Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


& 24-25. Қазақтың Ортаазиялық хандықтар мен Патша үкіметіне қарсы көтерілістері



бет90/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
& 24-25. Қазақтың Ортаазиялық хандықтар мен Патша үкіметіне қарсы көтерілістері


Ресей әскерлерінің Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аумақтары арқылы ілгері жылжи түсуі, Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан үнемі шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлерді тартып алуы, жергілікті қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болды. Көтерілістерді халықтың ерекше құрметіне бөленген батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы басқарды.
1. Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы күреске шығу себептері. Арал теңізі маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердің бірі Қоқан хандығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті, 1814 жылы Түркістанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың Ақмешіт бекінісі Сырдарияның оң жағалауына көшірілді. Ақмешіт бірте-бірте сауда керуен жолдары үстіндегі аса ірі әскери бекіністердің біріне айнал- ды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан Троицк, Атбасарға, Батыс Сібір қалаларына өтетін көпестердің керуендерін бақылап отырды.
Қоқандықтар Ақмешіт пен басқа да бекіністер аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтардан жиналатын алым-салық түрлерін ауырлатып жіберді. Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретінде Қоқан үкіметіне 6 қой, 4 арба сексеуіл, 1000 бау қамыс төлеп тұруға тиіс болды. Мұның өзі жергілікті тұрғындардың материалдық жағдайын нашарлата түсті. Бұл мәселені қоқандықтармен бейбіт жолмен келісім жасасу арқылы шешу әрекеттерінің сәті түспеді.
Қоқандықтардың қазақ даласына зұлымдықпен шабуылын тоқтату мақсатымен атақты хан Кенесары Қасымұлы Қоқан хандығының аумағына бірнеше рет жорық жасады.
Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерін Хиуа хандығы да жасады. Шекара шебіне таяу тұратын қазақтардан зекет, ұшыр және басқа да алым-салық түрлерін жинап алу үшін Хиуа хандығы оларға мезгіл-мезгіл әскери жасақтар жіберіп отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда жазалаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырып-жойып, тонады. Қазақтардың әйелдері мен балаларын күң жөне құл ету үшін айдап әкетті.
Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтардың бір бөлігі Қарақұм мен Ырғыз өзені жаққа көшуге мәжбүр болды. Хиуалықтар мен қоқандықтардың езгісіне төзгісі келмеген Сыр бойының қазақтары өздерінің бостандығы үшін күреске шықты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейінірек Ресейдің әскери күштерінің орналаса бастауына қарсы ұлт-азаттық күресін халық арасынан шыққан белгілі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет