Оқулық Алматы, 013 Əож 528 (075. 8) Кбж 26. 12 я73 и 59


-сурет . Таспалы фундаментті қадалау тəсімі 249



Pdf көрінісі
бет117/153
Дата26.09.2022
өлшемі2,19 Mb.
#150820
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153
Байланысты:
tuiakbaev-injenerlik-geodezia

138-сурет
. Таспалы фундаментті қадалау тəсімі


249
Қалып жазықтығының тік жағдайынан немесе жобалық көл-
беу лігінен ауытқуы, 1 метр биіктікке 5 
мм
, бірақ барлық құрылым 
биіктігіне 20 
мм
аспауы керек.
Кірпіштен қаланылатын қабырғалар астына фундамент са лу-
дағы оның жоғары жағының жобалық биіктіктен ауытқуын, қалау 
кезіндегі жіктерін лай-қоспамен қалыңдату немесе жұқа салу 
арқылы реттеуге болады.
Бағаналар астына темірбетонды фундаментті салу (қа-
далау)
. Бағаналар астына салатын темірбетонды фундаменттің 
үш түрі бар: монолитті бағаналар астына монолитті фундамент; 
құрама бағаналар астына монолитті фундамент жəне құрама 
колонналар астына құрама фундаменттер. 
Биіктігі 35 
см
артық фундаменттерді сатылап (тепкішек іспет-
тес) салады, мұнда монолитті фундамент сатыларының үсті 
жазық, ал құрама фундаменттердікі көлбеу.
Монолитті бетоннан фундаментті қалып арқылы салады
қалып бірінің үстіне бірі қойылатын жеке-жеке тақтайдан жасал-
ған қалқан-қорап (139-сурет). Қалқан-қорапты пландық орнына 
құрылыс осьтерін бекіткен нүктеден түсірілген тіктеуіш арқылы 
тұрғызады. Соңғы рет тексеріп, дұрыстығына көз жеткізгеннен 
соң, қорапты мықтап бекітеді. Қораптың қабырғасына жобалық 
биіктік шамасын шығарып қояды. 
139-сурет
. Бағананы орнатуға арналған қалып
1 – сым-темір; 2 – рейка
Бағана астындағы фундаментті жобалық биіктігіне біршама 
жеткізбей құяды, себебі жобалық биіктігі тура болуы үшін, бетон-
лайды бақылай отырып құяды да, тура биіктік шамасына келтіреді. 
Егер фундамент көп төмен құйылса, онда бағананың табан 
астына, сондай қалыңдықты темір пластинка қойылуы мүмкін. 


250
Монолитті фундамент үстіне бағананы қою үшін, фундамент 
үстіне ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерін белгілейді 
немесе алдын ала қойылған құрсау шегеге, пластинкаға сызып 
көрсетеді (салады).
Егер фундамент үстінде башмакты 
металл бағана орнатылып, анкерлі болт-
тармен бекітілетін болса, онда болттарды 
алдын ала бетонға бекітіп, тексеріп, 
бетон-қоспа кепкенше күтеді.
Анкерлік болттардың 
АА
1
жəне 
ВВ
1
қадалау осьтеріне қарағандағы орна-
ласулары кондуктор деп аталатын анкер-
лік болттар кіретін 1, 2, 3 жəне 4 тесігі 
бар, қатты металдан жасалған жабдық 
арқылы іске асады (140-сурет). Анкерлік 
болттың жоғарғы жағында резбасы бар, оған гайка бұралуы керек, 
ал жобалық жағдайы сол гайка арқылы нивелирдің көмегімен 
реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет