Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы — Студенттерді дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- студенттердің өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- студентті ынталандыруға;
- студент пен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- студенттің өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі маман даярлауда болып отыр. Жаңаша оқыту студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – студенттерді «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.
3. Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған, бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады,тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |