Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Арктикалық жəне тундралық зоналардың топырақтары



бет131/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4

Арктикалық жəне тундралық зоналардың топырақтары


Əр табиғи аймақтың басты топырақ типі болады. Топырақ типтеріне танысудың екі жолы бар: бірінші топырақ құрал жағдайларына сəйкес таратылу арқылы. «Топырақ география- сы» курсіне соңғы жол белгілі болғандықтан, топырақтарды шолу ТМД-да тараған ланшафтарға сəйкес беріледі. Ландшафт деп Полы-


нов «Белгілі бір жыныстар немесе шөгінділерде құралған топырақ жəне өсімдік жамылғысы, сол жердің релеф элементтерін, терри- тория біріншілігін» айтады. Бұл түсінік «биогеоценозға», жақын, солтүстік жарты шарды Солтүстік мұзды Мұхит аралдары мен Евразия материгінің солтүстік бөлігінде, Арктика жіне соған таяу белдеуде орналасқан өзгеше ормансыз ландшафтарды қамтиды. Олардың алабы əлемде 4, ал ТМД-да 8 %-ға тең. Бұл территория- да арктикалық жəне тундралық ландшафтар ажыратылады, бұлар салыстырмалы жасы бар жарандылар, құралуы мен қалыптасуы төрттік дəуірдің материктік ұлы тегі бар мұзарттардың дамуына бай- ланысты. Арктика топырақтары ТМД территориясында Солтүстік мұзды Мұхитының Франц-Иосиф, Жаңа солтүстік жерлер мен Жаңа Сібір аралдарында жəне Таймырда тараған. Арктика климаты өте қатал: орташа жылдық t0=10-140C. Жаздағы тəуліктік t0=50C-тан аспайды. Орташа жылдық жауын-шашын түсімі 50-100 мм. Жылы мезгіл 50 күн-ақ. Рельефі тұрғысынан мұзарттық мұжымды жəне аккумулятивті бедер түрлері басым; кіші бедерге көбінесе, крио- мұзтекті – теріс температурада таулық жыныстардың өзгеруіне байланысты тасты-сақиналы, тасты-көпбұрышты түрлері жатады. Біркелкі құмайт-құмбалшықты шөгінділерде полигондар жаралады да, олар 4-5 жəне 6-бұрышты бедерлік түрлер құрайды. Арктикалық құрлықтың көп бөлігіндегі іргелі жыныстар бетін төрттік дəуірдің борпыл салындылары жапқан. Олар топырақ құраушы жыныстар- ды құрайды, тектік жағынан мұздық, мұзсулық жəне теңіздік жеңіл салындыларға жатады.
Арктикалық жəне арктика-тундралық топырақтардың морфоло- гиясы мен құралуы тіпті, ерекше. Топырақ кескінінің қалыңдығы мерзімді тоң жібитін қабатпен анықталады, ол орташа 40 см-ге тең. Ойпаң жерлердің мүк жамылғысы астындағы топырақтың бетінде сəл дамыған (1-3 см) торфтау қабатшасы болады, оның астындағы қабатта қарашірінді 3-5%-дан аспайды; гумус құрамында фульвақышқылдар басым, оған қоса сəл күрделі өзекті жеңіл еритін гумин қышқылдары бар. Ол – белсенді микробиологиялық (балдыр- лар, бактериялар) əрекеттің нəтижесі. Жазда қар мен тоң ерігенде топырақ мол ылғал тартады. Бірақ тəулік бойы күннің сəулелік қуаты мен күшті жел əсерінен топырақ тез кеуіп кетеді-де, полигон бетін жүйелі (көпбұрышты) жарықтар басады. Ылғал құбылымы мен биогеохимиялық процестер нəтижесінде арктикалық топырақтар
ортасы сəл қышқыл немесе сəл сілтілік келеді. Топырақтың жұту кешені негіздерге (Са басым) қанған, теңіз жағасындағы аудан- дар топырағында Mg мен Na мөлшерлері артады. Қысқы мерзімде топырақтың құрғауына жəне оның бетіне криотекті (тоңдық) тұздар көтерілуіне байланысты, кейбір жерлер сортаң тартады, ал төмендеу-өзен терасаларында тіпті теңіздік сорлар түзіледі. Шпиц- берген топырағының торфты қабатында ауыр металдар мен строн- ций шоғырланған.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет