Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Инеліктің дернәсілдері суда, ал ересектері ауада қоректенеді



Pdf көрінісі
бет16/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК
00011428-43e012cf, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
 Инеліктің дернәсілдері суда, ал ересектері ауада қоректенеді


13
ХХ  ғасырдағы  омыртқалы  жануарлар  зоологиясы  саласындағы  ең  ірі 
жаңалықтардың бірі – Қазақстан Республикасы аумағындағы жаңа түрдің 
ашылуы. 1938 жылы қазақстандық ғалым В.А. Селевин Қазақстан үшін эн-
демик түр 
жалманды
 (Selevinia betpakdalensis) таныстырды.
4-сурет. 
Жағадағы батпақтағы қоректік тор: I – өсімдіктер
 
II – өсімдікқоректілер; III – жыртқыштар
IV – 3-қатардағы консументтер
 
5-сурет.
 Жалман


14
ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ
Жансыз табиғат
Тірі табиғат
КЛИМАТ
ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ
ТОПЫРАҚ
СУ МЕН АУАНЫҢ ҚҰРАМЫ
ЫЛҒАЛДЫҢ МӨЛШЕРІ
ӨСІМДІК
ЖАНУАРЛАР
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
ҚЫНАЛАР
МИКРОАҒЗАЛАР
 
 
 
 
Жалман  –  өте  сирек  кездесетін  үй  тышқанына  ұқсас  кішкентай 
ғана  аң.  Бізге  жеткен  ең  ежелгі  реликтілік  түр.  Оңтүстік-шығыс 
Қазақстанның жергілікті түрі (эндемигі).  
3-сызба
Биоалуантүрлілік
. Белгілі бір аумақта ағзалардың неғұрлым көп 
алуан түрлері кездессе, олардың бірлестігі соғұрлым тұрақты, бай және 
осы экологиялық жүйе өнімді болады. 
Экожүйе
 – ұзақ уақыт бойы қатар тіршілік етіп, бір-біріне өзара әсер 
ететін алуан түрлі ағзалардың және жансыз табиғат факторларының 
тұрақты  жиынтығы.  Экожүйе  екі  негізгі  компоненттен  тұрады: 
тірі  табиғат  (жануарлар,  өсімдіктер,  саңырауқұлақтар,  қыналар, 
микроағзалар) және жансыз табиғат (климат, ылғалдылық, топырақ, 
су мен ауаның құрамы) (3-сызба). 
Өсімдікқоректілер, жыртқыш жануарлар, паразиттер, сапрофит
-
тер, қорект³к т³збек, қорект³к тор, экожүйе.
 
Білу және түсіну:
1.  «Өсімдікқоректілер»,  «жыртқыштар»,  «өлексежегіштер»  деген  түсі-
ніктерге анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер.
2.  Қоректік тізбек дегеніміз не?
3.  «Биоалуантүрлілік» деген түсінікке анықтама беріңдер.
Қолдану:
1.  Бәсекелестіктің туындау себептерін атаңдар.
2.  Неліктен  табиғатта  жеке  қоректік  тізбектер  емес,  қоректік  торлар 
түзілетінін түсіндіріңдер. 
3.  Өсімдіктердің маңызы туралы айтып беріңдер.


15
Талдау:
1.  Оқулық  мәтінін  пайдаланып,  жануарларды  қоректену  типі  бойынша 
талдаңдар.
2.  Сендер  тұратын  жерге  тән  қоректік  тізбектер  мен  қоректік  торларды 
сызба түрінде бейнелеңдер.  
Синтез:
1.  Қосымша  материалдарға  сүйеніп,  жоғары  құрылымды  омыртқасыз 
жануарлардың кез келген тобының өкілдерінің (аралар, құмырсқалар 
немесе термиттер) өзара әсері туралы эссе жазыңдар.   
2.  Сендердің  пікірлерің  бойынша,  қандай  табиғи  бірлестіктер  қорғауды 
қажет етеді?  
Пікірталас:
1.  Қайсы экожүйеге кері әсер еткенде тіршілігін жалғастырады? Джунгли 
ма немесе тундра ма? 
2.  Экожүйеде өсімдік маңызды ма, әлде өсімдік пе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет