Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары. Ағыбай Қоңырбайұлы



бет84/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Манап - қырғыздардың ақсүйек рубасылары.
Ағыбай Қоңырбайұлы (1802-1885) - атақты батыр, әскери қолбасшы, Кенесары Қасымұлының жақын серіктерінің бірі. Арғын тайпасының шұбыртпалы руынан шыққан.
Наурызбай батыр Қасымұлы (1822-1847) - сұлтан, батыр, Кенесары Қасымұлының туған бауыры және ең жақын серігі.
Сыздық сұлтан (1837-1910) - Кенесары ханның ұлы. XIX ғасырдың 2-жартысындағы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткері.
Иман Дулатұлы (1780-1847) - батыр, Ресей отаршылдарына қарсы шыққан көтеріліс қайраткері, Амангелді Имановтың атасы.



1. «Кенесары жас кезінен батылдығымен және ержүректігімен ерекшеленген. Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеуші бола білді. Оның жасағы рухының жоғарылығына еуропалық әскердің қай қолбасшысы да қызғана қарайтындай еді. Шабуылдары кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы сияқты. Алдында қандай кедергі болса да өршелене түсетін, ойлаған мақсатына жету жолында кездескеи барлық тосқауылдарды топан судай жайпап түспейінше тоқтамайтын, қиындық күшейген сайын екпіні де артатын. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін көшпелілер жоғары санайтын және оның серіктеріяің жүректері өз қолбасшыларына шексіз, жанқиярлық сеніммен соғатын».
Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. - Алматы, 1993, 304-бет.


2. «... Кенесары бүкіл ауыл-аймағымен Іле өзенін бойлап, Қытайдың ішкі жағына қарай беттеді. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдайменді Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сойдаққожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкіметіне жіберіп, оның жерінде көшіп-қонып жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жіберген елшілері бір айдан кейін екі қытай шенеунігімен және бір тілмашпен бірге қайтып келді. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала алмайтынын айтты, оның келген жағына қайта барып, ақ патшадан кешірім сұрауына кеңес берді. Қытай үкіметі ақ патшаның алдында сөзімен де, ісімен де кінәлі болғысы келмейтінін мәлімдеді...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет