Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Каталитикалық крекинг. Термокаталитикалық



Pdf көрінісі
бет115/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   150
Байланысты:
munai

10.2. Каталитикалық крекинг. Термокаталитикалық 
процестердің химизмі
Мұнай өңдеуде қолданылатын термокаталитикалық процестердің 
негізгі түріне каталитикалық крекингті жатқызады.


239
Каталитикалық крекинг екіншілік процестердің арасында ерекше 
орынға ие. Бұл процестің жалпы үрдісі мен дамуы, өңдеуге ауыр 
мұнай дистилляттарының жəне қалдықтарының енгізілуі арқылы 
процестің шикізаты қорының кеңейтілуімен түсіндріледі.
Каталитикалық крекинг процесінің ең басты мақсаты – жоғары 
октанды жанармайдың көп мөлшерін алу болып табылады. Сонымен 
қатар, соңғы бірнеше жылда негізгі мақсаты мұнай өңдеуге жəне 
мұнай химиясы (каталитикалық пиролиз) үшін құнды шикізат – 
олефинмен байытылған газды алу болып табылатын каталитикалық 
крекингтің басқа бағыты қарқынды дамып келеді.
Термокаталитикалық процестерде термиялық процестердегі тəріз-
ді энергия жылу ретінде жеткізіледі. Алайда, егер екі процестерде де 
көмірсутектердің термиялық тұрақтылығын қарама-қарсы қоятын 
болса, термокаталитикалық процестерде олефиндер парафиндерге қа-
рағанда тез шығындалады, ал ароматты қосылыстардың термиялық 
тұрақтылығы бірдей болады. Бұндай реттілік термокаталитикалық 
процестердің катализаторларының бетіндегі олардың таңдамалы 
адсорбциясына байланысты болады, ал термиялық деструкция про-
цестеріндегі молекулалардың ыдырауы көмірсутек молекуласындағы 
байланыстың беріктігімен сипатталады.
Көмірсутектердің катализатор бетінде адсорбциялану қабілеті 
катализатордың табиғатына байланысты болады. Қанықпаған жəне 
ароматты көмірсутектер қышқылдық қасиеті бар катализаторлардың 
бетінде жеңілірек адсорбцияланады, себебі олар электронды до-
норлардың немесе акцепторлардың əсерінен жеңіл ығысатын 
электронды А-бұлтына ие болады жəне полярсыз заттарға қарағанда 
молекулалардың адсорбциясы мен олардың катализатормен бай-
ланысының беріктігін қамтамасыз етеді.
Құрылысында қос байланысы бар алкендер парафиндерге қараған-
да, катализатормен жеңіл əсерлесуге түседі. Бұл салдардан қанықпа-
ған көмірсутектердің алғашқы болып қолданылатындығы айқындала-
ды. Ароматты көмрсутектердің электронды А-бұлты молекула бойы 
тепе-тең таралған. Ароматты қосылыстыр полярсыз немесе əлсіз 
полярлы заттар болып табылады, сақинада орынбасушылардың болуы 
тығыздықтың ығысуын тудырады жəне молекуланың полярлылығын 
арттырады. Сондықтан бүйір тізбектер саны немесе бүйір тізбектегі 


240
көміртек атомының саны көп ароматты көмірсутектер бензолға 
қарағанда, катализатордың бетіне жеңіл адсорбцияланады. 
Сонымен тұрақтылығы бойынша термокаталитикалық про-
цестерде көмірсутектердің негізгі топтарын келесі қатар бойынша 
орналастыруға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет