсаты жағынан бір-бірінен өзгешеленеді. Көркемдік мақсат иеленетін болғандықтан, ақындар бір-бірін сөзден тоқтатқанша, тіпті кейбір жағдайда , тыңдаушылардың ықыласы басылғанша созыла береді. Айтыстың ауызша таралуына қажетті коментарийлер. Қазіргі айтыстың өзіндік ерекшеліктері. Айтыс-заманагөй жанр. Қазіргі айтыс ақындары. Айтыс-жасампаз жанр. Айтыс және көркем әдебиет.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Айтыс өнерін үйрету.



2 курс
3 семестр

Пәннің аталуы

Шешендік сөйлеу мәнері

Қысқартылған атауы

ШСМ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрдалиева Р.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. семинар-30,ОСӨЖ-60,СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Шешендік өнердің мәнерін, мақамын білу.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Шешендік сөздің мәнерін қалыптастыру.

Мазмұны

Дәрістер: Шешендік өнер – бүкіл адамзаттың, оның ішінде қазақтың қасиетті де құнды мұрасы. Қазақ шешендік өнері – ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы. Қазақ халқының тарихындағы “билер кеңесі”. Тәуке ханның заңдары. Қасым хан мен Есім ханның ережелері.Шешендік өнер және оның зерттелуі. Әл-Фарабидің “Риторикасы” - түркі халықтарына ортақ шешендік сөз өнеріне тұңғыш теориялық талдау. Қазақ шешендік өнері – халықтың дүниетанымын көрсететін ерекше жанр. Қазақ шешендік өнерінің даму кезеңдері. Қазақ шешендік өнерінің аталары – Майқы мен Аяз би. Асан қайғы мен Жиренше шешендердің қазақ шешендік өнерін дамытудағы орны.Қазақ шешендік өнері және Төле би. Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік өнерді дамытуға қосқан үлесі. Әйтеке бидің қазақ шешендік өнерін қалыптастырудағы орны.

Семинар сабақтар: Ә.Бөкейханов шешендер туралы. Ш.Уәлиханов билер туралы. А.Байтұрсынов және шешендік өнер. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты.Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы және негізгі белгілері. Шешендік сөздер мен ақын-жыраулар шығармашылығының үндестігі. Шешендік өнер және айтыс. Шешендік өнердің өзге ғылымдармен байланысы.


Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Шешен сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.


2 курс

3 семестр


Пәннің аталуы

Түркі халықтар әдебиеті

Қысқартылған атауы

ТХӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Оразалиев С., Тұрдалиева Р.С.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент, ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. семинар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Түркі халықтар әдебиеті өкілдерішығармашылықтары.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Түркі халықтарының тарихына шолу. Түркі халықтар әдебиетін, әдеби байланыстарды білу.


Мазмұны

Дәрістер: Түркі халықтарының тарихына шолу. Түркі халықтарының діні, орналасу аумағы. Орталық Азия түркілері әдебиетінің тарихы. Өзбек әдебиеті. Түркімен әдебиеті. Қарақалпақ әдебиеті. Ұйғыр әдебиеті. Анадолы түріктері. Қырғыз әдебиеті. Қап тауы түркі әдебиеті тарихы. Әзербайжан әдебиеті . Құмық әдебиеті. Ақысқа түріктерінің мәдениеті. Қаратай, Қарайым әдебиеті. Халықтары әдебиеті тарихы. Татар әдебиеті. Башқұрт әдебиеті. Саха әдебиеті. Шор, Хақос мәдениеті. Хуваш әдебиеті.

Практикалық сабақтар: Ә.Науаи «Ескендір қорғаны» дастаны. Берді Кербабаев «Алып адам» роман-трилогиясы. Бердах зар заман ақыны. Белал Назым «Назугум» дастаны. Ш.Аймаутов «Жан пида» романы.

Низами «Жеті ару» дастаны. Ирчи Қазақ өмірі мен шығармашылығы. Ақысқа түріктері , Қаратай, Қарайым мәдениеті мен өнері. Мұса Жалил «Мовбий дәптері» өлеңдер жинағы. Мұстай кәрім өмірі мен шығармашылығы. Семен Данилов өлеңдеріндегі ел тағдыры. Михаил Юхма шығармашылығындағы табиғат мәселелері.




Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Түркі халықтар әдебиетін, әдеби байланыстарды білу.


2 курс

3 семестр


Пәннің аталуы

Түркі халықтарына ортақ сюжет

Қысқартылған атауы

ТХОС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Оразалиев С., Тұрдалиева Р.С.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент, ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. семинар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақ әдебиеті мен түркі халықтарының әдебиетіндегі ішкі және сыртқы байланыстарына зерттеу жүргізу. Эпикелық жырлардың өзара ұқсастықтарын, мазмұнын, тарихи, әдеби байланыстарына мазмұндық тұрғыдан баға бере алуға үйрету. Түркі елдер әдебиетін меңгеру үшін ана тілінде оқи алатын және оны аударма арқылы талдай алу керектігін қалыптастыру.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Түркі елдеріндегі әдебиет тарихына қысқаша тоқталып олардың әдеби сюжеттік байланыстарына мән беру. Түркі халықтардың орналасу орындарына қарай бір-біріне сюжеттік ауысулардың табиғи заңдылығына зерттеу жүргізу.

Мазмұны

Дәрістер: Түркі халықтары әдебиеті тарихы ХІ-ХІІ ғ. «Орхон –Енесей» жазба жәдігерлері . Өзбек-қазақ ауыз әдебиетіндегі байланыс. «Манас» жырындағы ортақ сарын. «Қорқыт-ата жырының» жырлануы. «Оғызнама» жырының түрлі халықтарындағы жырлар. «Хатса» дастанынаң қазақ дастандары шығармашылығында. Халық ауыз әдебиетіндегі сарындастық.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының башқұрт әдебиетіндегі нұсқасы. Діни дастандарының татар-қазақ ауыз әдебиетіндегі үлгілер.



Практикалық сабақтар: «Күлтегін», « Білги қазан» жырларындағы орталық Азия ауыз әдебиеті жырлану. «Кероғлы» дастанына қазақ қазақ ауыз әдебиетіндегі нұсқасы. «Қорқыт ата» жырының жырлану ерекшелігі. Шығыс жқұлдыздары жырлаған «Хатсаның» қазақ ақындарындағы көрінісі. Татар-Башқұрт халықтарындағы ауыз әдебиетінің біріңғайлығы. «Кесін бас» діни дастанындағы қазақ нұсқасы.

Оқу жұмысының нәтижелері

Қорытынды бақылау түрлері



Түркі елдеріндегі әдебиет тарихына қысқаша тоқталып олардың әдеби сюжеттік байланыстарына мән беру. Түркі халықтардың орналасу



2 курс
3 семестр

Пәннің аталуы

Қазіргі таңдағы түркі халықтары әдебиетінің дамуы.

Қысқартылған атауы

ҚТТХӘД

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Оразалиев С., Тұрдалиева Р.С.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент, ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30. семинар-15,ОСӨЖ-45,СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазіргі таңдағы түркі халықтары әдебиетінің дамуы

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазіргі таңдағы түркі халықтары әдебиетінің дамуын білу.


Мазмұны

Дәрістер: Кеңес дәуірі тұсындағы түркі халықтары әдебиеттану ғылымы. Кеңес дәуірі тұсындағы түрі халықтар көркем әдебиетіндегі біріңғайлық. Қазіргі кездегі түркі халықтары әдебиеттану ғылымының дамуы. Қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың шығармашылығындағы түркілік сарын. Ұйғыр жазушысы. П.Сәбитованың шығармашылығы. Қарақалпақ жызушысы. Т.Қайыпбергеновтың өмірі мен шығармашылығы. Өзбек жазушысы. Ә.Якубов түркі халықтары жазушысы. Түрік жазушы Әзиз Несиннің әңгімелері. Татар жазушы В.Нуриллиннің еңбектеріндегі жаңа-заман бейнесі. Саха қаламгері Сафрон даниловтың еңбектеріндегі табиғат суреттері. Құмық, қарасай, қарайым халықтарының орыс әдебиетіндегі көрінісі. Азербайжан жас ақыны А.Османоғлының өлеңдері.

Практикалық сабақтар: Қазіргі кездегі түрік халықтары әдебиетіндегі кеңес тақырыбы. Түркі халықтар әдебиетінде кеңес заманының бейнеленуі. Қазіргі кездегі түркі халықтары әдебиеті мен

Қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі. Ш.Айтматовтың шығармашылығындағы ұлттық сарын. Ұйғыр әдебиетінің қаламгері П.Сәбитованың әйелдер тақырыбында жазған шығармалары. Қарақалпақ жазушысы Т. Қайыпбергеновтың «Қарақалпақнама» мемуарлық еңбегі. Өзбек ақыны Н.Нариповтың әдебиеттануға қосқан үлесі. Түрік жазушыларынының заман тақырыбы. Татар жазушысы В.Нуриллиннің «Кім кінәлі» повесіндегі жастар бейнесі. Саха қаламгері Сафрон Данилов Саха әдебиетіне қосқан үлесі. Чуваш жазушысы М.Юхманның «Маңдайдағы ақтаңдақ» әңгімесі мен М.Әуезовтың «Көксерек» шығармасындағы үндестік. Түркі халықтар әдебиетінің әлем әдебиетіндегі орны.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Қазіргі таңдағы түркі халықтары әдебиетіні өкілдері шығармаларын білу. Әдеби байланысты білу.



2 курс
3 семестр

Пәннің аталуы

Тілдік қатынас негіздері

Қысқартылған атауы

ТҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3

Оқытушының Т.А.Ә.

Тұрмаханова С.

Доцент/оқытушы:

п.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пәндер міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс 15, Практикалық 15, ОСӨЖ30, СӨЖ30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Тілдік қатынас негіздері

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Курстың оқытудың негізгі міндеті: Студенттердің сөздік қорын байыту; Мақал – мәтел, тұрақты тіркестерді орынды пайдалана білуге дағдыландыру; Сөздің тура және ауыспалы мағынада жұмсалу ерекшеліктерін терең түсіндіру; Студенттерді әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру; Студенттердің тілін дамыту мәселесін курстың барлық саласымен байланысты үздіксіз жүргізу;Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, грамматикалық нормаларын үйрету; Проблемалық оқыту әдістері негізінде студенттердің бойында шығармашылық пен ойлау қабілетін қалыптастыру

Мазмұны

«Сөйлесім әрекеті»- әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай сөйлей салмай, ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективті шындық санаға, ойға әсер етіп,пайымдау туғызады.Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.Сөйлесім әрекетінің барлық түрлері сөйлеу үшін қажет.Тілдік қатнасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

«Сөйлесім әрекеті»- әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе.Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай сөйлей салмай, ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективті шындық санаға, ойға әсер етіп,пайымдау туғызады.Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.Сөйлесім әрекетінің барлық түрлері сөйлеу үшін қажет.Тілдік қатнасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді


2 курс
3 семестр

Пәннің аталуы

Практикалық қазақ тілі

Қысқартылған атауы

ПКТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Әділбекова Ж.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Практикалық 45, ОСӨЖ45, СӨЖ45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Практикалық қазақ тілі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

ІІрактикалық қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – студенттердің мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау.

Мазмұны

Практикалық қазақ тілі курсы тіл мен әдебиет мамандарын дайындау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндерге негізгі кіріспе курсы болып есептелінеді. Курс бүгінгі күні қолданылып жүрген ана тіліміздің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін ғылыми теориялық негізде тануды міндет етеді. Студенттер сонымен қатар оқу процесінде қазіргі заманғы лингвистиканың өзекті (актуальды) мәселелерінен де хабардар болуы тиіс. Студенттердің сөздік қорын байыту, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркесі мен сөйлем қолданыстарын меңгертумен қатар, сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру. Студенттердің тілін дамыту мәселесі курстың барлық саласымен байланысты үздіксіз жүргізіліп отырады. Проблемалық оқыту әдістері негізінде студенттерде шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру.

  • Әр студенттен белсенділікті талап ету.

  • Үйге берілген тапсырмаларды: жаттығу жұмыстары конспектілерінің дер кезінде орындалуын талап ету.

  • Талдаудың барлық түрін меңгерулерін бақылау.

Қазақ тілі курсында фонетика, лексика және грамматика салаларын қарастырады. Фонетика саласында - дыбыс, буын, үндестік заңы т.б. салаларын толық қамтып, лексика саласында – этимология, семасиология, ономасиология, фразеология т.б. мәселелерді қамтиды.Грамматика саласында – морфология жіне ситаксис тақырыптарын қарастырып, талдау жұмыстарын практика жүзінде іске асырылуы тиіс. Практикалық сабақ: Бағдарлама бойынша тіл материалдарын өтудің дәстүрлі тәртібі сақталып, ғылыми, жүйелік принциптерімен берілген. Әр бөлімдегі материалдар іштей екшеленіп, іріктеліп, ыңғайына қарай топтастырылып ұсынылған. Мысалы, фонетика, орфография, орфоэпиямен ұштастырылса, синтаксис тыныс белгілерін дұрыс қолданумен қатар берілген.

Тіл дыбыстарының ішінде айтылуы мен жазылуының ерекшеліктері барларына жеке тьоқталған. Мұның ішінде ә, и, ы, і, ю, я сияқты дыбыс әріптерінің дұрыс қолданылу ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Алфавиттің тәртібін білу – тізім жасау, әртүрлі сөздіктер пайдалануға үйретуі тиіс. Студенттермен осы бағытта сөздіктер пайдаланатындай практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Лексика саласы бойынша студенттің тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және ауыспалы мағыналары, көп мағыналық, омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркестер сияқты тақырыптар алынған.

Грамматиканың морфология бөлімінде әр сөз табының грамматикалық категорияларымен қатар олардың мағынасы, қызметі, тұлғалық ерекшеліктері айтылып, сөзжасам мәселесі әр сөз табы құрамында беріледі.

Синтаксис саласы бойынша сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөз тіркесі, сөз тіркесінің құрылысы мен түрлері, мәселелері және жай сөйлем, құрмалас сөйлем мәселелері жан-жақты қамтылған. Қорыта айтсақ, студенттерді тілдік нормаларды сақтап сауатты жаза білуге, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру болып табылады.


Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Пән бойынша барлық материалдарды толық меңгеру

мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерілген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, алдағы уақытта өтілетін қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгертуге дайындау. Емтихан, бақылау тапсырмалары




Оқу курсының каталогы

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу