Білу және түсіну: 1. Вирустардың құрылысын сипаттаңдар.
2. Вирустардың тіршілік әрекетіне қысқаша сиаттама беріңдер. Неліктен
оларды жасушаішілік паразит деп атайды?
Қолдану: 1. Бактериялық аурулардың алдын алу шараларын жүйелеңдер.
2. Вирустар мен бактерияларды мынадай пунктер бойынша салыстырыңдар:
а) құрылысының ерекшеліктері; ә) биосферадағы рөлі; б) адам үшін
маңызы; в) тіршілік әрекетінің ерешелігі.
Талдау: 1. Вирустық аурулардың жұғу және таралу жолдарын талдаңдар.
2. «Таза су – денсаулық кепілі» деген түсінікті талқылаңдар. Бұл түсінік
пен табиғатта вирустар мен бактериялардың болуы деген түсініктің
арасында қандай байланыс бар?
Синтез: 1. Оқулықтағы материалды басқа ақпарат көздерімен салыстырыңдар.
Вирустар мен бактериялар туралы кесте құрастырыңдар.
Бағалау: 1. Вирустарда паразиттер пайда болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды
негіздеңдер және сыныптастарыңмен талқылаңдар.
238
2. Вирустар туралы алған білімдеріңді қорытындылап, сұрақтарға жауап
беріңдер. Вирустардың пайдасы бар ма?