106
Рейкаларды тексеру (компараторда тексеру немесе компарир-
леу).
Жұмыс алдында рейка бөліктерінің дұрыстығын тексереді.
Тексеруді бөліктері 1
мм
тексергіш метрмен (кəдімгі сызғышпен)
атқарады. Рейканы əртүрлі интервалда (аралықта), əр метрлік
бөліктерін əуелі тура, сонан кейін кері бағытта өлшеп тексереді.
Интервал ұзындығы екі есеп айырмасы ретінде анықталады. Шеткі
табанына жақын жерлерін, алдымен жіңішке сызықтар жүргізіп
белгілейді. Тура жəне кері бағытта өлшеу кезіндегі ауа қызуы
өлшеніп, журналға жазылады. Метрлік бөліктерін тексергеннен
кейін, дециметрлік бөліктерін тексеруге кіріседі. Техникалық ни-
велирлеу үшін, рейка бөліктерінің қатесі 1
мм
аспауы керек.
Рейканы жоғарыда келтірілген тексеруден басқа, қара жəне
қызыл жақтарының айырмасын тексеру атқарылады. Ол үшін 20
– 30
м
жерге, төбесі тегіс қырқылған қазықша қағып, оның үстіне
рейканы тік орнатып (деңгей арқылы) қара жəне қызыл жағынан
есеп алады да, есеп айырмалары арқылы рейканың нөлдік
биіктігін анықтайды. Мұндай тексеру бірнеше рет, аспаптың
əртүрлі биіктігінде қайталанады. Тексерудің орташа нəтижесі
рейканың нөлдік биіктігі ретінде қабылданады.
Нивелирлеу кезінде рейканың жерге кіріп кетпеуін қадағалап
отырады. Ол үшін рейканы жерге емес, төбесі тегіс қырқылған
ағаш қазықшаны жермен бірдей етіп қағып, соның үстіне
ұстайды. Ағаш қазықшаның орынына металл қазықшалар (арма-
тура кесінділері) немесе нивелирлеуге арнаулы дайындалған баш-
мактар, т.с.с. заттар қолданылады (56 в, г-суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: