Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағында соғыс қимылдарын одан әрі жалғастыруы



бет88/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағында соғыс қимылдарын одан әрі жалғастыруы. XIX ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысынан бастап орыс әскерлерінің соғыс қимылдары толығымен Орта Азия мемлекеттерінің - Хиуа, Қоқан және Бұхар хандықтарының аумағына ауысты. Қатарынан бірнеше рет есеңгірей соққы алып, жеңіліске ұшырағаннан кейін Қоқан хандығы іс жүзінде жойылып, өмір сүруден қалды. 1866 жылдың көктемінде орыс әскерлері Бұхар әмірлігі аумағының едәуір бөлігін басып алды. Ол аумақтар Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енгізілді. Бұхар әмірлігінің солтүстік жағында тұратын қазақтар өзбектермен бірге Ресей мемлекетінің бодандығын қабылдады. 1873 жылы Ресей әскери экспедициялық корпусы Хиуа хандығының астанасын да басып алды.

  • Ресей империясының Қазақстанды отар етіп басып алуының салдарлары. 1865 жылы Ресей әскери министрінің бұйрығымен Түркістан аймағы құрылды. Ол Орынбор генерал-губернаторына бағындырылды. 1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы жарлық шықты.

    Патша үкіметі әскерлерінің Ұлы жүздің аумағында жүргізген соғыс қимылдары Қазақстанның Ресей империясына толық қосылып бітуімен аяқталды. Ресейдің әскери іс-қимылдарының барысында қазақтар Орта Азия хандықтарының езгісінен азат етілді. Сонымен қатар патша үкіметінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағына экспансиясы басталды. Сөйтіп бір езгі екінші езгімен алмастырылды. Мұның өзі қазақтардың кезекті қарулы көтерілістерге шығуына себеп болды.
    Аумағы орасан зор елді басқару үшін патша үкіметі Қазақстанға жаңадан қосымша әскери күштер жіберуге мәжбүр болды. Алым-салықтар мөлшері арттырылды, еріксіз жұмыстың алуан түрлері енгізілді. Ондай отаршылдық езгіге наразы болған қазақ руларының бір бөлігі көрші уездер мен мемлекеттердің аумағына көшіп кетті.
    Патша үкіметінің соғыс қимылдары салдарынан көптеген қалалар қирады, әлемдік деңгейдегі мәдени ескерткіштерге айтарлықтай зақым келтірілді. Мәселен, Ресей әскерлері Түркістан қаласына жасаған шабуыл кезінде қала қатты қирады, жойқын өрт шықты. Патша үкіметінің әскерлері онымен де қоймай, бүкіл мұсылман қауымының қасиетті жәдігері Қожа Ахмет Иасауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Кесенеге атылған 12 снаряд кесененің қабырғасын қиратты. Генерал өзінің тағылық іс-әрекетімен Ресейдің қол астына жаңадан қараған халықтың арасында үрей туғызуды, сөйтіп оларға орыс қаруының күшіне «құрмет» білдіруді үйретпек болды. Егер Шейх-эль Ислам өз басын өлімге тігіп, кесененің үстінде желбіреп тұрған ақ туды лақтырып тастамағанда ғимараттың түгел қирап қалуы әбден мүмкін еді. Ресей солдаттарының шектен шыққан айуандығы Шымкент, Әулиеата және Сайрам қалаларын басып алу кезінде орын алды. Шоқан Уәлихановтың және бірқатар прогресшіл орыс офицерлерінің генерал Черняевтен бөлініп кетуінің бір себебі, міне, осы жағдайдан еді.
    Түркістан мен Шымкент басып алынғаннан кейін Орынбор және Сібір шептері бір-бірімен жалғасты. Қазақстанды Ресей империясының құрамына қосып алудың ұзаққа созылған күрделі әскери-отаршылдық үрдісі осылай аяқталды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарын әскер күшімен қосып алу патша үкіметінің бұдан былайғы соғыс қимылдарын Орта Азия мемлекеттерінің аумағында одан әрі жалғастыра түсуіне кең жол ашты.
    Оңтүстік өңірді жаулап алумен қазақтың дәстүрлі сотының жүйесіне өзгерістер енгізілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында халық соты діни қайраткерлердің, яғни қазылардың ықпалында болатын. Қазыларды сайлау, ең алдымен, оның шариғатты (мұсылмандық құқықты) қаншалықты білу дәрежесіне байланысты еді. Дінбасыларының өлке халқына ықпалын шектеу үшін патша үкіметі қазыларды сайлап қою тәртібін енгізді. Өлкенің Ресей империясының құрамына өтуі алым-салықты күшейтіп жіберді. Бүкіл жиналған алым-салық былайша бөлінді: үштен бірі азаматтық өкімет билігін ұстауға, ал үштен екі бөлігі таза әскери мақсаттарға жұмсалды.
    Түркістан өлкесінің басшысы генерал Г. А. Колпаковский Қазақстанға Ресейден казактар мен шаруаларды көшіріп әкеліп, орналастыруды алғашқылардьщ бірі болып жүзеге асыра бастады. Славян халқының санын көбейтудің қажеттігі жаулап алынған өлкені қолдан шығармай ұстап қалу мақсатынан туындады. 1867 жылы Жетісу казактарының әскерлері құрылды. Жетісу өлкесіне қоныс аударған әрбір ер адамға 30 десятинадан жер телімі берілді. Олар 15 жылға әскери қызмет атқару міндетінен босатылды. Сондай-ақ олардың әрқайсысы 100 сом мөлшерінде ақшалай қарыз алып отырды. Сонымен, XIX ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі толық аяқталды және бұл өлке Ресейдің отарлық шет аймағына айналып шыға келді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   251




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет