Оқу сауаттылығЫ



бет25/203
Дата26.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#105701
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   203
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант

14-НҰСҚА

Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл.

1. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.

A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

B)Мың асауға бір тосу.

C)Ерді ел теңгерер.

D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

E)Туған жердей жер болмас.

2. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.

A)қыздар туралы

B)кітап туралы

C)аспап туралы

D)ән туралы

E)би туралы

Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оған тыныштық бермепті.

Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:

– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:

–                    Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.

Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.

Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

3. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

A)Тату-тәтті өмір

B)Мысық пен тышқан

C)Ұйқышыл мысық

D)Жаңа дос

E)Қулығын асырған тышқан

4. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

A)Ептілігі

B)Шыдамдылығы

C)Тапқырлығы

D)Батылдығы

E)Шапшаңдығы

5. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз

A)Батыл

B)Айлакер

C)Өркөкірек

D)Жалқау


E)Мақтаншақ

6. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

A)Жалғыз қаздың үні шықпас

B)Ежелгі дұшпан ел болмас

C)Досы көпті жау алмайды

D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

E)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.

Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.

Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.

7. Мәтіннің стилі қандай?

A)Ресми іс-қағаздар стилі

B)Ғылыми  стиль

C)Ауызекі сөйлеу стилі

D)Көркем әдебиет стилі

E)Публицистикалық стиль

8. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?

A)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен

B)Түрік қағанатын басқарғандықтан

C)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен

D)Белх билеушісі болғандықтан

E)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан

9. Мәтінге сәйкес орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?

A)Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан

B)Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан

C)Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен

D)Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан

E)Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан

10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?

«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»    

A)Ақылды

B)Саясаткер

C)Білімді

D)Батыр


E)Көріпкел

11. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?

A)Қайтыс болған жерінде

B)Туған жерінде

C)Жорықта жүрген жерінде

D)Таққа отырған жерінде

E)Басып алған жерінде

12. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?

A)Егде шағында соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

B)Аяғы кем болып туылғандықтан

C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен

D)Дұшпандары жек көргендіктен

E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан

Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.  

Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және  құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.

– Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.

Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.

– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.

Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.
13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?

A)2


B)5

C)1


D)3

E)4


14. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?

A)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін

B)Көгершінмен салыстыру үшін

C)Машығын еске түсіру үшін

D)Оларды жарыстыру үшін

E)Сұңқарға көмектесу үшін

15. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?

A)Құстардың ортаға бейімделуі үшін

B)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін

C)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін

D)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін

E)Құстардың бостандықта таралуы үшін

16. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?

A)Ойды сипаттайды

B)Ойды баяндайды

C)Ойды дамытады

D)Ойды қорытындылайды

E)Ойды суреттейді

17. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?

A)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау

B)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу

C)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру

D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу

E)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру

18. Мәтін не туралы?

A)Сұңқарлар өмірі

B)Саятшылық

C)Құстарды қорғау

D)Ителгілердің өмірі

E)Аңшылық

19. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

1.Қаржылық көмек

2.Мемлекеттік қолдау

3.Жоба жетекшісінің көзқарасы

4.Еркіндікке босату

5.Экологиялық жоба

A)2.4.1.3.5.

B)5.4.2.3.1.

C)3.1.5.4.2.

D)5.3.1.2.4.

E)1.4.5.2.3.

20. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A)Жоба қаражат тартуды көздеді

B)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты

C)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар

D)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады

E)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет